«Жүрекпен әңгіме»: Отбасы мен бала тәрбиесі қағидалары | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

«Жүрекпен әңгіме»: Отбасы мен бала тәрбиесі қағидалары

4702
4 минуты
«Жүрекпен әңгіме»: Отбасы мен бала тәрбиесі қағидалары

Алматы қаласындағы Қазақстан халықтары саябағында православиялық мереке Мироносиц әйелдер күніне байланысты «Жүрекпен әңгіме» шарасы өтті. Бұл жолы жиналған жұрт священник Георгий Рублинский мен психолог Виктория Левинамен әңгімелесті.

Кездесудің тақырыбы «Отбасы және бала тәрбиесі». Шара барысында қаталдық пен баланы еркін тәрбиелеу, қиындықтарды бірге жеңу, жасөспірім баламен ашық, дұрыс қатынас құру, өмірлік құндылықтар мен ұстанымдарды балаға беру секілді мәселелер көтерілді.


Георгий Рублинский

Спикер Казан соборының ключары, иерей Георгий Рублинский - көп балалы әке. Оны шіркеуге келетін балалар да жақсы көреді.

Әңгіме-дүкенге балалар атсалысып, спикерлерге сұрақтарын қарша боратты. Маңызды сұрақтарға тұщымды жауап алды.

Вознесендік собордың психологы Виктория Левинаның баламен жұмыста тәжірибесі мол.

Шараны бастап сөз сөйлеген иерей Георгий Рублинский алдымен әйелдер қауымын православия мерекесімен құттықтады. Қазіргі заманда әйелдердің қоғамдағы орны жоғары екенін баса айтты ол.

 Георгий Сосновский
Георгий Сосновский

«Апостол» қорының президенті Георгий Сосновский жексенбілік қызметтен кейін маңызды сұрақтарды талқылау үшін шай ішу дәстүрі ежелден бар екенін айтты. «Жүрекпен әңгіме» кездесуі осы бір ескі дәстүрді қайта жандандырды.

-Қазақстанның 30-35% тұрғыны христиандар деген санақ бар. Неге деп сұрасаңыздар, «крест тағамын, Пасхада жұмыртқа бояймын, Крещение кезінде суға түсемін» деген жауап естисіз. Ал шіркеуге берілген жандар жақсы біледі, діни сенім – үздіксіз еңбек, қызмет. Бұл жерде ешкімді талқыға салуға болмайды, өйткені, адамдардың рухани әлемі ішінде. Сондықтан да біз осы жерге жиналып, сұрақтарымызға жауап аламыз.

Георгий Рублинский өзінің балалық шағы туралы айтты.

-Толық отбасында өстім. Махаббат лебі есіп тұратын. Анасы мен әкесінің бір-біріне мейірімді болғаны, баланың көзінше бір-бірімен ұрыспағаны, татулық болғаны маңызды. Менің отбасым тату болды. Мен өзге елде, өзге ортада өстім. Үйдің сыртында біз антихристиандық, антиадамзаттық тәрбие алдық. Отбасында болып жатқан жағдайлардың бәрі қалыпты екенін түсіндім. Педагогтер, жаттықтырушылар тәрбие жұмысын атқармайды. Алайда балалық шағым үшін Құдайға, ата-анама рақмет айтамын.


Виктория Левина

Виктория Левина:

-Мен де дінге қарсы отбасында өстім, жиырма алты жасымда ғана крещение рәсімінен өттім. Қазіргі таңда басқа жандар сияқты Христке деген махаббатымды айтқым келеді, қазір литургияға барып, христиандықтың заңдарымен өмір сүруге болатын уақыт. Егер ата-ана баланың бойына 6-7 жасқа дейін христиандық махаббат, мейірім дәнін ексе, кейін жемісін көреді деп ойлаймын.

Ата-ана баланың шіркеуге деген қызығушылығын қалай арттыра алады деген сұраққа спикерлер толық жауап берді.

Виктория Левина:

-Шабыт беретін материал тауып алыңыз. Өзіңіз қызыға отырып қызықтыра біліңіз. Өзіңіз қызықтыра отырып әңгіме айта алмаңыз, балалар бұл махаббатты сезеді.

Георгий Рублинский:

- Біз Құдайдан не күтетінімізді, шіркеу бізге не үшін керектігін түсінуіміз керек. Баланы еркінен тыс шіркеуге жетелеуге қарсымын. Баланы қызықтыра отырып әкелу керек. Алайда өзіміз қызықты әңгіме айта алуымыз үшін алдымен толық мәндегі христиан болуымыз керек.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...