Қазақстандықтарды демалыста -27 градустық аяз күтеді | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстандықтарды демалыста -27 градустық аяз күтеді

5
1 минута
Қазақстандықтарды демалыста -27 градустық аяз күтеді
Синоптиктер 14-16 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Кәсіби жаңалықтар агенттігі. 

Ауа райы күрт өзгеріп, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын Солтүстік және Оңтүстік циклондар айқындайтын болады. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болуы болжанады.

"16 желтоқсан қар, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қардың жаууы күтіледі. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, боран күтіледі", – делінген "Қазгидромет" таратқан ақпаратта. 

Еліміздің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Сурет: ашық дереккөзден 
  • Комментарии
Загрузка комментариев...