Театрдың жас әртістері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетті | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Театрдың жас әртістері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетті

109
3 минуты
Театрдың жас әртістері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетті

Наталья Сац атындағы театрдың Sats ComUnity балалар театр студиясының жас актерлері «Солнышко» балалар үйінде спектакль қойып, тәрбиеленушілерге ерекше сыйлықтар тарту етті.

Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер Орыс театры жанындағы студия оқушылары «Солнышко» балалар үйіне ерекше миссиямен барды. Олар тәрбиеленушілерге театр шебері Ирина Арнаутованың қойылымындағы «Маленький Мук» спектаклін ұсынды.

Фото 1.jpg

Студия бұл спектакльмен Халықаралық конкурстарға қатысып, көптеген марапаттарға ие болған. Вильгельм Гауфтың аттас ертегісіне негізделген қойылым ата-анасынан айырылған жас жігіттің бақыт табу үшін қауіпті сапарға аттанғаны жайлы баяндайды. Ертегі нағыз күш пен бақыт мейірімділікте, өз-өзіне адалдықта және қиындықтарды жеңуде екендігін үйретеді.

«Солнышко» тәрбиеленушілері үшін спектакль нағыз мереке болды. Сондай-ақ Алматыдағы Россотрудничество өкілдігінің атынан балаларға орыс классиктері мен қазіргі заман авторларының кітаптар жинағы тарту етілді.

Қазіргі уақытта «Солнышко» балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 40-қа жуық бала тұрады. Бұл балалардың тағдыры сынақтарға толы.

Балалар үйі «Радонеж» қайырымдылық қорының негізінде құрылып, ерікті қайырымдылыққа сүйеніп жұмыс істейді. Тәрбиеленушілердің өмірі қайырымды және жанашыр адамдардың көмегімен, сонымен қатар оларды қолдаушы меценаттар мен еріктілердің қолдауымен жалғасуда.

«Радонеж» әлеуметтік қорғау бойынша православиелік орталық болып табылады. Қасиетті Сергий Радонежский атындағы қайырымдылық үйі 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Ол жетім балаларға арналған балалар үйі мен қарттар үйін қамтиды. 2014 жылы мекеме қайта ұйымдастырылған, сол себепті биыл ол ерекше мерейтойын атап өтті.

Фото 3.jpg

Sats ComUnity театр студиясы да қыркүйек айында өздерінің алғашқы мерейтойын – бес жылдығын атап өтті. Студияда танымал шеберлердің жетекшілігімен әртүрлі жастағы екі топ жұмыс істейді. Олар өз қойылымдарын театрдың тарихи сахнасында қойып, үлкен театрлық отбасының бір бөлігіне айналды.

Мемлекеттік академиялық театр үшін мұндай кездесулер игі дәстүрге айналды. Олар балаларға өнер мен әдебиет әлемін тануға мүмкіндік сыйлайды.

Мейірімділік пен қолдау – кез келген мерекенің басты құрамдас бөлігі. Мұндай кездесулер қатысушыларға керемет әсер қалдырады, бір-біріне қамқорлық жасаудың, мұқтаж жандарға махаббат сыйлау мен қолдаудың маңыздылығын еске салады.

Сурет: Россотрудничество

  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также