Дүйсенбі, 30 қыркүйекте United Charity Projects Evolution (UCPEvo) қайырымдылық қоры «Солнышко» балалар орталығының тәрбиеленушілері үшін Қазақстан халықтарының ертегілері саябағында мереке ұйымдастырды. Іс-шара Әулие Вера, Надежда, Любовь және аналары Софияны еске алу күніне арналды.
Ұйымдастырушылар балаларға бірнеше кезеңнен тұратын арнайы эстафета дайындады. Әр кезеңде балаларға тапқырлық, физикалық ептілік пен топта жұмыс істей білу қажет болды. Эстафетада сенім, өзара көмек және бірліктің маңыздылығы көрініс тапты.
Балалар арасында бес жасар бүлдіршіндер де, 16 жастағы жасөспірімдер де болды. Орталық тәрбиеленушілері «бразилиялық» жаттығу жасап, үлкен крестиктер-нөлдер мен боулинг ойнаудан ләззат алды. Балалар шарларға дартс лақтырып, мергендіктерін сынады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойыны асық атудан сайысқа түсті.
Бағдарламаның басты көрінісі арқан саябағы болды. Балалар экстремалды жолды қуана-қуана өтті, кейбіреулері тіпті, екі рет өтуге ұмтылды. Кешен арқан көпірлерді, аспалы сатыларды және басқа да күрделі құрылымдарды қамтыды.
«Әулие Вера, Надежда, Любовь және аналары Софияны еске алу күнінде «Апостол» қоғамдық қоры дәстүрлі және жыл сайынғы іс-шараны «Солнышко» балалар орталығының тәрбиеленушілері үшін өткізеді. Биыл балалар мен мұғалімдер Қазан соборы жанындағы Қазақстан халықтарының ертегілері саябағына шақырдық. Балалар саябағымызда уақыттарын үлкен қуанышпен өткізді, және бұл, әрине, тәрбиеленушілермен болған жалғыз кездесу емес: алда Жаңа жыл бар», – деді UCPEvo қайырымдылық қорының іс-шаралар менеджері Елена Гакель.
Мереке туралы өз әсерлерімен «Солнышко» балалар орталығының тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Наталья Забровская бөлісті:
«Қор «Солнышко» балалар үйіне өзінің құрылған кезінен бастап қамқорлық көрсетеді. Қордың біздің мекемеге көмектесуге ұмтылатын басқа ұйымдардан ерекшелігі бар. Біздің қормен өзара әрекетімізде жүйелілік бар – әр жылдың соңында қыркүйекте және Балаларды қорғау күніне балаларға мереке ұйымдастырылады.
Біздің тәрбиеленушілер үшін дәстүрлердің орнауы өте маңызды – бұл оларға сенімділік пен тыныштық атмосферасын қалыптастырады. Олар мұны әрдайым түсіне бермейді, бірақ олармен сөйлескенде: «Өткен жылы сіздермен мынадай мерекеге бардық» деп еске салғанда, олар осы циклді есінде сақтайды. Сонда олар бұл жылы да мереке қайталанады деп күтеді.
Сондай-ақ, қордың іс-шараларды сапалы ұйымдастырғанына алғыс білдіргім келеді. Мерекелер әрқашан мұқият ұйымдастырылған, қайда бару керектігін білеміз және шатаспаймыз. Костюмдер әрқашан жарқын және әдемі, бұл да маңызды. Іс-шаралар тәрбиелік жағынан ойластырылған, ересектер мен кіші балалардың өзара әрекеттесуі ұйымдастырылған, балалардың жас ерекшеліктері ескерілген. Атмосфера әрқашан достық және балалар мен қор қызметкерлерінің бейресми қарым-қатынас жасауына ықпал етеді.
Іс-шаралар балаларға талғамдықты, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды және көңіл көтеруді үйретеді. Белгілі себептерге байланысты біздің тәрбиеленушілер мұндай дағдыларды отбасында ала алмайды. Оларға көрсетілген талап неғұрлым жоғары болса, болашақта олардың өмірі соғұрлым жақсырақ болады».