Золотухин деген бар. Алматыға ғашық фотограф | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Золотухин деген бар. Алматыға ғашық фотограф

773
5 минут
Золотухин деген бар. Алматыға ғашық фотограф
Арман Ергалиев


Фотограф Максим Золотухин Алматы қаласының бар сұлулығын суретке түсіре отырып, әлемге осынау әсем мекеннің бар әдемілігін паш етіп жүрген жандардың бірі.

Жиырма жыл бойы Оңтүстік Қазақстанның астанасын суретке тартып келеді. Өз қаласына ғашық еркін фотограф көптеген халықаралық конкурстың лауреаты.

news5311.jpg

Оқушы кезімнен суретке түсіріп бастадым. Алғашқы фотоаппаратты өз қолыммен құрағам. Кейін ата-анам атақты «Смена-8М» фотоаппаратын сатып алып берді. Ол заманда бәрін қолдан басып шығаратын. Сыныптасымның әкесі фотографиямен айналысатын, ол маған бәрінің қалай басылып шығатынын көрсетті. Мен сыныптастарымды, ата-анамды, туыстарымды суретке түсіре бастадым.
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқып жүргенде қаланы түсіруге деген қызығушылығым ашыла бастады. Ол кезде қолымда «Зенит» болды, «Алатау оттары» газетінде болған өндірістік тәжірибе барысында бүкіл фотограф іссапарға кетіп, «Фотоаппаратың бар ғой, барып түсіріп кел, мүмкін жақсы суреттер шығып қалар» деген сөзді естіген соң, құрылғымды арқалап, қалаға шығып кеттім. Сол кезде керемет суреттер шықты. Басты бетке суреттерім басылды. Келесі күні де, одан кейін де түсірген суреттерім басты беттен түспейтін болды.

Осылайша фотографияға ден қоя бастадым. Группаластарымды түсірдім, газеттерге арнап түсірдім. Ақпараттық жазба жазып, оған иллюстрация жасадым. Бірте-бірте басқа журналистерге арнап суреттер түсіре бастадым. Басқа газетке ауысқанда бірден фотокорреспондент болып қабылдандым.

news5312.jpg

Журналистика мамандығы ненің сұранысқа ие екенін, нені нақты жариялайтынын түсінуге көмектесті. Бірақ жазуды тастадым. Мәтін жазу – бір орында отырып жасалатын жұмыс, менің табиғатыма жат болып шықты. Күніне үш-төрт жерге бару сұхбат алып, оны отырып жазуға қарағанда қызықты деп есептеймін.

Урбанистика тақырыбына иллюстрация жасағанда қаланы түсірдім. Осылайша қала суреттерінен мұрағат жинақталды. Уақыт өте келе прессадан кетіп, фотографияға түбегейлі бет бұрам деп шештім. Ғимараттардың төбесіне мініп, бірнеше рет тікұшақтан қаланы суретке түсірдім.
Әлеуметтік желілер пайда болғанда алматылықтарға өз қаласы ұнайтынын түсіндім. Мегаполистің өзін ғана емес, оның атмосферасын да түсіре бастадым. Жаңбыр жауды, әдемі бұлт пайда болды, кемпірқосақ шықты деп түсірдім. Өз алдыма мынадай мақсат қойдым – әр сурет альбомда өзіне лайықты орнын алу керек.

Әдемі, әдемірек, одан да әдемі суреттер болады, ал кейбір суреттер маған ұнайды. Менің достарым мына суретті өз үйлеріне ілер ме еді? Міне, мен өзіме осындай сұрақ қоятын болдым. Достарымның, әлеуметтік желідегі оқырмандардың пікірлерін бақылап отырамын. Бес жыл бойы үйдің төбесіне шығып түсірген суретім осы жолы сәтті шыққанын түсінемін: аспанда бұлт бар, құстың ұшып бара жатқаны, шамның жанғаны бәрі үйлесімді болды. Кадрда қаншалықты символдар көп болса, кадр соншалықты сәтті шығады.

Сурет ұрлау өкінішке орай, көп кездеседі. Сурет авторлық құқықпен қорғалған деп жазған әлеуметтік желідегі парақшаларымнан емес, «Алматы» деп іздегенде интернеттен шыққан сәтінде суретті жүктеп алып, пайдаланады. Бірақ авторын жазбайды. Бұл жайтпен күресуге тура келеді.
Мен Алматының орталығында өстім, көшелерде серуендегенді ұнатамын, сүйікті орындарым да көп. Бірақ жаңадан салынып жатқан ғимараттар шабытымды ашпайды. Бұзылған ғимараттардың келбеті маған ұнамайды. Оларды суретке түсірмеймін. Қаңтар оқиғасы кезінде мен суретке түсірген жоқпын, сол уақытта да, кейін де фото жасамадым.

Қаладағы ең сүйікті мекендерімнің бірі – Вознесендік собор. Оны қаладағы басқа нысандарға қарағанда көбірек түсіремін. Жанынан өткен сайын фото жасаймын. Ол жаққа күнде барамын. Әлемдегі ең қызықты жүз ғимараттың қатарына енетін бірегей нысан осы күнге дейін жеткен ең биік православтық ағаш соборы.

Наталья Бойко, сурет: Максим Золотухин
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...