«Побег из Шоушенка» фильміндегі Библия жарты миллион долларға сатылды | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

«Побег из Шоушенка» фильміндегі Библия жарты миллион долларға сатылды

587
2 минуты
«Побег из Шоушенка» фильміндегі Библия жарты миллион долларға сатылды
Айдар Өрісбаев

Естеріңізде болса, 1994 жылы түсірілген әйгілі «Побег из Шоушенка» фильмінің басты кейіпкері жаза өтеу мекемесінен қашу мақсатында қолданған геологиялық балғасын Библия кітабының ішіне жасырған еді. Дәл осы Библия кітабы жақында Propstore онлайн аукционында 440 мың долларға сатылды деп хабарлады Business Insider басылымы.

Кинотуындының сценариі бойынша, түрменің жемқор бақылаушысы Нортон басты кейіпкер Эндиге былғары мұқабамен қапталған Библия кітабын беріп, «сені құтқаратын нәрсе осының ішінде», деп мысқылдайды. Ал Энди түрмеден қашып кеткен соң бақылаушы өзінің сейфінде жасырылған заңсыз бухгалтерлік есептерінің жоғалғанын, олардың орнында дәл осы Библия кітабы тұрғанын көреді. Кітапты ашқанда, ішінде Эндидің хатын байқайды. Онда «Қымбатты бақылаушы, сіз дұрыс айтыпсыз, құтқаратын нәрсе осының ішінде болды», деп жазылған. 

Аукционның алдында Fine Books журналы әйгілі фильмдегі Библияны шамамен 115-172 мың долларға сатылады деп болжаған. Алайда, лоттың соңғы бағасы ешкім күтпеген 440 мың долларға дейін көтерілді. Сатып алушының аты-жөні айтылмайды.  

Аукцион тізімінде «Побега из Шоушенка» фильмінде Библияның бір данасы ғана пайдаланылғаны туралы хабарланды. Себебі, кітаптың ішінен балғаның пішінін ойып шығу көп еңбекті қажет еткен. 

Propstore естелік заттардың онлайн аукционы 13 қазанда аяқталды. Сатылымға қойылған естеліктердің арасында Ноэль Галлахердің британиялық Oasis тобының «Wonderwall» хитіне қолдан жазып берген мәтіні, «Властелин колец: Возвращение короля» фильміндегі Гэндальфтың қылышы болған. 


Фото: Propstore инстаграм парақшасынан -  instagram

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...