Бассейнге өз азық-түлігіңізбен баруға бола ма? | Агентство православных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Бассейнге өз азық-түлігіңізбен баруға бола ма?

10622
3 минуты
Бассейнге өз азық-түлігіңізбен баруға бола ма?

Жаз маусымы басталғалы Алматыда ашық бассейндер мен спа-орталықтарына деген сұраныс арта түсті. Оңтүстік астана тұрғындары мен қала қонақтарында аталған демалыс орындарына өз азық-түлігімен келуге бола ма деген сұрақ туындайды.

Бұл сұраққа Қазақстан Ұлттық тұтынушылар лигасының басқарма төрағасы Светлана Романовская жауап берді.

«ҚР Әкімшілік кодексінде кәсіпкерге демалыс орындарына адамдарды өз тамағы мен сусындарымен кіргізбеуге тыйым салатын норманы білмеймін. Сондай-ақ, заңнамада бассейндер мен спа-орталықтарына өзіңізбен тамақ әкелмеу талабы үшін жауапкершілік қарастырылғаны көрсетілмеген.

Бұл жағдайда бассейндер мен спа-арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Кәсіпкерлер өз ережелерін белгілейді. Егер мекеменің қызмет түрі онда азық-түлік, сусын, тәттілер сатылады деп болжаса, олардың өз құқығы бар. Бізде еркін сауда жүреді.

Қызметтерді сатып алу-сату келісімінде сатушы мен тұтынушының қандай құқықтары бар екені нақты көрсетілген. Әр мекемеде бұл келісім әртүрлі болуы мүмкін. Мен өзімен бірге тамақ пен сусындар алып келуге рұқсат беретін көптеген демалыс орындарын білемін. Тұтынушы өзін қанағаттандыратын дүниені таңдауға құқылы, тек іздеу керек.

Бізде адамдар өз тамағымен келіп, уланып, содан кейін мекемеге сотқа жүгінетін жағдайлар көп. Бассейн немесе спа-орталықтар өз аумағына өзімен бірге тамақ әкелуге тыйым салған жағдайда ғана жауап береді. Егер оған рұқсат етілсе, онда жауапкершілік тұтынушыға жүктеледі», – деп түсіндірді Романовская.

Дегенмен, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті басқа пікірде. Informburo.kz ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, «тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң бойынша кәсіпкер тұтынушыға егер оның заттары қоғамдық тәртіп пен адамгершілікті бұзбаса, қолда бар және заңды түрде сатып алынған барлық мүлікпен демалыс аймағының аумағына еркін кіруді қамтамасыз етуге міндетті».

Сонымен қатар, комитет демалыс аймақтары үшін азық-түлік тауарларын сату негізгі емес, қосымша қызмет екенін түсіндірді. Ал, мысалы, мейрамханалар өз тағамдарымен келуге тыйым салуға құқылы. Бұл жағдайда спа-орталықтары иелеріне 200-ден 1500 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...