Хиджаб дауы: Мектеп орамалға рұқсат бере ме? | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Хиджаб дауы: Мектеп орамалға рұқсат бере ме?

589
9 минут
Хиджаб дауы: Мектеп орамалға рұқсат бере ме?
Анара Бауыржанқызы

Әлеуметтік желіде хиджаб мәселесі кең талқыға салынуда. Дәлірек айтқанда, оқушы қыздардың мектепке орамал тағып келу мәселесі интернет қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.

Қолдаушылардың талабы бойынша, әр адам мектепте де, жоғары оқу орнында да құлшылық жасауға мүмкіндік алуы тиіс. Бұл пікірге қарсы тарап «біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз» деп дабыл қағуда.

Үкімет отырысынан кейін 22 тамызда оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Мектепте хиджаб киюге бола ма?» деген сұраққа былай жауап берді:

"2016 жылы мектепте оқитын оқушылардың бірыңғай формасына қатысты бұйрық бекітілді. Ол бұйрық өзгерген жоқ. Сондықтан оқушылар мектепке мектеп формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалады. Бұл бағытта ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және балалар мектепке белгіленген тәртіппен келуі керек."

Әлеуметтік желіде хиджаб мәселесі кең талқыға салынуда. Дәлірек айтқанда, оқушы қыздардың мектепке орамал тағып келу мәселесі интернет қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.

Қолдаушылардың талабы бойынша, әр адам мектепте де, жоғары оқу орнында да құлшылық жасауға мүмкіндік алуы тиіс. Бұл пікірге қарсы тарап «біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз» деп дабыл қағуда.

Үкімет отырысынан кейін 22 тамызда оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Мектепте хиджаб киюге бола ма?» деген сұраққа былай жауап берді:

2016 жылы мектепте оқитын оқушылардың бірыңғай формасына қатысты бұйрық бекітілді. Ол бұйрық өзгерген жоқ. Сондықтан оқушылар мектепке мектеп формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалады. Бұл бағытта ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және балалар мектепке белгіленген тәртіппен келуі керек.

Бұл мәселе көршілес Өзбекстанда да бар. Билік өкілдері Кодекске өзгеріс енгізді, онда белгілі бір дінге немесе ұлтқа жататын азаматтардың артықшылығын насихаттауға, әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын жоққа шығаруға, тұлғаны тануға мүмкіндік бермейтін киім киюге жауапкершілік бары жазылған.

Ал Қазақстанда қоғамның кейбір мүшелері: «Хиджаб, құлшылық бөлмелері – іргетас қалауға жасалған алғашқы қадам ғана» деген ойды айтуда.

Таласты тақырыптан туған сұрақтарымызды дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Артем Соловьевке қойдық. Артемнің пікірінше, қолданыстағы заң өзгермейінше ештеңе өзгермейді.

«Құлшылық жасау бөлмелері туралы айтар болсақ, «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында былай деп жазылған:

«Құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға: діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында жол берілмейді». Яғни мектепте немесе мемлекеттік оқу орындарында құлшылық бөлмесін жасауға шақыру заң бұзушылық болып саналады. Заңды өзгерту үшін парламентте заң өзгерісін қолдайтын адамдар болуы тиіс, парламент бұл ұсынысты парламенттік дебаттан соң қабылдап, қоғам талқысына ұсынады. Содан кейін барып кез келген дін өкілдері үшін құлшылық бөлмесін жасауға болады. Мысалы, белгілі бір дінді ұстанатын ата-ана баласына құлшылық бөлмесін ашуға өтініш жасайды, бұл жақта дінді ұстанбайтын баланың ата-анасының келісімі болуы тиіс. Келісім болмауы да мүмкін, барлығы заң аясында жүзеге асады.

Егер бұндай жағдай орын алатын болса, конституциялық құқыққа сәйкес, ҚР аумағында өмір сүріп жатқан кез келген діни ұйым дәл осындай құлшылық бөлмесін ашуға құқылы болады. Мұсылмандардан бөлек, православие өкілдері, католиктер, протестантизм өкілдері мен буддистер де өтініш бере алады. Алайда дәл қазір бұл жағдай заңсыз болып саналады.

Билік өкілдері мен бүкіл діни ұйым бірлесе отырып, ортақ шешімге келуі тиіс. Бұл – ұзақ әрі маңдай терді талап ететін жұмыс. Көбіне БАҚ беттерінде ажиотаж тудыратын сұрақ деуге де болады. Алайда мәселе шешіледі дей алмаймыз, тек БАҚ-қа атақ әкелетін тақырып деп ойлаймын», — деді Артем.

Ал саясаткер Замир Қаражанов зайырлы мемлекет түсінігін былай түсінеді:

«Зайырлы мемлекеттің бірегей үлгісі әлемде жоқ. Алайда ұстанымдар бар. Бұл – діни конфессиялардан мемлекеттің бөлінуі, мемлекеттің конфессияның ішкі шаруаларына араласпауы, діни догмалардың заң шығару саласына әсерінің шектелуі. Осы ұстанымдар сақталған жағдайла зайырлы мемлекет құруға болады, алайда әр елде әртүрлі. Қазақстанда мысалы, партияның атында діни тақырып болмауы тиіс. Германияда билікте ХДО (христиандық-демократиялық одақ) отырды. Алайда мемлекет одан зайырлы мәртебесінен айырылған жоқ. Елде қандай дін өкілдері көп болса, сол дінге басымдық беріледі. Алайда зайырлы мемлекет ұстанымдары сақталады.

Егер ортақ шешім туралы айтар болсақ, шекараны сызатын – мемлекет емес, қоғамның өзі. Мемлекет – тұрғындардың тілегін жүзеге асыратын құрал. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан да біз бұндай мәселелерді ашық талқылай аламыз. Сөйте отырып, қоғамда тұрақтылықты сақтай аламыз. Заңнамаға да сұрақ көп, өйткені, ол барлық аспектіні қамтымайды. Мектеп дресс-кодына байланысты сұрақ таусылар емес. Бұл сұрақ бізде министрліктің бұйрығымен шешімін тауып отыр. Алайда басқа да нюанстар жетерлік. Мысалы, бала құқығы туралы көп айтамыз. Дегенмен ата-аналар тым діндар болса, балалар үлкендердің діни ықпалынан қалай қорғана алады? Бұл мүмкін бе? Бұндай жауапсыз сұрақтардың шегі жоқ», — деді Замир.

Алматы мектептерінің бірінде жетінші сынып оқитын оқушының әкесі Азамат Таспаев та өз ойын айтты.

«Мектептерде намазхана ашса, часовня да жасасын. Мысалы, кей жерлерде славяндық халық көп тұрады. Бұндай жағдайда «Құдай заңы» деген бағдарлама жасап, сабақ беру үшін дін қызметкерлерін шақыру керек. Менің ойымша, егер дін мемлекеттен бөлек болса, зайырлы мемлекет болсақ, құлшылық бөлмесі туралы әңгіменің жүруі мүмкін емес. Заң бәріне ортақ.»

Хиджаб киюге, мектептерде құлшылық бөлмесін ашуға түбегейлі қарсымын. Хиджаб дегеніміз жай ғана орамал емес, хиджабтың мағынасы тереңде, бұл – орамал, тыйым, барьер. Хиджаб тағу мәселесін 90-жылдардағы жағдаймен салыстыруға болады. Оқушыларға еркін стильде киінуге рұқсат беріліп, бай отбасыдан шыққандар сәнді аяқ киім, қымбат аксессуарлар, «Картье» мен «Гуччидің» қымбат бренд киімдерін кисе, күнкөрісі орташа отбасылардың балалары қарапайым киінген. Сондықтан да бірнеше жыл бұрын мектептерге бірыңғай униформа енгізілді. Заң бойынша бұл мемлекеттік мектептердің бәріне ортақ. Балалар бірдей киініп, бірдей білім алсын деген ниеттен шыққан шешім осы болды.

Хиджаб – діни киімнің ажырамас бөлігі десек те, зайырлы мемлекетте тұратын әр адам оның заңын сақтауы тиіс. Егер балаңызға хиджаю кигізетін болсаңыз, жеке мектепке беріңіз. Мемлекеттік деңгейде хиджабқа рұқсат берілетін болса, иудейлер кипа, православиелік әйелдер орамал, буддистер өз киіміне рұқсат сұрайтын болады.

2005 жылы Түркияда стамбулдық жоғары оқу орнының мұғалімі хиджабты оқу орнына киіп келуге рұқсат бермегені үшін мекемені сотқа беріп, арызын Адам құқықтары бойынша еуропалық бюроға жолдады. Шешім бойынша, жоғары оқу орнына хиджаб киюге рұқсат берілмегенінің себебі орның құқығына байланысты емес, басқа адамдардың құқығын қорғау мақсатында екені айтылды.

Хиджаб, намазхана саяси пікірталасқа арқау болмауы тиіс. Өйткені Қазақстанда бәріне ортақ заң бар, ол ҚР Конституциясында жазылған. Аталған заңды бәріміз бір ауыздан мақұлдадық. Оның бүкіл бөлімін де мақұлдаған болып есептелеміз. Осылайша біз зайырлы мемлекет болып қаламыз», — деді Азамат.

Источник -  kaz.globalnews.kz

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...