Қазір ауа райы құбылмалы. Бірде ыстық, бірде суық.
Азық-түліктің көмегімен ыстықты жақсы өткеруге болады. Бұндай күндерде қандай азықты қолдану керек, қайсысын тұтынбаған жөн?
Бұл сұрақты педиатр дәрігер Ирина Сегутке қойып көрдік.
- Қоршаған ортаның ауа райы +27 градусқа дейін жеткенде адамның ағзасы ресурсын жоғалта бастайды. Ағзадағы зат алмасу жылдамдап, ас қорыту қызметі баяулайды. Ішек жұмысының қан айналымы да азаяды. Ауыр салдарға әкеліп соқтырмас үшін біз өз ағзамызға көмектесе аламыз. Бұны дұрыс тамақтанудың көмегімен істеуге болады.
Ащы, майлы тамақтан бас тарту керек, өйткені, бұндай тамақтар терді көп бөледі. Ыстық түспей тұрып таңғы ас ішіп алған жөн. Таңғы асты ішпей жүре беруге мүлдем болмайды. Ыстықта қозғалыс белсенділігі төмендейтін болғандықтан, энергияны да аз жұмсаймыз, - деді педиатр Ирина Сегут.
Маманның айтуынша, жазда ағзаға керек барлық дәруменді алып қалуға болады. Жеңіл әрі құнарлы тамақ тұтынған жөн.
Көкөніс, жеміс-жидек жеу керек. Бұл тамақтардың калориясы аз. Табиғи шырын, тәтті емес компот, шөптен жасалған шай ішу керек. Ағзадағы су балансын сақтау үшін окрошка, гаспачо немесе литвалық борщты рационға қосқан дұрыс. Салқын сорпалар су балансын сақтап қана қоймай, ағзадағы минералдар мен микроэлементтерді толықтырады.
Жасыл шөптерді тамаққа қосу керек. Оның құрамында су, тұз, фоли қышқылы бар. Майлы тамақтан бас тартқан жөн. Әсіресе, көшеде сатылып тұрған майлы тамақтарды жемеңіз.
Бұл - пирожки, пончик, бургер, шаурма сияқты тамақтар. Бұл тамақтарды асқазан ауыр қорытады, оның үстіне қандай жағдайда дайындалатыны бізге беймәлім. Ыстық күні сиыр, қой етін аз тұтыну керек. Оны қорыту үшін ағза көп күш жұмсайды, соның әсерінен адам қатты ыстықтайды. Бұл еттердің орнына тауық, индейка еттерін, балықты жеу керек, - дейді маман.
- Жазда тамақ тоңазытқышта тұрмаса, тез құртылады. Жылы жерде бактерия тез көбейеді, олар тудыратын токсиндер диарея, құсу, лоқсу тудырады. Жаз мезгілінде адамдар көп уланады.
Микробтар белсенді түрде көбейетін тамақтар болады. Олар сұйық сүт тағамдары, ірімшік, ет, балық. Көкөністерді міндетті түрде жақсылап жуу керек. Әр тамақ әртүрлі сақталады. Көп тамақты қараңғы, қоңырсалқын жерде сақтайды. Құрамында майы бар тамақтарға күн көзін түсірмеу керек. Және міндетті түрде сақталу мерзіміне мән беріңіз, - деді дәрігер.
Жазда тұрақты түрде, аз-аздан жеу керек. Тамақ арасында сұйықтық ішіп отырған жөн.
- Таңғы асты 6-7 арасында, ыстық түспей тұрып жеген дұрыс. Түскі асты 11-11.30 арасында, кешкі асты 18:00-де ішіңіз. Негізгі тамақтану арасында екі рет тіскебасар жеп алу керек.
Тіскебасар ретінде жұмысқа көкөніс, қияр, сәбіз, алма, алмұрт ала кетіңіз. Снектер, сушкалар, жаңғақтар мен қатқан жемістер де алуға болады.
Тез құртылатын тамақтарды алып жүрмеңіз. Сүт, ірімшік, ет, балық тоңазытқышта сақталады. Бірнеше сағаттың ішінде құртылып кетеді, - дейді дәрігер.
Дәрігердің сөзінше, тұзды мөлшерімен тұтыну керек. Күніне 5 граммнан артық тұз қолданбаған жөн.
Ағзаны ыстықтан қорғайтын бірден-бір ауқат - су. Жазда адам терлейтін болғандықтан, суды көп ішуі тиіс. Оның температурасы маңызды емес. Жылы су ағзаға тез сіңеді. Қатты шөлдеген кезде жылы су ішсеңіз, ол жасушаларға тез баратын болады.
Ал салқын су болса, ыстықтап келгенде ағзаға жақсы көмектеседі. Тәтті емес, салқындатылған жасыл шай да ішуге болады. Күніне екі жарым литрден аса су ішу керек. Бұл дегеніміз - шамамен - 8 стақан, - деп түйіндеді сөзін Ирина Сегут iapn.kz сайтына берген сұхбатында.
Источник - massaget.kz