Журналистерге арналған тағы бір мереке болады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Журналистерге арналған тағы бір мереке болады

717
3 минуты
Журналистерге арналған тағы бір мереке болады
Арман Ергалиев

Қазақстандық журналистер тағы бір мерекені тойлайды.

Бұл туралы БАҚ күніне арналған көрмеде ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты.

28 маусымда аталатын БАҚ күнінде Астанадағы Қазақстанның Ұлттық музейінде көрме ашылып, көрмеде отандық журналистиканың қалыптасып, дамуы көрсетілді.

Көрмеге алғаш рет мәтін басып шығарған машина мен монтаж үстелі, фотоаппарат, диктофон мен видеокамералар қойылды. «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» экспозициясы «Қазақ басылымдарының тарихы», «Қазақ радиосының даму жолы», «Қазақ телевидениесінің 65 жыл ішіндегі жетістігі» атты үш бөлімнен тұрды.

news5779.jpg

Қызықты экспонаттардан бөлек, көрмеден сирек кездесетін басылымдарды, XIX ғасырдан бергі уақытты бейнелеген фотосуреттерді, тархи құжаттар мен газеттердің көшірмелерін, қолжазбалар мен кітаптарды көруге болады.

Көрменің ашылуына журналистер, БАҚ ардагерлері, мұғалімдер мен ЖОО студенттері қатысты.

Шара барысында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі біздің елімізде жаңа мереке пайда болатынын мәлімдеді. Ол – қазақ ұлттық журналистикасы күні. Бұдан бұрын аталған мерекені 2 ақпан тойлау керектігі ұсынылған еді.

Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов негізін қалаған «Қазақ» газетінің алғашқы саны 1913 жылдың 2 ақпанында шыққан. «Қазақ» газеті Троицкіде жарық көрген болатын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Елдос Нәшірәлінің айтуынша, 90-жылдары отандық журналистика шектеулі еді. Ол заманда тек газеттер мен журналдар болса, қазіргі таңда сайттар да пайда болды. Теледидар әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Қазіргі таңда Қазақстанда 5 мыңға жуық БАҚ тіркелген. 2022 жылы Қазақстанда 460 БАҚ тіркелді, оның 158-і басылым, 4-еуі телеарна, 2-еуі радио, 285-і – ақпараттық агенттіктер (94) мен желілік басылымдар (191). Отандық БАҚ саны – 449, шетелдік БАҚ – 11.

Қазақ және орыс тілдерінде шығатын БАҚ саны – 1852, тек орыс тіліндегі БАҚ – 853, тек қазақ тіліндегі БАҚ – 693, үш және одан көп тілдегі БАҚ —  1512.

Отандық журналистика елдің дамуы, мәдениет, тарих, ұлттық құндылық туралы жиі жазады. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан реформалар да айтылуда. Ұлттар арасындағы татулық БАҚ-тың негізгі тақырыбы болып отыр.

Ақпарат құралдары қоғамдық тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Адамның ең басты құндылықтарының бірі болып саналатын дін тақырыбы да БАҚ беттерінде жиі жарық көреді.

Сурет: АПН

Источник -  globalnews.kz

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...