1963 жылғы 7 шілдеде Алматы облысындағы Есік көлі жойқын селдің салдарынан жойылды. Бұл оқиға туралы деректер ұзақ уақыт бойы құпия сақталды. Қайтыс болғандардың нақты саны әлі де белгісіз.
Іле-Алатау қорығының інжу-маржаны
Алматы қаласынан шығысқа қарай 70 шақырым жердегі Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында, теңіз деңгейінен 1800 шақырым биіктікте Есік көлі орналасқан. Бүгінде көл өзінің көз тартар сұлулығымен туристерді тартып тұрады. Дегенмен, куәгерлердің естеліктері мен географтардың айғақтарына сәйкес, көл бұрын әлдеқайда үлкен болған. Нақтырақ айтқанда, 1963 жылдың шілдесіне дейін.
Есік көлі шамамен 8-10 мың жыл бұрын пайда болған. Сол кезде таудың опырылуынан биіктігі 300 метрдей болатын табиғи платиналар құралды. Апатқа дейін су қоймасының ұзындығы 1850 метр, ені 500 метр, тереңдігі 80 метрге жеткен.
Оның резервуары сол кезде жиырма миллион текше метр деп бағаланды. Ал қазіргі таңда екі миллионды құрайды. Яғни, 60 жыл ішінде Есік көлі көлемі бойынша 10%-ға ғана қалпына келді деген сөз.
1963 жылғы 7 шілдеде Есік көліне тас пен балшықтан құралған сел тасқыны ағып түсті. Әр 20 минут сайын ағып келген бірнеше толқын көлді толтырды. Апат күні бойына созылды.
Бұл уақытта көлде көптеген қайықтар болған. Алғашқы мұз толқыны оларды төңкеріп тастады.
«Есік» турбазасының бұрынғы директоры Иван Аушевтің естеліктерінде аман қалған адамдардың жалғыз ғана қайықтың көмегімен судан шығарылғаны айтылады.
Сел тасқыны Алматы облысы Есік шатқалындағы көлдің плотинасын бұзып өтіп, аудан орталығын басып қалды. Тас пен балшықтан тұратын ағынның көлемі 18 миллион текше метрге жеткен. Ресми ақпаратқа сүйенсек, табиғи апат 100 адамның, ал бейресми деректерге сәйкес, екі мыңға тарта адамның өмірін жалмаған.
Алапат сел Іле Алатауындағы ең әдемі тау көлдерінің бірін тасытып, арнасын бұрып, оны бәзбір шалшыққа айналдырды. Апат салдарынан 200-ге жуық үй мен ғимарат қирады.
Жарсай мұздығының еріген сулары мореналық көлді толтырды, су қоймасының табиғи бөгеті оған төтеп бере алмаған. Төмен қарай аққан тасқын су жол-жөнекей ағаштар мен жартастарды жұлып өткен. Есік көліне жеткенде тасқын соққысының жойқын болғаны соншалық, жағадан асқан су Құлжа тас жолына дейін ағып барған. Соққының гүрілі бүкіл алқапқа естілді.
Құтқару жұмыстарына тартылған әскерилер екі мыңға жуық адамды эвакуациялады. Кейбіреулер бірнеше күннен кейін ғана таулардан табылды. Ресми есепте 100 адамның қаза болғаны айтылды, дегенмен көптеген зерттеушілер құрбандар санының одан бірнеше есе көп болғанына сенімді.
Есік қаласын қалпына келтіру бойынша жұмыстар өте баяу жүрді. Баспасөз беттері негізінен селдің сипаты туралы баяндап, ал апат құрбандары жайлы үнсіз қалды. Алғашқы пайда болған «Огни Алатау» газетіндегі мақалада Есік трагедиясына тек үш абзац қана арналды.
Басылымдар негізінен Кеңестік Қазақстанның астанасына сел тасқыны қауіп төндірмейтіні туралы жазды. Ал мұндай қауіп төнген жағдайда мемлекеттік құрылымдардың бұл туралы алдын ала хабарлай алатындығы айтылды. Дәлел ретінде Алматы тауларында өзендердегі су деңгейін және мұздықтардың еру процесін тәулік бойы бақылайтын бақылау пункттері қойылғаны туралы есептер ұсынылды.
Көлдің плотинасы 2000-жылдарға қарай қалпына келтірілді. Алайда, ондағы судың көлемі бастапқыдағы мөлшердің төрттен үш бөлігіне дейін ғана толды.
Қазіргі таңда қайғылы оқиға жайында сыр шертетін «табиғи ескерткіштер» де бар – қалаға кіреберісте жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Есік алқабынан Құлжа тас жолына дейін ағып келген тастарды көруге болады.
Жергілікті тұрғындар қайғылы оқиғаны және оның құрбандарын еске алып тұрады. Көлде қаза тапқандарға арнап, мемориалдық крест орнатылған, ал қаланың өзінде Покровский ғибадатханасының діни қызметкерлері мен қауым мүшелері жыл сайын апат құрбандарын еске алып, шеруге шығады.