Жантүршігерлік Есік апатына 60 жыл толды | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Жантүршігерлік Есік апатына 60 жыл толды

1163
2 минуты
Жантүршігерлік Есік апатына 60 жыл толды
Айгерим Тарина

1963 жылғы 7 шілдеде жойқын сел тасқыны Алматы облысы Есік шатқалындағы көлдің плотинасын бұзып өтіп, аудан орталығын басып қалды.

Тас пен балшықтан тұратын ағынның көлемі 18 миллион текше метрге жеткен. Ресми ақпаратқа сүйенсек, табиғи апат 100 адамның, ал бейресми деректерге сәйкес, екі мыңға тарта адамның өмірін жалмаған.

Алапат сел Іле Алатауындағы ең әдемі тау көлдерінің бірін тасытып, арнасын бұрып, оны бәзбір шалшыққа айналдырды. Апат салдарынан 200-ге жуық үй мен ғимарат қирады.

Жарсай мұздығының еріген сулары мореналық көлді толтырды, су қоймасының табиғи бөгеті оған төтеп бере алмаған. Төмен қарай аққан тасқын су жол-жөнекей ағаштар мен жартастарды жұлып өткен. Есік көліне жеткенде тасқын соққысының жойқын болғаны соншалық, жағадан асқан су Құлжа тас жолына дейін ағып барған. Соққының гүрілі бүкіл алқапқа естілді.

Құтқару жұмыстарына тартылған әскерилер екі мыңға жуық адамды эвакуациялады. Кейбіреулер бірнеше күннен кейін ғана таулардан табылды. Ресми есепте 100 адамның қаза болғаны айтылды, дегенмен көптеген зерттеушілер құрбандар санының одан бірнеше есе көп болғанына сенімді.

Көлдің плотинасы 2000-жылдарға қарай қалпына келтірілді. Алайда, ондағы судың көлемі бастапқыдағы мөлшердің төрттен үш бөлігіне дейін ғана толды.

Қазіргі таңда қайғылы оқиға жайында сыр шертетін "табиғи ескерткіштер" де бар – қалаға кіреберісте жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Есік алқабынан Құлжа тас жолына дейін ағып келген тастарды көруге болады.

Жергілікті тұрғындар қайғылы оқиғаны және оның құрбандарын еске алып тұрады. Көлде қаза тапқандарға арнап, мемориалдық крест орнатылған, ал қаланың өзінде Покровский ғибадатханасының діни қызметкерлері мен қауым мүшелері жыл сайын апат құрбандарын еске алып, шеруге шығады.

Источник -  zakon.kz

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...