Бедеулік, АИТВ және жыныстық инфекциялар. Олардың алдын алу үшін не істеу керек | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Бедеулік, АИТВ және жыныстық инфекциялар. Олардың алдын алу үшін не істеу керек

1509
5 минут
Бедеулік, АИТВ және жыныстық инфекциялар. Олардың алдын алу үшін не істеу керек

Қазақстандық жасөспірімдер венерологиялық ауруларды жиі жұқтыруда. Сондай-ақ елімізде еркектердің бедеулігі үлкен проблемаға айналып барады. Дәрігерлер, шенеуніктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Алматыда өткен конференцияда осы және басқа да мәселелерді талқылады.

Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастығының" ұйымдастыруымен (КМПА) "Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы" тақырыбында III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақстандық жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау. Соңғы жылдары жасөспірім қыздарда босану мен түсік тастау санының төмендеуіне қарамастан, бұл көрсеткіштер әлі де жоғары.

Әрбір жасөспірімде репродуктивті кезеңнің басында кем дегенде бір созылмалы ауру бар. Жастардың 20%-ы жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды және АИТВ жұқтыру қаупіне ұшырайды.

2023 жылы КМПА жүргізген ҚР мектептік білім беру бағдарламасына кешенді жыныстық ағартуды енгізуге қатысты сауалнама жүргізген. Оның нәтижесі бойынша, жасөспірімдердің 49%-ы жыныстық тәрбиемен ата-аналар және 20%-ы жақын туыстар айналысады деп есептейді. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 57%-ы мектептердегі оқыту бағдарламасы жыныстық білім беру мәселелерін қамтуы керек деп санайды.


КМПА атқарушы директоры, медицина ғылымдарының магистрі, акушер-гинеколог Галина Гребенникованың айтуынша, бүгінгі таңда жасөспірімдер мен жастардың денсаулығына үлкен қауіп төнуде. Маман жас қазақстандықтарға репродуктивті денсаулық саласында нақты және құпия ақпарат алу үшін білікті медициналық қызметтер, консультациялар қажет екенін түсіндіреді. Ол кездейсоқ жүктілікті, түсік тастауды және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың өсуін болдырмау үшін жасөспірімдердің денсаулығына инвестиция қажет деп санайды. Айтуынша, соның арқасында олар өз денсаулығына қатысты саналы шешімдер қабылдай алады.

Конференция жұмысына парламент мәжілісінің депутаттары, Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ жиында акушер-гинекологтар, урологтар, эндокринологтар, шет елдерден – Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Украина, Өзбекстаннан келген дәрігерлер болды.

Конференцияда өскелең ұрпақ пен жастардың репродуктивті денсаулығына әсер ететін өткір мәселелер, соның ішінде отбасын нығайту, отбасылық өмірге дайындық, түрлі аурулардың себептері, салдары мен алдын алу мәселелері талқыланды.

Naked Science ресурсының ақпарына сәйкес, бүкіл әлемде ер адамдардың сперматозоидтар көлемі азаюда, осы салада жүргізілген көптеген зерттеулер мұны растайды. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ урология кафедрасының доценті Абдолла Нысанбаев та бұл дерекпен келіседі.

Ол біздің елімізде сперматозоидтардың сапасын зерттеу бойынша мұндай зерттеулер жүргізілмегенін, сондықтан Қазақстан ДДСҰ деректеріне сүйенетінін жеткізді.

Маманның айтуынша, еркектердің репродуктивті жүйесінің биологиялық материалы сапасының төмендеу тенденциясы соңғы 50 жыл ішінде байқалған. Бұрын 1 миллилитр ұрық сұйықтығында 60 миллион сперматозоид норма болып саналса, бүгінгі күні ДДСҰ 1 миллилитрде 15 миллион сперматозоидты норма деп есептейді. Ұрық сұйықтығының сапасы төмендеп, сәйкесінше нормалар да өзгереді.


Ол бұған урбанизация, цифрландыру, экология, зиянды және аз қозғалатын өмір салты, дұрыс тамақтанбау сияқты бірқатар факторлар әсер ететінін атап өтті. Осы факторлардың көбісі республиканың мегаполистеріне тән. Әсіресе Алматы тұрғындарына зиянды экология қатты әсер етеді.

Абдолла Нысанбаевтың пікірінше, репродуктивті сипаттағы көптеген аурулар бала кезден басталады.

"Егер қазақстандықтар ерте диагностикадан өтпесе, бұл тиісінше ауыр зардаптарға әкеледі. Елімізде ұлдардың репродуктивті ауруларының бастапқы диагнозына байланысты үлкен проблема бар. Бұл спермограмма сияқты проблемаларды анықтау әдісіне қатысты. Алайда, ұрық сұйықтығын өткізудің жас шектеуі бар, оны тек 18 жастан бастап беруге болады. Спермограмма – бұл репродуктивті жүйенің кез келген ауытқуларын, патологияларын диагностикалауға мүмкіндік беретін жалғыз әдіс. Осы орайда, жастар мен жасөспірімдердің денсаулығына қатысты мәселелерді шешу үшін оларды ерте диагностикалау жүйесін реттеу және енгізу қажет", – деп түсіндірді доцент.

Бүкіл әлемде еркектер бедеулігінің көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді, бұл сәйкесінше жүктілік санының төмендеуіне әкеледі.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...