
Діндарларға әлеуметтік желіде танысуға бола ма? Діни қызметкердің пікірі
Қазіргі заманда адамдар көбінесе көшеде немесе кафеде емес, арнайы интернет-платформаларда, қарапайым тілмен айтқанда – танысу сайттарында немесе қосымшаларда танысады.
Көктал ауылының (Жетісу облысы Панфилов ауданы) Құдай Ана Қазан белгішесі ғибадатханасының бастығы, иеромонах Аверкий Белов бұған қатысты өз пікірін білдірді.
"Біз, әрине, адамдардың әдепсіз қарым-қатынастар үшін танысатын жағдайларын қарастырмаймыз. Заңды неке үшін желіде танысуға келетін болсақ, діни қызметкер ретіндегі тәжірибеме сүйене отырып, шіркеу бұл туралы ешқашан айтқан емес деп ойлаймын, өйткені бұл әркімнің жеке ісі", – деп түсіндірді діни қызметкер.
Фото: Аверкий Белов
Аверкий әкей шіркеу ұғымдары бойынша ерлі-зайыптылардың интернетте танысуына қатысты ешқандай тыйым немесе мақұлдау жоқ екенін атап өтті.
"Менің білуімше, мұндай таныстықтар көбіне сәтті аяқталмайды. Бірақ, адамдар желіде бір-бірін тауып, бақытты отбасылық өмір сүретін жағдайлар да болады", – деді иеромонах.
Діни қызметкердің пікірінше, егер сіз өзіңізге әлеуметтік желілерде өмірлік серік іздесеңіз, онда қызығушылық бойынша топтарындан қараған жөн.
"Мысалы, адам поэзияны жақсы көрсе, онда әдебиетшімен сөйлескені дұрыс, егер тауларға қызығушылық танытса, сол салада пікірлес адамдарды іздеудің мәні бар.
Бір жағынан, бұл жерде күнә жоқ, бірақ менің білуімше, мұндай ресурстарда оғаштау, тәртіпсіз адамдар көп. Әрине, керісінше жағдайлар да бар, адамдар өздеріне лайықты жұп таба алады. Мен, тіпті, ондай отбасын да білемін", – дейді Аверкий әкей.
Оның пікірінше, ең дұрысы – өзіңе жаны жақын адамды табу.
Фото: Pixabay
"Егер діндар адам болса, онда православие сайттарында сөйлесе алады, кейбір тақырыптарды талқылай алады, қандай адаммен сөйлесіп жатқанын түсіне алады. Әрине, менің ойымша, қарым-қатынасты неке туралы сұрақтан бастаған дұрыс емес, алдымен адамды басқа да қырларынан білген дұрыс. Мысалы, сіздер ерікті бола аласыздар немесе бірге қандай да бір игі істер жасай аласыздар, немесе бірлескен шығармашылық, екі адамды біріктіре алатын кез келген әрекет болуы мүмкін.
Алдымен адамның мінезін, әдеттерін, ойлау қабілетін, сенімін білген жөн. Сонда мұндай достық қарым-қатынас некеге әкелуі мүмкін деп болжауға болады", – дейді иеромонах Аверкий Белов.