Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі кейбір туристік нысандарға көлікпен кіруге шектеулер енгізілгені туралы хабарлады, деп жазады КЖА.
«2025 жылғы 27 қаңтардан 31 наурызға дейін қар көшкіндерінің алдын алу және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Есік көліне барлық келушілердің ұлттық паркке өтуіне тыйым салынады», - деп мәлімделген хабарламада.
Сонымен қатар, Түрген орман шаруашылығының КПП арқылы Түрген – Обсерватория маршруты бойынша паркке кіруге жаяу туристерге, жеңіл, жүк және жолаушы көліктеріне сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін рұқсат етіледі.
18:00-ден 10:00-ге дейін өтуге тыйым салынады.
Одан бұрын Алматы облысының ТЖД қар көшкіні қаупіне байланысты Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы бірнеше жол учаскелері жабылатыны туралы ескерткен болатын.