Ақсай шатқалы – табиғаты тамаша мекен | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Ақсай шатқалы – табиғаты тамаша мекен

2010
4 минуты
Ақсай шатқалы – табиғаты тамаша мекен
Мейіргүл Оңғарова

Демалыс күндері Алматының жүздеген тұрғыны ыстықтан қашып, тауға қарай кетеді. Қоңырсалқын тау етегіне ағылған халықтың көптігі соншалық, жолда адам кептелісі де болып жатады. 

Бүгін біз Алматыдағы табиғаты тамаша тағы бір мекен туралы баяндаймыз. Ақсай шатқалы - сондай бір мекендердің бірі. 

Маршрут "Көклайсай" Ақсай саяжайынан басталады. Орманның төменгі жағынан бастап теңіз деңгейінен 2000 метрге дейін көтерілуге болады. Ең соңғы нүктесі - Қызылжар тау шыңы, биіктігі - 2160 метр. Осы жерде Ақсай шатқалы орналасқан. 

Бұл жердегі ең тамаша мекендерінің бірі - Серафимо-Феогностов Ақсай шатқалы. 

Шыңға көтерілудің өзіндік қиындықтары бар. Әр көтерілген сайын демалуға арналған орындықтарға тап боласыз. Сондай-ақ ішуге болатын бұлақ бар. Жерден көтеріліп бастағанда шамамен 900 метрден кейін шағын бұлақ пен орындыққа кезігесіз, суы нәрлі, жердің астынан шығып жатыр. 

Бұлақтан өткен соң монастырь аумағы көрінеді. Бұлақтан шіркеуге дейінгі аралықта ну орман бар. Күн шақырайып тұрғанда да бұл жақ көлеңке, өйткені күнді орман көлегейлейді. 

Қайта жөндеуден өткен соң сатылар да жаңартылды. Монастырьға кіру үшін жабық, ұзын киіну керек. Бұл жерде темекі шегуге, ішімдік ішуге тыйым салынады. 

Тау шыңына шыққан соң алдыңыздан әдемі көрініс ашылады. 

news5933.jpg

Басында бұл жерде үңгір болған. Монахтар Құдайға жалбарынып, сол үңгірде отырған екен. 

Қаладан қашықта орналасқанына қарамастан, діни наным-сенімі берік адамдар бұл жерге жиі келеді. 

Тарихына үңілер болсақ, қызыл әскерлер үңгірдегі монахтар туралы естіп, осы жерге келген. Өздерін құшақ жая қарсы алған Феогност пен Серафимді түнде өлтіріп тастаған. Иеромонах Анатолий орманға қашып тығылып үлгерген. 

Ақсай шатқалы - қайғылы жағдайда қайтыс болған монахтар жерленген жер. Үңгірдің негізі 1913 жылы қаланған, 1922 жылы жабылған. 1993 жылы қайта ашылып, 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен. 

news5934.jpg

Таудағы ерлер монастырының қонақтары - саяхатшылар ғана емес. Діни наным-сенімі берік адамдар осы жерге келіп Құдайға жалбарынады. 

Қаладан Ақсай шатқалына №212, №26 автобустар жүреді. Жолақысы қаланың тарифі бойынша төленеді. Автобустың соңғы аялдамасы 1560 метрлік биіктікте. Шатқал аумағына кіру бағасы адам басына 457 теңге, экоөткел бойынша да төлем жасалады. 

Алайда бұл жаққа жол талғамайтын көлікпен барған дұрыс. Қаскелең тас жолының жоғары жағынан бастап, Алматы шекарасынан 9 шақырым жермен АЗС-тен кейін Ақсай өзенімен бұрылып жүресіз. Экоөткелден өткен соң 4 шақырым жоғары қарай жүру керек. 

news5935.jpg

Саяжайға жеткенде сол жағыңыздан сел бұзған бөгеттің қалдығы көрінеді. 1887 жылдың 28 мамырында болған жойқын жер сілкінісінен кейін пайда болған Ақсай жартасына тап боласыз. Жоғары қарай бір шақырым жүрсеңіз, алаңның ішіне кіресіз. Көк тақтайша көрінеді, "Ақсай жартасы" деген жазуды да қоса көретін боласыз. 

news5936.jpg

Оң жағыңыздан алма ағаштары шығады. Ақсай шатқалына дәл осы жерден бастап көтерілесіз. 

Бұл жақта монахтар әлі бар. Олар шатқалдың аумағынан ұзап кетпейді. 

news5937.jpg

Саяхатқа шыққанда бас киім, SPF 50+++ кремін және 1 адамға 1 литр суды ұмытпаңыз. 

Сурет: АПН

Источник -  massaget.kz
  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также