Қазақстанның Православие Шіркеуі Библияны қазақ тіліне аударды | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстанның Православие Шіркеуі Библияны қазақ тіліне аударды

1320
4 минуты
Қазақстанның Православие Шіркеуі Библияны қазақ тіліне аударды
30 ҚАРАША. АЛМАТЫ. 

Бүгін Қасиетті Жазбаның қазақ тіліндегі аудармасының таныстыруы өтті. Бұл жоба Қазақстанның Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бастамасымен және бата беруімен жүзеге асты. Жобаның бірінші кезеңінде библияның көбірек оқылатын үш кітабы – Соломанный өсиет сөздері, Псалтирь және Матфейден Ізгі Хабар кітаптары аударылды.

«Библияны қазақ тіліне аударып шығару өте маңызды тарихи-мәдениеттілік танымдық мағынаны білдіреді, – деді,Қазақстанның Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр. – Бұл аударманың пайда болуы көптеген сансыз адамдарға өз тілінде, оған әлем мәдениетінің едәуір бөлігі негізделген, адам баласының маңызы зор әдебиеттік ескешкішті оқып танысуға мүмкіндік алды.Библияны қазақ тіліне аудару, оны үйренуге және түсінуге, және әрине, біздің ортақ Үйіміз – көпконфессионалды және көпұлтты Қазақстанның зияткерлік дамуына және маңызды, терең рухани үлесін қосуына игі ынталық болып табылады».

Перевод_Библии_301122_www-2544.jpg

Библияның бұл аудармасы – тарихта Православие Шіркеуінің қамқорлығында жасалған, қазақ тілдес аудармашыларының пәрменімен орындалған бірінші аударма. Киелі Жазбаның аудармасын жасау әрекеті бұрын да XIX ғасырдан бастап болды. Оны әсіресе, қазақ тілін ұстанбаушы, қазақ мәдениетінің кодын, Ұлы даланың ұғынуын және тілдің ерекшіліктерінің терең білмейтін батыс европалық уағыздаушылар орындады.

Перевод_Библии_301122_www-2912.jpg

Киелі кітаптардың аудармасына халықаралық аударма агенттігінің мамандары еңбек етті, ал аударылған мәтіннің редакциясын православтық дін қызметкері-қазақ Елисей Кукеев орындады.

«Ең қиыны библиялық терминдерді аудару болды, – деп, Елисей Кукеев, – атап өтті. – Оларды кейде орынды қолдану қиынға түседі, өйткені олар алдында қазақ тілінде қолданылған емес. Сондықтан Библияның түпнұсқасында қойылған сөздердің мағынасын білдіретін сөздерді аударуға мұқиятты ойланып, талдау керек болды». .

Перевод_Библии_301122_www-2957.jpg

Кітаптар – қостілді, екі тілде – қазақ тілінде және орыс тілінде қатар басылып шығарылған. Осының арқасында қазақтілдес және орыстілдес оқырмандар библиялық беттерінің аудармасының ерекшеліктерін көріп, өздеріне жаңа сөздерді ашып, тіл білімін артырады. Бұны жасау техника жағынан оңай болмады – өйткені қазақ тілі ауқымды және көп сөзді құрайды.

Перевод_Библии_301122_www-3044.jpg

Кітаптар фолиант түрінде басып шығарылды – былғары мұқаба оюмен өрнектелген, алтын түсті кесінділері, көркем суреттелген. Ішкі әрленім эстетикалы салыстыра тексерілген, жинақталған, көп қырлы. Оюлардың рәсімделуі көне орыс және қазақтың мақамымен жасалған.

Перевод_Библии_301122_www-3081.jpg

Фолиант 98% қолдан жасалынған. Дизайнерлік рәсімделуліктің жұмысы ұзақ та, қиын өтті – материалдарды таңдаудан бастап, қаріпті таңдауға дейін. Қазақ әліпбиінің кей әріптерін қолыммен салуыға тура келді. Сонымен қатар баспаға қағазды қолымен ескі параққа ұқсатып жасалды.

Перевод_Библии_301122_www-3020.jpg

Библия кітаптарын білу және түсіну әр адамға маңызды, өмірге жеген көзқарасқа, ұлтқа әлде діни ұстанымға қарамастан. Әр мәдениетті және ойлайтын адам дәстүрлі діндердің – Библия болсын, Қоран болсын әлде басқада әлемдік діни әдебиет туралы жан-жақты түсінігі болу керек.

Перевод_Библии_301122_www-3036.jpg

Библияның басқа кітаптарының қазақ тіліне аударылуы жалғасып жатыр.

Источник -  gorthodox.com
  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также