Митрополит Александр Қазақстанның көпұлттық тұрғындарын ұлы Пасха мерекесімен құттықтады | Агентство православных новостей (АПН)

Митрополит Александр Қазақстанның көпұлттық тұрғындарын ұлы Пасха мерекесімен құттықтады

2670
4 минуты
Митрополит Александр Қазақстанның көпұлттық тұрғындарын ұлы  Пасха мерекесімен құттықтады
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


2022 жылдың 23 сәуірінде, Алматы қаласы – Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды келе жатқан Жарқын Христостың Тірілу мерекесімен құттықтады. Құттықтауда былай делінген: 


«Қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар, Қазақстан жерінің тұрғындары! 

ХРИСТОС ТІРІЛДІ! 

Осындай қасиетті апостолдық сөздермен, өмірдің өлімді жеңген аса қуанышты әнұранымен барлықтарыңызды шын жүректен қарсы алып, мерекенің Мерекесі және салтанаттың Салтанаты – Христостың Жарқын өлімнен Тірілгенімен құттықтаймын. Құтқарушының өлімненТірілгені –  Христосқа сенген әр адамның өміріндегі басты күні, өйткені Құдай Иенің Пасхасымен бізге пейіштің есігі ашылады, біздің рухани тәжірбиеміз жаңарып, артады, сеніміміз өседі, үмітіміз нығайады.  Біз Құдай Иенің өлімнен тірілгенін естіп қана қоймай, сонымен бірге рухани көзімізбен Шындық Күні Христосты  көреміз.  

Құтқарушының өлімді жеңуі – Оған сенген адамдардың  өлімнен тірілуі және мәңгі өмірі. Христос өлімнен тірілгеніндей, апостол Павелдің сөзі бойынша, күнә үшін өлі болып,  Құдай үшін тірі болуға шақырылғанбыз. Ешкім Құдайдың махаббатына безек қақпасын, өйткені әр қайсымыз үшін Кресте таза және адал Құрбандық әкелінген. 

Біз мерекелік әндермен мадақтаған Киелі  Пасха мерекесі, өміріміздің күндерін жарықтандырып, игі істерге нығайта және  құштарлықпен істеуге және мақұлдауға бағыттау керек.  Христостың  махаббаты, бізге өзінің барлық айқындығымен Құтқарушының Крестік өлімімен және өлімнен Тірілуімен, әрекетті болды, сондықтан біздің де жауабымыз оған сондай – шынайы, нағыз,  Құдайдың даңқы үшін жақындарға пайда мен қуанышқа игі істерге толы болу керек.
   
Біз үрейге және қайғыға толы күрделі заманда өмір сүріп жатырмыз, бырақ Құтқарушының сөзін еске алайық: «Сендерге шын айтам: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар да, сендерге береді» (Ин.16:23). Христостың Өзімен, біз дұға айтып Аспандағы Әкемізбен қатынаста  болуға мүмкіндік алып, Одан алған нұр жауған рухани күшпен өзімізді және айналамыздағы шынайылықты жақсыға өзгертейік. «Сенімі бар адамға барлығы мүмкін» (Мк. 9:23), – деп бізді Құдай Ие қоштайды, сондықтан шыдамдыққа және сенімге нығайық. 

Шын жүректен барлықтарыңызды Христостың Тірілу салтанатымен құттықтап, өмірдің өлімді жеңген қуанышты әнұранын дауыстап айтамын:  

ХРИСТОС ТІРІЛДІ! – ШЫНЫМЕНДЕ ТІРІЛДІ!

2022  жылдың 23 сәуірінен  24 сәуіріндегі түнде мерекелік Пасхалық Құдайға қызметтік Қазақсанның барлық храмдарында ковидсіз шектеусізде өтеді. Алматының Вознесенск кафедралды соборында Құдайға қызметтікті Қазақстанның Православиелік Қауымының Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр өткізеді. Алматының басты храмында соборды айнала кресттік жүріс өтеді. 

Басталуы - 23:30. Алматыдағы Мерекелік пасхалық Құдайға қызметтіктің тікелей көрсетілімін Тікелей көрсетілім каналында мына сілтеме арқылы көре аласыздар:  https://youtu.be/ro9tF1USD5E 
Вознесенск Соборының алаңының алдында қызметтікті көрсету үшін LED-дисплей орнатылады. 

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда мерекелік Құдайға қызметтікті митрополит Александрдың бата беруі бойынша Қазақстанның Митрополиттік аумағын басқарушы Кәскелең епископі Геннадий басқарады. Қызметтіктің басталуы 23:30.

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...