Алматыдағы мектеп-интернатта нашар көретін және зағип балаларға арналған гүл өсіру бойынша шеберлік сыныбы өтті
Алматыда №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта жоғары сынып оқушыларына арналған мектеп бітіру кеші өтті.
Балалар бұл күнді бір жыл бойы күтті! Олар жылыжайға жиналып, өздеріне ұнайтын бөлме өсімдігін таңдады, кейін бұл өсімдікті өздерімен бірге ала кетеді.
Дети школы-интернат в теплице
Бірнеше жылдан бері бұл мекемеде көру қабілеті нашар және зағип балаларды қалалық жағдайда бейімдеуге арналған кеңістік бар. Бұл жобаның біздің елде де, ТМД-да да баламасы жоқ.
Кеңістік бірнеше нысанды қамтиды. Олардың бірі – ұсақ моториканы және иіс сезуді дамытуға арналған жылыжай, онда балаларға өсімдіктерді өздері өсіруге мүмкіндік беріледі.
Гүл егу уақыты
Жылыжайға жоғары сынып оқушылары жиналды: 10-шы, 11-ші және 12-ші сынып бітірушілері де осында. Бұл мектепте балалар он екі жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқиды. Мұнда гүл өсіру сабақтары дәстүрге айналды, үнемі өткізіліп тұрады, ал гүлді егіп, өзімен бірге ала кету шарасы осымен үшінші мәрте өткізіліп тұр.
Флорист Олеся Пак«Балалар гүл өсіру шеберлік сағатына қуана қатысады, өйткені бұл жақта жерді қолдарымен ұстап, жағымды күш-қуат алады. Бір нәрсе еккен кезде жаның тынышталып, жүрегіңде ерекше сезім оянады, өйткені жер – бізді асыраушы», - дейді флорист-көгалдандырушы Олеся Пак.
Олесяның пікірінше, бұндай сабақтардан баланың алатыны көп. Мысалы, тыңайтқыш деген не, оның құрамында қандай микроэлементтер бар, олар не үшін керек деген секілді ақпараттарды біледі.
- Біз бұл жақта балаларға тек өсімдік отырғызуды үйретпейміз, барлығын бірге істейміз. Тірі өсімдікті балалар жанасу, иіс сезім мүшелері арқылы сезінеді. Сабақ дауыс әрі қолдың көмегімен өткізіледі. Балаларға түсіндіре отырып, олармен бірге өсімдікті ұстаймыз. Лимон, лавр, герань сияқты өсімдіктердің өзіндік иісі бар. Біз оларды ұстап, иіскейміз, зерттейміз, - дейді гүлзар.
Томирис Нургазиева
10 сынып оқушысы Томирис Нұрғазиева бүгін өзінің гүлін үйге әкетті.
Қыздың сөзінше, ол жылыжайға ай сайын гүлдерге күтім көрсету үшін келеді.
- Гүл отырғызғанда немесе оған күтім жасағанда гүлдің сұлулығы мен жағымды энергетикасын сезінемін, - дейді ол.
11 сынып оқушысы Наиль Ермұхамбет гүл өсіргенді ұнататынын жасырмады, гүлді жақсы көретін әжесіне көмектеседі екен. Жылыжай ашылғалы ол бес гүл отырғызған.
Наиль Ермухамбет
Н. Островский атындағы мектеп-интернаттың негізгі бағыты көз жанары нашар балаларға тәрбие беру болып саналады.
-Әр баланың өз гүлі бар, сыныпта тұр. Оқушылар оларға күтім жасайды, бұл аты бар гүлдер. Бүгін балалар гүлдерді үйлеріне алып кетті. Мектептен естелік әрі өсімдіктер тірі болғандықтан оларға жауапкершілікпен қарауға баулиды, - дейді 12 сынып жетекшісі Гүлнара Амангелдиева.