V $ X V PRiNCE Қазақстандағы "Жыл әртісі" атанды | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

V $ X V PRiNCE Қазақстандағы "Жыл әртісі" атанды

243
2 минуты
V $ X V PRiNCE Қазақстандағы "Жыл әртісі" атанды
Қазақстандық музыка сегментіндегі биылғы жылдың ең үздік әртістері анықталды. Бұл тізімді Яндекс Музыка платформасы құрды, деп жазады Кәсіби жаңалықтар агенттігі. 

Қазіргі таңда 500-ден астам қазақстандық музыканттың әндерін сол жақтан тыңдауға болады. 

Платформаның басты марапатын V $ X V PRiNCE жеңіп алды (жоғарыдағы суретте). Оның тректері чарттардың жоғарғы орындарындарынан көп көрінген. Сонымен қатар, оның "Дәмді" атты альбомы "Жыл альбомы" деп танылды, ал өзі "Жыл лайк көшбасшысы" атанды – миллиондаған пайдаланушылар оның композицияларын өз коллекцияларына сақтап, оны жылдың абсолютті көшбасшысы етті. 

Жылдың әртісі – Say Mo. Оның тректері биыл платформада хитке айналды, ал ірі жобаларға қатысуы тыңдармандар арасындағы танымалдылығын арттырды.

Жылдың тобы – көпшілік күткендей, "Ирина Кайратовна". Топтың "Айдахар" трегі рекордтық уақыт бойы чарттың шыңын бағындырды. 

Жылдың үздік тректері мен релиздері:

Жыл трегі – Jazzdauren «Дарите женщинам цветы».
Жыл альбомы – V $ X V PRiNCE «Дәмді».
Жылдың шұғыл хиті – Sadraddin «Melodrama».
Караоке-хит – Скриптонит пен FEDUK «Аста ла виста».

ISKRA Qazaqstan жобасы ерекше назар аудартты. Бұл жоба арқылы Jazzdauren "Жылдың жұлдызы" атағын алып, тыңдалу көрсеткішін 24 мыңнан 5 миллионға дейін арттырды. Ал inaleryy "Жылдың дебютанты" атанып, эмбиент жанрындағы ерекше әуенімен тыңдармандарды баурап алды.

Арнайы марапаттар:

"Жыл лайк көшбасшысы" – V $ X V PRiNCE.
"Чартты бағындырған трек" – «Айдахар» (Ирина Кайратовна).
"Менің толқыным хиты" – «Она безумна» (Wallem және Mult96).

Редакция таңдауы:

Жыл әртісі – 6ellucci, ISKRA Qazaqstan плейлисті арқылы танылған хип-хоп тобы.

фыф.jpg

Жыл релизі – Ayau «AYAULYM» альбомы.

пррпрп.jpg

Жыл подкасты – «Dope söz / Дөп сөз», онда Қазақстан қоғамының өзекті мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, платформаның арнайы "Жыл қорытындылары" бөлімінен басты номинациялар жеңімпаздарын, жанрлар бойынша топ-100 тректі, редакция таңдауы бойынша жылдың басты релиздері мен альбомдарын көруге болады. Сонымен қатар, әрбір қолданушы жеке музыкалық жылнамасын қарап, сүйікті орындаушылардың жыл бойғы жетістіктерімен олардың профилінде таныса алады.

Суреттер ашық дереккөздерден алынды 
  • Комментарии
Загрузка комментариев...