Жалған ақпарат таратудың жүгі қандай | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Жалған ақпарат таратудың жүгі қандай

406
4 минуты
Жалған ақпарат таратудың жүгі қандай
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратпен күрес қарқынды түрде жүргізілуде. Интернеттің дамуы мен смартфоны бар әр тұрғынның ақпарат тарата алу мүмкіндігі бұл мәселені өзекті ете түсуде.

Осы орайда қазақстандық үш жетекші жоғары оқу орындарының студенттері фейк пен фактчетинг туралы пікір алмасты.

«Тұран» университеті, КИМЭП Университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті студенттері арасында университетаралық ойын өтті. Жоба авторы – «Тұран» университетінің оқытушысы Ботагөз Алдоңғарова.

Ольга Власенко
Ольга Власенко

Ольга Власенко, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университетінің аға оқытушысы:

«Студенттеріміз қоғамның, қаланың өзекті мәселелерін талқылады. Қаланың экологиясына байланысты мәселелер айтылды, төтенше жағдай кезіндегі тұрғындарға берілетін ақпарат пен фейктер кімге тиімді және оны қалай қадағалау керек деген мәселелер де көтерілді.

Студенттер аталған мәселелерге бей-жай қарай алмайтындарын атап өтті. Фейктермен күрес жүргізілуі тиіс әрі бұл күресті әркім өзінен бастауы тиіс.

Біріншіден, білім, медиасауаттылық пен сыни ойлай білу қабілетін дамыту қажет. Бір жаңалықты оқыған кезде оның жалған екенін грамматикалық қателіктерден де байқауға болады. Алынған хабарламаға қарап бірден тұжырым жасауға болмайды. Күмәнді контентті әрі қарай бөліспей тұрып жан-жақты зерттеген дұрыс. Өйткені егер контент жалған болса, өзіңіз жалған ақпарат таратушы болуыңыз мүмкін. Жақында Алматыда болған жер сілкінісі кезінде әлеуметтік желілерде 15 минуттан кейін екінші толқын болатыны туралы хабарлама тарады, онда жер сілкінісі 8 немесе 11 балл болатыны айтылған. Сондықтан айғай-шуға беріліп, хабарламаны әрі қарай бөліспес бұрын жақсылап ойлану керек».

Хабарламаның шын-өтірігін анықтайтын арнайы технологиялар бар. Алайда әртүрлі мақаланы чек-аптан өткізетін қосымша әлі де жоқ. Қазақстанда жалған ақпарат таратқан адам заң алдында жауапқа тартылады. ҚР Заңының 274 бабына сәйкес жалған ақпарат таратушы адам қоғамдық тәртіпті бұзады, 1000-нан 5000 АЕК көлемінде айыппұл арқалап, 400-ден 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Одан бөлек 1-7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы немесе бас бостандығы шектелуі мүмкін.

Жюри - Галина Галкина, Далида Накупова, Юрий Дорохов

Тәуелсіз қазақстандық PR-кеңесші Юрий Дорохов:

«Өтірік – пиарда да, журналистикада да қолдануға болмайтын нәрсе, өйткені сіз әшкере боласыз, кейін сенімнен айырыласыз. Креативтілік – іздей білу, ақпарат табу, шығармашылық қосу өтіріктің құрығына ілінбей жұмыс істеуге мүмкіндік береді».

Победители - команда университета Туран, с членом жюри Галиной Галкиной

Галина Галкина, UCPЕvo (United charity projects evolution) қайырымдылық қорының жанындағы агенттіктің журналисі, халықаралық журналистер федерациясының мүшесі:

«Жер бетіндегі тиражы ең көп кітаптар саналатын қасиетті Құран да, Библия да ақиқатты жақтайды. Қазіргі таңда фейктер айналада өте көп. Алайда жалған ақпарат жазасыз қалмайды. Сіздің абыройыңыз сізден бұрын жүреді. Ерте ме, кеш пе жалғандық үшін әшкере болып, абыройыңыздан айырылуыңыз мүмкін. Соңында өз-өзіңізді жоғалтасыз".

  • Комментарии
Загрузка комментариев...