Олимпиаданың ашылу рәсімі: кешірім сұрағанымен жүректерде жара қалды | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Олимпиаданың ашылу рәсімі: кешірім сұрағанымен жүректерде жара қалды

1036
7 минут
Олимпиаданың ашылу рәсімі: кешірім сұрағанымен жүректерде жара қалды

Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі шусыз өткен жоқ. Салтанатты рәсімде көрсетілген бір көріністен христиандардың ар-намысына нұқсан келді.

Біз осы тұрғыда Қазақстанның православиелік шіркеуінің діни қызметкерлеріне жүгіндік.

Христиандардың намысына тиген не нәрсе?

Салтанатты ашылу рәсімінде танымал француз дрэг-әртістер (жарқын макияж жасаған, әйел киіміндегі ер адамдар) өнер көрсетті. Олардың перфомансы христиан дінін ұстанатын жандардың наразылығын тудырып, біраз пікірталасқа арқау болды.

Леонардо да Винчидің Иисус Христос пен оның оқушылары бейнеленген «Жұмбақ кеш» атты картинасына қатты ұқсайтын қойылым көрсетілді.

Reuters агенттігінің жазуынша, Францияның католиктік шіркеуі шоуды сынға алды. Рәсім ұйымдастырушылары ешкімді ренжіткілері келмегенін айтты:

«Әлдебір діни топтарға сыйластық танытпау ниетіміз болмаған еді. Ашылу рәсімінде біз қоғамдық толеранттылыққа басымдық бергіміз келді», - деді олимпиадалық ұйымдастырушы комитеттің ресми өкілі Анн Дескамп.

«Бұл мақсатымыз орындалды деп ойлаймыз. Егер біреу-міреуді ренжіткен болсақ, кешірім сұраймыз».

Ұйымдастырушылар ЛГБТ қауымдастығына жататын әртүрлі тұлғаларды көрсету арқылы толеранттылықты көрсеткілері келді деген пікір де бар. Сахнада шынымен әртүрлі адамдар болды, олардың жастары әртүрлі, терілері мен жыныстық қалаулары да әр бөлек.

Православие діни қызметкерлері не дейді?

«Бекер емес»

Александр Суворов, АПН
Александр Суворов, КЖА

Алматы Вознесендік кафедралды соборының ключары, Қазақстан Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Протоиерей Александр Суворов бұндай деңгейдегі шараларда ештеңе бекер болмайды деген пікірде.

– Мен шоуды көрген жоқпын, алайда маған осы фрагменттерді жіберді. Мен бұның мақсатын түсінбедім. Әлде бұл қазір теңдік пен еркіндікке ұмтылып жатқан бүкіләлемдік тренд пе? Олар ерекше, христиандардың ең маңызды символы «Жұмбақ кешті» қолданды. Меніңше бұл өте жаман.

Қоғамның зайырлы бөлігі дін аумағына аяқ басты. Бұнымен не айтқылары келгенін мен білмеймін. Алайда діни қауымдастықтан осындай реакция күткен де болар.

Мына суретке қараңызшы. Бұл не? Цирк пе? Қаншалықты «кездейсоқ сәйкестік» деп айтуға болады? Меніңше олар бәрін екі шұқып, бір қарады. Бұның стратегиялық саяси астары бар», - дейді Александр әкей.

«Дәстүрлі христиандарға арналған»

Евгений Иванов. АПН
Евгений Иванов, КЖА

Қазақстан Митрополиттік округінің ақпарат бөлімінің басшысы Евгений Иванов әріптесінің сөзіне келіседі.

– Католиктік священниктер де, өзге де менің әріптестерім де бір сөзбен айтқанда жағаларын ұстап жатыр. Қазір Еуропа мәдени және зияткерлік деңгейде постмодерн кезеңінде. Алайда бұл – шектен шығу.

Кейбір адамдар шіркеуге, дәстүрлі христиандық құндылықтарға, Библияға сын айтуы мүмкін. Алайда бұл мазаққа айналса, басқа нәрсе. Католик епископының пікірімен келісемін. Ол бұл қойылымды қойған жандар нақты кімге бағытталғанын, кімге қарсы екенін анықтап алғаны анық дейді. Бұл дәстүрлі христиандарға арналған қарсылық. Жұмбақ кеш кімге қаншалықты қымбат болса, бұл қойылым соларға арналған.

Тек католиктер емес, православиелік, дәстүрлі христиандардың да намысына нұқсан келді. Бұл әрекетті басқа дін туралы істеп көрсе болар еді. Алайда олар бұлай жасаған жоқ. «Өйткені қорқады», - дейді священник.

Евгений әкейдің сөзінше, христиан діні қазіргі таңда әлем бойынша мазақ етуге болатын дінге айналды.

-Таңғалған жоқпын, өйткені батыс өркениетінің даму деңгейі. Франция қоғамы көбіне консервативті емес. Ел өзінің мәдениетімен, адам құқығына деген қарым-қатынасымен мақтанады. «Бауырластық, теңдік» деген сөздер Францияда көп айтылады. Франция Батыс Еуропадағы ең католиктік ел болмаса да, католиктік тамыры терең. Ежелгі Франция Шіркеудің кіші әпкесі саналған. Ол әлемге тамаша христиан ғалымдарды берді. Алайда осылай болуы мүмкін деп болжауға да болады. Өйткені қазір христиандықты мазақ ету сәнге айналды.

— Француздар мұсылмандардың да намысына қол сұқты. Исламға байланысты карикатура жасап, соңы қайғылы жағдайға ұласқан болатын.

— Расымен Франция сондай мәнерімен ерекшеленеді. Бірақ бұл жай ғана бір баспа болатын. Мемлекеттік емес. Олимпиадалық ойын туралы әңгіме басқа. Бұл бүкіләлемдік оқиға ғой. Тек француздар, еуропалықтар ғана емес бүкіл әлем көз тігеді. Олимпиада өткізіп жатқан ел әдетте ең мықты тұстарын көрсетеді. Англиядағы, Сочидағы Олимпиадалардың ашылу рәсімін еске алуға болады.

Рим Папасы неге үнсіз?

— Іс жасалып болған соң барып кешірім сұрау дегеніңіз... Бұл кешірім сұраудың да астарында сарказм бар. Мені христиан әлемінің, католиктердің үнсіздігі таңғалдырады. Мысалы, Құранды өртегенде әлем бойынша не болатынын қараңыз. Елшілік алдында ереуіл болып, ең ұлы деген жандар да, қарапайым жандар да үнсіз қалмайды. Ал біз үнсізбіз. Еуропада сөз бостандығы, демократия бар десек те, христиандар үнсіз. Кейбір жандардың айтып жатқан сөзі теңізге тамған тамшы тәрізді. Америка үнсіз. Оңтүстік Америка үнсіз. Франция шіркеуінің реакциясы қайда? Бұл әлемдік деңгейдегі ауқымды шара.

Миллиардтаған христиандар Парижде болған оқиғадан қорланды, алайда реакция аз ғана. Рим Папасы да үнсіз. Оның сөзіне саясаткерлер, билігі бар адамдар, мемлекет басшылары бас шұлғиды. Алайда оның тарапынан ешқандай реакция жоқ. Негізі болуы керек еді.

Секуляризм бе?

Игумен Филипп (Моисеев)
Игумен Филипп (Моисеев)

Қазақстан Митрополиттік округінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі патриархалдық комиссиясының мүшесі Игумен Филипп Моисеев бұл қойылым рұқсат етілгеннен тыс деп санайды.

– Православиелік христиандық бұл мәселелерде қатаң консервативті болғандықтан, бұл әрекетті күпірліктен басқа жолмен бағалау мүмкін емес. Бұрмалаушылар армиясының әлемді біртіндеп жаулап алу схемасы айқын көрінеді. Ұстанымдар өзгеруде.

Джон Кеннеди Тулдың американдық сатиралық романындағы "Остолоптардың келісіміндегі" эпизод ойға оралады, онда басты кейіпкер гомосексуалистпен диалогта осы бауырластықтың билікке енуінен қорқады, олар болса, "біз ол жаққа барамыз" деп қуанышпен жауап береді және жалпы, біздің қанша екенімізді ешкім білмейді дейді.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...