Алматыда аутизм белгісі бар балалар сахнаға шығып, қойылым қойды Ақпарат дереккөзі | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Алматыда аутизм белгісі бар балалар сахнаға шығып, қойылым қойды Ақпарат дереккөзі

468
6 минут
Алматыда аутизм белгісі бар балалар сахнаға шығып, қойылым қойды  Ақпарат дереккөзі
Суреттер: Галина Галкина, АПН

Almaty Theatre-да «Муха-Цокотуха» мюзиклі қойылды. Қойылымда аутизм белгісі бар жас әртістер өнер көрсетті. 

news5728.jpg

Шоуға 4,5-17 жас аралығындағы "Аутистік спектр бұзылысы" (Расстройство аутистического спектра (РАС) бар 28 бала қатысқан. Олармен бірге ата-аналары да сахнаға шықты. Бәрін қосқанда 49 адам өнер көрсетті.

Бүкіл декорацияны балалардың ата-аналары жасап шыққан. 

Жас әртістер өз рөлдерін тамаша алып шықты. Ән айтып, би биледі, музыкалық аспаптарда ойнады. Рифат Михрамов фортепианода өнер көрсетті. 

news5729.jpg

Әр мюзиклдың өз кульминациясы болды. Бірнеше жыл бұрын бұл балалар сөйлей алмаған, ешкімді естімеген, қарым-қатынас жасай білмеген.

Әуез Сансызбаев гитарада ойнады. 

"Аутизмді жеңеміз!" атты орталықтың мамандары балаларға көп күш салған. Мамандардың маңдай терлері желге ұшқан жоқ. Ата-аналардың да еңбектері орасан. 

Балалар өздері ұмтылып, үш жақты еңбектің арқасында тамаша қойылым дүниеге келді. 

news5731.jpg

"Мейірімділік" ерікті қоғамы қоры мен "Аутизмді жеңеміз!" орталығының директоры Аружан Саиннің сөзінше, аутизмі бар жас балаларға сахнаға шығу оңай соқпады. Алайда олар барынша тырысып, қойылымды алып шыққан. Бұл - оңалту жолындағы ірі жеңіс.

news5732.jpg

«Күн сайын сабақта жасайтын еңбектері қойылымдарында көрінді. Бүгінгі мюзикл қарапайым адамдарды шабыттандырып қана қоймай, тәрбиеленушілерімізге көмектесіп, осындай қиындығы бар балалар мен ата-аналарға мотивация береді деп сенемін. Ата-аналар бәрі мүмкін екеніне көз жеткізеді. Егер еңбек етіп, балаңызға көмектессеңіз, ол сізді ғана емес, отбасын, бүкіл әлемді таңғалдырады!", - дейді Саин. 

news5733.jpg

Сахнадағы әртістер көрерменді таңғалдырып қана қоймай, оларды бір күлдіріп, бір жылатқан. Көрермен "Браво!" деп айғайлап, әртістерге қол шапалақтады. 

news5734.jpg

Сахна қыза бастады. Басты рөлдегі 17 жасар Аружан Есімғалиева бәрін таңғалдырды. 

news5735.jpg

Жас әртіс бүкіл мюзиклдың ажарын ашты. Дарын, харизма, музыкалық, басшылық қабілеттері анық көрінді. 

news5736.jpg

Әртістер мюзиклді тамаша аяқтады. 

news5737.jpg

«Муха-Цокотуха» мюзиклының қоюшы режиссері, психолог, жобаның кураторы Қарлығаш Мұхамедиеваның айтуынша, 4 жыл бойы "Аутизмді жеңеміз!" орталығында балаларға актерлік шеберлік, вокал, би сабақтары оқытылған. Алайда мюзиклді қойған педагог басқа елге кеткен. 

news5738.jpg

Сондықтан да Қарлығаш қойылымды өз мойнына алған. Қарлығаштың қызы Милана - аутизм белгісі бар бала. Сондықтан ерекше балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін Қарлығаш жақсы түсінген. Милана қойылымда көбелектің рөлін сомдаған. 

Аружан Саинның айтуынша, ата-ана баласының әлдебір қиындығын көріп, онымен жұмыс істей бастаса, бала тез оңалып, балабақшаға барады, кейін ел қатарлы мектеп оқитын болады. 

news5739.jpg

Аружанның айтуынша, мамандар мен ата-ана баласымен қаншалықты ерте жұмыс істей бастаса, жемісін де соншалықты тез көреді. "Аутизмді жеңеміз!" орталығына ересек кезінде келген балалармен мінез-құлық тұрғысында жұмыс істеледі. 

news5740.jpg

Аталған мюзиклді қоюшылар қойылымды басқа да қалаларда, тіпті, шетелде көрсеткісі келеді. Балалар үшін бұл - үлкен көрсеткіш. Соншалықты еңбек етіп, күш салып шығарған қойылым арқылы олар әлемге керек екендіктерін сезінеді. 

news5741.jpg

«Өз балаларыңызға сеніңіздер! Айналаңыздағы адамдар бұл бала ешқашан сөйлемейді, ешкіммен сөйлеспейді, ешкімді естімейді де, көрмейді, ол ештеңеге жарамсыз деп айта береді. Бұндай адамдармен сөйлеспеңіздер. Тек жұмыс істеп, алға жылжыңыздар! Аутизм белгісі бар балалар да, ересектер де тамаша жетістіктерге жеткен. Егер оларға көмектеспесе, олармен жұмыс істемесе, бұндай жетістіктерге жетпес еді", - деді Аружан Саин. 

news5742.jpg

Әуез Сазанбаев гитарада ойнап, "Икс мырза" ариясын тамаша айтып шықты. Өз биін өзі қойып, өнерін халыққа паш етті. Жалғыздық тақырыбы аутизмнің жанды жері іспетті: "Өмір бойы бетперде кию - менің тағдырым!" деп шырқады Әуез. Орталықта Әуез балалармен тьютор ретінде жұмыс істейді. Ол жұмысын жақсы атқарады. 

news5743.jpg

Ата-аналар балаларының ерекшелігін білген кезде: "Құдайым, маған неге бұл баланы жібердің?" дейді. Кейін: "Неге? Не үшін?" деген сұрақтарға бас қатырады. Бұл туралы Алматы Никольский соборының протоиерейі Вячеслав Пугачев былай дейді: 

"Діни сенімі бар адам Құдай неге бұндай сынақ жіберетінін жақсы түсінеді. Бұның барлығы бекер емес. Бұндай балалар неге келеді? Халық айтады: "Бақытсыздық болмаса, бақыт болмайды" дейді. Кей ата-аналар бұндай ойға бірден келмейді. Кез келген отбасы үшін бұл оңай сынақ емес. Сынақ ата-ана рухани тұрғыда өсу үшін беріледі", - дейді протоиерей.

Протоиерей Вячеслав Пугачев ерекше баласы бар отбасы туралы да айтты.

"Ата-ана баланы қабылдап, оны тәрбиелеп, дамытуы керек. Өзінің рухани өсуін де қадағалауы тиіс. Толық отбасыда ер адам жұмыс істейді, ал әйел адам бұл балаға бар зейінін қояды. Бұл сынаққа сынбаған кез келген отбасының іргесі берік бола түседі", - деп түйіндеді сөзін протоиерей.

Источник -  massaget.kz
  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также