65 жыл бұрын бірегей фотограф, Павлодар облысынан шыққан өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев өмірден өтті.
Ол XX ғасырда болған маңызды тарихи оқиғаларды суретке түсіріп, қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін қазына тастап кеткен.
Богаев артына бай мұра қалдырды. Суреттер Павлодар облыстық өлкетану музейінде сақталып тұр. Ал ҚР орталық мемлекеттік киносуретқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатында Багаевтың 1,5 мың тал суреті сақтаулы. Жалпы алғанда оның 140 мың суреті бар.
Дмитрий Багаев
Дмитрий Багаевтың суреттері - нағыз шедевр деуге болады. Күні бүгінге дейін мамандар түсірілім техникасының құпиясын аша алмай әуре.
Баянауыл байының киіз үйінде
Багаевтың жұмысы тарихшылар мен мұрағаттанушылар үшін Қазақстан тарихынан хабар беретін мол шежіре. Бүгінгі таңда Багаевтың суретін қарайтын әр көрермен әлдебір сиқыр сезімге бөленеді. Бұл оқиға өткен ғасырда емес, дәл қазір болып жатқан сыңайлы.
Бойжеткендер
Дмитрий Поликарпович күнделік жазып, айналасындағы жағдайлар туралы өзінің ойын білдіріп отырған. "Жеке фотограф болғалы тез арада өз бағымды фотокөрмелерде сынап көруге бел будым", - деп жазады ол.
Диірмен тарту барысы
"Революционер ретінде өз жұмысыма патшаның шексіз билігінің кемшін тұстарын арқау еттім, олар: ауыр еңбек, кедейлік, қиналыс т.б. Өзім қатысқан барлық көрмеде менің жұмыстарым марапат алып отырды, ал 1912 жылы өткен бүкілресейлік конкурста ең жоғары Гран-при алдым. Осы жұмыстарым үшін Географиялық қауымдастықтың Сібірдегі бөлімшесі мені өздерінің корреспонденті етіп алды", - деп жазады ол.
1915 жылы Багаев әскерге кетіп, Ново-Николаевск пен 21-Сібір қордағы полкінде фотограф ретінде жұмыс істеді.
"1917 жылы төңкеріс басталғанда біздің полктің командирі, империалистік соғыстың қаһарманы, полковник Злобин былай деді: "Ұлы оқиғалар басталып жатыр, қазір түсірілген суреттер аса маңызды тарихи мәнге ие болады, сондықтан қолыңа фотоаппаратыңды ал да, қалаға бар, қазір әскери бөлімдер шығады, біздің 21-полк Қызыл тумен алғашқы болып шығады".
Содан бастап мен фотограф-тарихшы атандым.
Алғаш рет күнбағысты өзі өсірді. 1934
Дмитрий Поликарпович өмір бойы фотограф-тарихшы болып қалды: "1918 жылы Павлодарға оралдым: өз қызметіме адал адам ретінде тарихи оқиғалар болып жатқан жерге фотоаппаратымды қолтықтай келдім. Бірде бір оқиғаны мүлт жібермеуге тырыстым", - дейді ол.
Ұжымдастыру басталғанда және совхоздар құрылғанда Багаев бәрін фотоаппаратқа тартып алған.
Кілем басу
Дмитрий кейін музейдің директоры қызметін атқарған. 1946 жылға дейін бюджет негізінде жұмыс істеген музей аталған жылдан кейін фотосуреттерден түскен қаражатпен күн көрген, бүкіл шығынын суреттерден түскен қаржымен жапқан.
Бақташы
"Соғыс басталмай тұрып мен өз жұмыстарымды Ленинградтағы ғылым академиясы жанындағы этнография мен антропология музейінде көрсеттім. Академик Нефедов "көшпенді тұрмысты мыңжылдыққа қалдыру мүмкіндігін жіберіп алмағаным үшін" алдыңғы және Орта Азия қызметкерлерінің көз алдында маған алғыс айтты".
Балалық шақ
Кеңес үкіметі жылдары фотография саласында бай техникалық құралдар болмады. Сондықтан Багаев бәрін өз қолымен жасады. "Фотопластинкалар сатылымда жоқ болған кездер болды. Оны үй жағдайында қолмен жасап, біз 1941-1945 жылдары майдангерлер мен олардың отбасы үшін маңызды суреттерді сәтті жасадық. Майданнан көп алғыс алдым. Бір снайпер былай деп жазыпты: "Менің отбасымды суретке түсіріңіз, сол үшін үш фашистің көзін құртамын".
ҰОС
1905 жылы Дмитрий Багаев 21 жасқа толғанда Павлодарда жеке фотосалонын ашады. Оның аты тез арады брендке айналды.
Багаев шығармашылық жолында бірегей фотоколлекция жинақтады. "Қазақ халқының ХХ ғасырдағы өмірі мен тұрмысы" атты фотоколлекциясында қазақтардың күнделікті өмірін, тұрмыс-тіршілігін бейнеледі. Қазақ халқының жан-дүниесін ашып, шексіз даланың сұлулығын, бай табиғатын көрсетті.
Ол суреттерінде тек тарихты ғана бейнелеп қойған жоқ, сол заманға объективті баға берді. Багаевтің суреттері Павлодардағы Ертіс өңіріндегі маңызды тарихи оқиғаларды, атап айтқанда, төңкеріс, аштық, ұжымдастыру мен Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдарын таңбалаған.
Дмитрий Багаев пейзаж, портрет, оқиға орнынан репортаж, қарапайым адамдардың күнделікті өмірін бейнеледі.
Облыстың бас өлкетанушысы ретінде өмірінің соңғы күндеріне дейін өлкетанумен айналысты. Дмитрий Поликарпович 1942 жылы негізін қалаған тарихи-өлкетану музейі оның баласы іспетті еді. Багаевтың жұмыстары Қазақстанда лайықты бағасын алды. Шетелде де фотограф ретінде мойындалды. Уақыт өткен сайын багаевтік фотомұралар өз құндылығын арттыра береді.
Отбасылық сурет
Этнографиялық суреттер - Алматы қаласындағы ҚР орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары музейіндегі бай фотомұрағаттың ішіндегі ең қызықты топтама. Түпнұсқалары әйнектің ішінде сақталып тұр. Олардың жарық көргеніне жүзден астам жыл өтсе де, бұл суреттер қазір түсіріліп жатқан заманауи суреттерге қарағанда әлдеқайда сапалы.
Павлодардағы Әулие Троицкий соборы, 30-жылдар
Дмитрий Багаев Ертіс өңіріндегі шіркеулерді түсірген. Олар жойылып кеткен бірегей сәулет өнерінің ескерткіші іспетті шежіреден сыр шертеді.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалада төрт православиелік шіркеу болған: Флор мен Лавр шіркеуі, Владимир соборы, Қайта тірілу зираты шіркеуі және Әулие Троицкий кафедралдық соборы. Барлығы бүгінге дейін жетпей жойылып кеткен.
Багаев атеистік жылдары коммунистік көзқарас ұстанды. Соған қарамастан барлығына теңдей қарап, дін тақырыбына қатысты суреттерді де таңбалады.
Багаевтың жұмыстары шынайы фотоөнер деуге болады. Адамдардың бейнелері ашық, айқын. Халық кедейлікте, аштықта өмір сүрсе де, өмірге құштар қалыптарын жоғалтпаған. Дмитрийдің өзі кейіпкерлеріне мол махаббатпен қарады. Сол үшін де оның жұмыстары бүгінге дейін атақты болып отыр.
Түйе теміржолда
2004 жылы Павлодарда орналасқан “PROFI” студиясы Багаев туралы "Өмірге ұласқан фотосуреттер" атты документалды фильм шығарды. Жобаның демеушісі - фотограф Александр Пархоменко.
Қонаққа бара жатыр
Тігіншілер
"Қазіргі фотография техникалық дәрежеде жетілді, алайда өткен ғасырда фотографтар қайталанбас сурет іздеп әр жерге саяхаттады, өздерімен бірге ауыр әрі құнды аппараттарын алып жүрді", - дейді Александр.
Дмитрий Багаев
Багаев - фотографтардың ішіндегі шоқтығы биік тұлға.
Источник - massaget.kz