Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ем алатын пациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлім етті.
1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық Азия мұсылмандарының діни басқармасынан бөлініп шығып, дербес орган болып құрылды.
«Қазақстандағы дінтанудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында дін процестерін және олардың қазіргі қоғамға әсерін зерттеумен айналысатын жетекші ғалымдар, оқытушылар және студенттер жиналды.
2023 жылы Қазақстанда алғашқы рет репрессия құрбандарының сүйек қалдықтарын анықтау үшін археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, 50 құрбанның сүйек қалдығы табылды.
Наталья Сац атындағы театрдың Sats ComUnity балалар театр студиясының жас актерлері «Солнышко» балалар үйінде спектакль қойып, тәрбиеленушілерге ерекше сыйлықтар тарту етті.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда жыл сайын суицидтер саны өсіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші соңғы жылы 30%-ға артқан.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында Халықаралық қарттар күні жарияланды (1990 жылғы 14 желтоқсандағы резолюция). Сөйтіп, 1991 жылдың 1 қазанынан бастап бұл күн жыл сайын атап өтіледі.
Дүйсенбі, 30 қыркүйекте United Charity Projects Evolution (UCPEvo) қайырымдылық қоры «Солнышко» балалар орталығының тәрбиеленушілері үшін Қазақстан халықтарының ертегілері саябағында мереке ұйымдастырды. Іс-шара Әулие Вера, Надежда, Любовь және аналары Софияны еске алу күніне арналды.
Мемлекеттік мектептерге балама іздейтін ата-аналар үшін жеке білім ордаларына шолу жасадық. Атап айтқанда, бастауыш сыныптардың оқу ақысын жарияладық, себебі, орта және жоғарғы сыныптардағы оқу құны едәуір жоғары.
Алматы қаласы құрылған кезден бастап өзінің атақты алмаларымен, соның ішінде апортымен танымал. Алайда, өкінішке орай, көп жылдар бойы алма бақтары жоспарлы түрде жойылып жатыр.
Алматыдан Алакөлге баратын жолдағы – Талдықорған – Қалбатау – Өскемен учаскесі толық реконструкциядан өткеннен кейін ішінара ақылы болуы мүмкін, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі.
Алматыда крематоридің құрылысы іс жүзінде аяқталды, тек инженерлік желілерді қосу бойынша жұмыстарды бітіру қалды, бірақ нысанның іске қосылуы бірнеше жылдан бері кейінге қалдырылуда.