Діни қызметкерлер де қоғамның басқа мүшелері секілді отбасылық өмірде қиындық тууына байланысты ажырасуды рәсімдеуі мүмкін. Мұндай жағдайда діни қызметкердің өмірі қалай өзгереді? Белгілі бір жағдайларда оларға қызметін жалғастыруға тыйым салынады, кей жағдайларда қызметін сақтап қалады, бірақ жаңа отбасын құра алмайды, ал кейде тіпті, қайта үйленуге рұқсат етіледі.
Қызметке тыйым салу туралы шешімді олардың тікелей бастығы – басқарушы архиерей қабылдайды. Мұндай шешімді қабылдауда қандай принциптер басшылыққа алынатынын Алматыдағы Қазан соборының басшысы иерей Георгий Рублинский айтып берді. Оның отбасын құрғанына 13 жыл болған, бес баласы бар.
«Күрделі сұрақ. Біріншіден, діни қызметкерлер қоғам ішінен шығатынын ескеру қажет, олар да ажырасуы мүмкін. Біздің канондарда бір тармақ бар: кім кішкентай шіркеуді, яғни отбасын сақтамаса, үлкен шіркеуді де сақтай алмайды. Яғни, ол діни қызметкер бола алмайды. Бірақ белгілі бір ерекшеліктер бар.
Шіркеу канондары біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында жазылған. Олар сол кезеңнің жағдайын көрсетеді: ол кезде әйелдердің дауыс беру құқығы болмады, еркектердің меншігі болып саналды, сондықтан олармен ажырасу мәселесі болмады.
Қазір уақыт өзгерді. Алайда, Орыс Православие Шіркеуі тіпті, діни қызметкерлерге ажырасуға рұқсат беру туралы мәселе көтермейді. Бүгінгі таңда мұндай жағдайлар жеке-жеке қарастырылады, шешімді басқарушы архиерей қабылдайды.
Көбінесе мына қағиданы басшылыққа алады: отбасын тастап кеткен немесе жарының көзіне шөп салған адам кінәлі. Егер діни қызметкер кінәлі болса, ол қызметтен шығарылады. Егер ажырасуға жұбайы бастамашы болса, діни қызметкер қызметін сақтап қалады, бірақ қайта үйлене алмайды. Ауылға приходқа жіберілген таныс әкей бар. Әйелі онымен барудан бас тартты, олар ажырасып кетті, енді ол бойдақ, үйленбеген діни қызметкер. Тіпті кінәлі тараптың қызметке қайта оралу мүмкіндігі де бар: егер балалар болмаса немесе олар ересек болса, қызметке тыйым салынған діни қызметкер монашество қабылдап, нәтижесінде қайтадан қызмет ете алады», – деді Георгий Рублинский.
Шіркеумен некелескен
«Діни қызметкердің жұбайы матушка деп аталады. Тағайындау алдында олар жұбайымен бірге басқарушы архиереймен сөйлесуге келеді. Әйел адам күйеуі діни қызметкер болған кезде олардың өмірі қалай өзгеретінін түсінуі керек.
Қасиетті рәсім кезінде иерей неке сақинасын шешіп тастайды, сол арқылы енді шіркеудің басымдыққа ие екенін көрсетеді. Мәселен, мен демалыс күндері отбасыммен жүремін, кенеттен маған қоңырау шалып, адамды тазартуды сұрайды. Мен отбасымды тастап, шіркеуге барамын. Менің жолым болды, әйелім бұған түсіністікпен қарайды. Біз 13 жылдан бері некеде тұрмыз, бірақ сонда да бұл мәңгі болатынына столық енімді емеспін – кейде адамдар 20 жыл бірге тұрғаннан кейін де ажырасады.
Менің ойымша, діни қызметкерлердің ажырасуына қатысты шіркеу канондарын өзгертудің қажеті жоқ. Архиерей ажырасқаннан кейін діни қызметкерге қызмет ету туралы шешім қабылдағанда, әр жағдайды жеке қарастырады және икономия принципін басшылыққа алады (грек тілінен аударғанда бұл сөз "жұмсақтық" дегенді білдіреді). Ал ажырасуға ресми рұқсат берілуі кез келген діни қызметкердің әйелінен шаршағандығынан ажырасып, қайта үйлене алады дегенді білдіреді. Яғни, ол өз қауымына өзі ұстанбайтын нәрсені үйретеді», – деп қорытындылады иерей Георгий Рублинский.
Фото: Freepik, АПН
Скачивайте мобильное приложение АПН и читайте наши новости в своем смартфоне!