Православиелік аластау рәсімі: мәні мен мағынасы | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Православиелік аластау рәсімі: мәні мен мағынасы

29
6 минут
Православиелік аластау рәсімі: мәні мен мағынасы
Православиелік сенім тұрғысынан қарағанда үйді немесе көлікті аластаудың мағынасы қандай? Біз бұл сұрақты Алматыдағы Казан соборының настоятелі Георгий әкейге қойып, бұл рухани рәсімнің мағынасын білуге және ол қаншалықты Құдаймен байланысты арттыратынын түсінуге тырыстық. 

Священник аластаудың мағынасын, аталған қасиетті рәсімге қалай дайындалу керектігін және ол қазіргі кезде де не үшін өзекті екенін айтты. 

Фото1. Георгий Рублинский. настоятель Казанского собора. Фото АПН.png
Георгий Рублинский, Казан соборының настоятелі 

— Георгий әкей, не үшін православиелік христиандар көліктері мен баспаналарын аластайды? 

— Адам өзі қолы тиген барлық затқа қасиетті деп қарағаны жөн. Әлемде өмір сүре отырып біз әртүрлі материалдық заттармен жанасамыз, өйткені өзіміз де материалдықпыз. Біз сол дүниені Құдайға деген алғыспен, мағынамен толтырғымыз келеді. Пәтер туралы айтар болсақ... Өзім жақсы көретін бір анекдот бар. Бір адам баспанасын аластату үшін священникті шақырған екен. Ол "Не үшін?" деп сұрайды. "Сізге не үшін керек?" дейді. Сонда әлгі адам: "Жамандықтың бәрі кеткенін қалаймыз" деп жауап береді. Сонда священник "Ал сіз қайда тұрасыз?" деп сұраған екен. 

Шын мәнінде аластау рәсіміне сиқыр ретінде қарамау керек. Біріншіден, біз жан-жағымызды өзіміздің іс-әрекетімізбен қасиеттейміз, сондай-ақ бұл рәсім ең алдымен Құдайға деген разылық болып саналады. Құлшылық арқылы, қасиетті сумен суару арқылы Құдай әр адамның өміріне қатысады, материалдық бола отырып біз Құдайдың біздің материямызға келуіне мүмкіндік жасаймыз. 

Фото 2. Освещение жилища. Источник pravmir.ru.jpg
Баспананы аластау. Дереккөз: pravmir.ru

— Демек үйін аластаған адамның бойында осы рәсімнен кейін бір жауапкершілік қала ма? 

— Жауапкершілік дүниеге келгеннен бастап пайда болады. Дін саласында әрдайым "Мен не үшін осыны істеп жатырмын?" деген сұрақты өзіңе қойған өте маңызды. Бәрін аластаған дұрыс, біз бәрін де аластай аламыз. Өзіміз айдап жүрген көлікті де, өйткені біз бәрін Құдайға деген алғыспен бастауымыз керек. Баспана сатып алдық па, священникті шақырып, құлшылық жасаймыз, Құдайға рақмет айтамыз, алдағы өмірімізге бата сұраймыз, Құдайдан бізді қорғауын, өзінің ризық-несібесін беруін сұраймыз. Көлік туралы да солай.  

Біз алғыс пен бата аламыз, өйткені біз осы дүниеге қатыстымыз, бұның да Құдайға арналғанын қалаймыз. Бұл өте пайдалы, адамның рухани әлемінен бөлек, психологиялық тұрғыда Құдай біздің өмірімізде бар екенін түсінгенде бәрін Құдаймен бірге жасауға тырысамыз. Аластау рәсімі арқылы біздің санамызға Құдай әрдайым бізбен бірге, адамға тән нәрсенің бәрі Құдайдың ісі деген ойды сіңіреміз. Міне, осы нәрсе ең маңызды. 

Фото 3. Освещение автомобиля. Источник DRIVE2.RU.jpg
Көлікті аластау рәсімі. Дереккөз: drive2.ru

— Рәсімнен кейін көбі көліктеріне икона жабыстырып қояды (мысалы, саяхатшылардың қорғаушысы Николай Чудотворецтің иконасын) немесе айқыш қояды, бұл Құдайдың әрдайым өзімен бірге екенін есте ұстау үшін жасалады. Демек, бұл дәстүр "Құдай әрдайым бізбен бірге" деген сөз бе? Рәсімді жасау қаншалықты міндетті? 

— Міндетті дей алмаймын, алайда бұл жақсылыққа шақыратын дәстүр. Біз бәрібір де өзімізбен діни заттарды алып жүреміз, Құдайды есте ұстау үшін, құлшылық жасау үшін дегендей. Иконаны да біз қасиетті деп есептейміз, өйткені иконаны көргенде шоқынасың. 

— Ал қандай заттарға аластау рәсімін жасауға болмайды? 

— Егер қалап тұрсаңыз, кез келген затты аластаңыз, қасиетті суды алыңыз да, бүркіңіз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Мысалы, христиандық өмір салтын ұстанбайтын ғимараттарды аластауға болмайды. Бұндай орындарға Құдайдың батасын шақырудың қажеті жоқ болар. 

Фото 4. Освящение дома-интерната. Источник фото mosmit.ru.jpg
Интернатты аластау рәсімі. Дереккөз: mosmit.ru

— Тағы да мына нәрсені сұрағым келеді. Священникке жүгінбей-ақ адамның өзі де осы рәсімді жасай ала ма? 

— Әлбетте. Барлық адам жасай алады. Барлық христиандар үйлерінде қасиетті суды ұстауы керек. Баспананы, көлікті, заттарды аластауға болады. 

— Ал көлікті шіркеуде священникпен бірге аластаудың айырмашылығы қандай? 

— Адам баласы үйіне священникті шақырғанда бұл тек ресми рәсім болмауы тиіс. Бұл тұтас рухани акт, адам священникпен бірге құлшылыққа қатысады, орнатылған тәртіпті сақтайды. Үйді аластау бір рет қана болатын нәрсе, кейін үй қожайыны өздігінен құлшылық жасай отырып қасиетті сумен аластай берсе болады. Жақында біз Құдайдың Крещениесін, Богоявлениесін атап өттік, біраз адам крещение суын алып үйіне апарды. Осы суды айналадағы барлық затқа бүрку дәстүрі бар: отырған жеріңді, заттарыңды, өзің қолданатын дүниенің бәрін аластап шығуға болады. 

Православие дәстүрінде заттарды аластау тек рәсім ғана емес, адамның Құдаймен байланысын арттыра түсетін терең рухани әрекет. Ол күнделікті өмірді мағынаға толтырады, адамның Құдайдың алдындағы жауапкершілігін сезінуіне мүмкіндік береді, Құдайға деген алғысты оятады. Қазіргі таңда материалдық заттарды аластау рәсімі біздің қолымыздағы бар заттардың тек жансыз нәрсе емес, мағынасы бар екенін, өзіне деген мұқият қарым-қатынасты талап ететінін көрсетеді. 

Автор: Вилюян Бояркин
  • Комментарии
Загрузка комментариев...