Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары - 2024 туралы не білуіміз керек | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары - 2024 туралы не білуіміз керек

5531
4 минуты
Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары - 2024 туралы не білуіміз керек
Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары – әлемдік деңгейдегі ең ауқымды шаралардың бірі. Ол қазіргі олимпиада тарихында 33-ші және 1900 және 1924 жылдардағы ойындардан кейін Францияда өткізілетін үшінші жарыс болмақ.

Олимпиада 26 шілде күні салтанатты ашылу рәсімінен басталмақ, ал 11 тамыз күні жабылу салтанаты болады.

Спорттың қай түрі сарапқа салынады

Париж-2024 Олимпиада ойындарының бағдарламасы 32 спорт түрінен тұрады.

Бағдарламаны және негізгі 28 олимпиадалық спорт түрлеріне арналған ойындардың жалпы тұжырымдамасын жақсарту үшін қосымша ретінде брейк-данс, спорттық альпинизм, скейтбординг және серфинг таңдалды. Алғашқы үш дисциплина үшін бұл екінші Олимпиада болса, брейкинг ойын бағдарламасында алғаш рет қойылды.

Сайыс қалада да, қаланың шетінде де өтеді. Ат спорты мен велоспорт Версаль қаласында болмақ. Ал футбол турнирінің матчтары Францияның әртүрлі қалаларындағы стадиондарда болады: Бордо, Нант, Лион, Сент-Этьен, Ницца және Марсель қалаларында өтеді деп күтілуде. Серфингшілер жарысы Француз Полинезиясында, Таитиде өтеді. Бұл – ойын тарихындағы ұйымдастырушы қаладан ең алыс орын.

Ұйымдастырушылар Олимпиадаға 206 елден 10 500-ге жуық спортшы келеді деп жоспарлауда.

Олимпиаданың символы ретінде жануар емес, зат таңдалды

Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті 2022 жылдың 14 қарашасында талисмандарды таныстырды. Олар мәндік тарапта Фрижи болды.

Фрижи – бұл кішкентай фригиялық қалпақшалар. Олар еркіндіктің, инклюзивтіліктің және адамдардың үлкен және ақылға қонымды істерді жақтау қабілетінің мықты символы ретінде қызмет етеді. Фрижи қызыл, ақ және көк түстермен боялған. Олардың кеудесінде Париж-2024 ойындарының логотипі орналасқан. Фрижилердің көздері "Француз кокарды" түрінде жасалған - ұлттық француз ою-өрнегіне айналған үш түсті розеткаға ұқсас болып табылады.

Қазақстан намысын кім қорғайды

Бүгінгі таңда Олимпиада ойындарына республикадан өнер көрсету құқығын жеңіп алған 92 спортшы іріктелді. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова Қазақстанның туын көтеру құрметіне ие болды.

Лицензия алған спортшылардың қатарында теннисші Елена Рыбакина, велошабандоз Алексей Луценко, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев және Сәкен Бибосынов бар.

Спортшылар қандай сыйақы алады

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Олимпиада жүлдегерлері мемлекеттен 250 мың долларға дейін сыйақы алатынын айтты. Алтын медаль иегері $250 мың, күміс иегері $150 мың, қола иегері $75 мың қаражат иеленеді.

4-6 орын иегерлері 10-5 мың доллар аралығында ақша алады. Олимпиада рекордын орнатқан спортшы $5, жаттықтырушы $3 алады.

Nielsen атап өткендей, қазақстандық жеңіл атлеттер алда келе жатқан Жазғы ойындарда 10 медальға қол жеткізеді: екі алтын, бір күміс, жеті қола қоржынға түспек. Ал Олимпиада ойындары – 2024 сайысында АҚШ спортшылары медаль алудан алдына жан салмайтыны болжануда. Спорт санағын сарапқа салатын беделді компаниялардың бірі Gracenote осылай дейді. Зерттеу барысында 2021 жылдан бері оздырылған әлем чемпионаттары мен құрлықтық біріншіліктердің нәтижесі есепке алынған.

Еске сала кетейік, Қазақстан үшін Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиада ойындары ең нәтижелі болған еді. Спортшылар сол кезде 13 медаль иеленген: 7 алтын, 1 күміс, 5 қола ел мәртебесін өсірген еді.

Трансляцияны қайдан көреміз

Төрт жылдықтың маңызды ойынын бес телеарна тікелей эфирден көрсетеді:

• Qazsport,
• «Хабар»,
• Qazaqstan,
• «Ел Арна»,
• «Жібек Жолы».

Олимпиада ойындарының билеттері қанша тұрады

Олимпиадаға билеттер ресми сайтта сатылады: https://tickets.paris2024.org/. Ашылу салтанатына қатысу құны бәрінен қымбат. Ол секторға байланысты 90 € (46 690 тг) ден 2 700 € (1 400 717 тг) аралығында. Салыстыра кетейік, бұл Қазақстандағы 16,4 минималды жалақы (бір МРП – 85 000 тг).

Базалық билеттер бағасы 24 € (12 450 тг) ден басталып, 525 € (272 361 тг) дейін жетеді. Билеттердің ең арзаны ерлер футболы бойынша квалификациялық ойынға кіру болса, ең қымбаты әйелдер арасындағы жеңіл атлетиканың финалы.

Фотосурет: ашық дереккөзден алынды
  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также