Ережеде қарастырылған автордың диссертация жазу жұмысына жасанды интеллект технологиясын қолдануын қарастыратын жаңа бөлімде жасанды интеллект отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің және ЖЖООК этикалық комиссия мүшелерінің мақұлдауымен ғана пайдаланылуы мүмкін екені жазылған.
Диссертация авторлары, ғылыми кеңесшілер және ЖЖООК-ның этикалық комиссия мүшелері диссертациялық жұмысты әзірлеу кезінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың шынайы мүмкіндіктері мен салдарын ескеруі қажет. Сонымен бірге, автор диссертацияны орындау қағидаттарын, ережелерде көрсетілген талаптарды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдану барысында ЖЖООК этикалық нормалары мен ережелерін сақтауы тиіс.
Диссертация авторы жасанды интеллект технологиясын қолдану туралы мәліметтерді көрсетуі қажет, оның ішінде ғылыми зерттеудің қандай кезеңдерінде және қандай әдіспен технология қолданылғанын сипаттау, сондай-ақ осылай алынған деректердің сенімділігін тексеру, өңдеу және интерпретациялау тәсілдері мен әдістерін сипаттауы қажет.
Егер диссертацияда бұл мәліметтер көрсетілмесе, онда бұл автордың диссертацияда жасанды интеллект технологияларын қолданбағанын растағанын білдіреді.
ЖЖООК білім алушыларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттарына дайындау ерекшеліктерін ескере отырып, диссертацияларды әзірлеуде жасанды интеллект технологияларын қолдану ережелерін өз бетінше әзірлейді және бекітеді.
Бұйрық 2025 жылдың 25 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Жасанды интеллект туралы толық мәліметті мына материалдан біле аласыз.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды