
Алматыда крематоридің құрылысы іс жүзінде аяқталды, тек инженерлік желілерді қосу бойынша жұмыстарды бітіру қалды, бірақ нысанның іске қосылуы бірнеше жылдан бері кейінге қалдырылуда. Оған қоса, қоғамда кремацияның этикаға сәйкестігіне қатысты даулар жалғасуда. Дін өкілдері бұл туралы қандай пікірде?
Кремация Ежелгі Римде және Ежелгі Грецияда болған. Ол сондай-ақ халықтың басым көпшілігі буддизмді ұстанатын елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Жапония, Қытай, Корея, Үндістан және басқа да бірқатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде.
Иеромонах Исаак Истелюев жалпы христиандықтың кремацияға қарсы екенін, бірақ мемлекеттік жүйе өз ережелерін бекітсе, Православие Шіркеуі жаңашылдықты қабылдайтынын атап өтті.
«Мысалы, Жапонияда кремация міндетті шара, өйткені онда жерлейтін жер жоқ. Алматыда да жерлеу орындарының тапшылығы байқалады. Сондықтан, қазіргі заманда христиан емес дүниетанымдағы адамдар жерлеудің осындай дәстүрлі емес әдісіне көшуге дайын. Христиандықта адам жерден келіп, жерге қайтады деп саналады. Кремация – бұл этика мәселесі. Біз әртүрлі діндерде кремацияға қатысты көзқарас түрлі екенін түсінеміз. Әрине, діни қызметкерлер кремация алдында да жаназа өткізеді, сондай-ақ марқұмның жаны үшін дұға етеді», – деді діни қызметкер.
Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб-имамы Руслан Қайыргелді кремация исламның барлық канондарына қайшы келетінін атап өтті.
«Құранда кремация туралы аят жоқ, бірақ ілім бар, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың марқұмның денесіне құрметсіздікпен қарауға болмайтыны туралы сөздері бар. Осының бәріне сүйене отырып, кремация исламның ілімдеріне мүлдем қайшы келеді. Исламда адамды қалай жуу керек, жамылғыға қалай орау керек, қалай жерлеу керек және т.б. жазылған. Нағыз мұсылман үшін кремация – үлкен күнә», – деді ол.
Руслан Қайыргелді тақырыпты жалғастыра отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) кремация туралы материалдарын келтірді.
Ислам заңдары бойынша мұсылмандардың денелері кремацияланбайды. Бұл адам табиғатына қайшы келеді. Құранда Құдай адамды басқа жаратылыстардан жоғары көтергенін айтады: «Біз Адамның ұрпақтарына құрмет көрсетіп, оларды құрлық пен теңіз арқылы жылжытамыз. Біз оларға артықшылықтар беріп, басқа көптеген жаратылыстардан жоғары көтердік».
Имам атап өткендей, Пайғамбар бірде-бір жәндік отпен жазаланбауы керек деп ескертті. Тағы бір хадисте пайғамбар: «Өлген адамның сүйегін сындыру тірі адамның сүйегін сындыру сияқты», – деді. Яғни, адам тірі немесе өлгеніне қарамастан құрметке лайық.
АПН порталы Алматы әкімдігіне Алматыда крематорийдің қашан іске қосылатыны және оның жұмысы қалай ұйымдастырылатыны туралы сұрау жіберді.
Фото из открытых источников