"Маңдай термен алған бал арзан тұрмайды". Отандық омарташылар негізгі үш мәселені атады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

"Маңдай термен алған бал арзан тұрмайды". Отандық омарташылар негізгі үш мәселені атады

517
4 минуты
"Маңдай термен алған бал арзан тұрмайды". Отандық омарташылар негізгі үш мәселені атады
Мейргуль Унгарова

Жергілікті омарташылар шығаратын табиғи балды қалалық жәрмеңкелерден сатып алуға болады.

Алматыдағы бал жәрмеңкесі кезінде омарташылар тозаңдандырудың араларға теріс әсері, ауа райының қолайсыздығы және бәсекелестік туралы айтты. 
"Егер омарташы сол мақта аумағының иесімен алдын ала келіспеген болса және оған егістіктің өңделетіні туралы хабарланбаған болса, онда тозаңданғаннан кейін аралар химиялық заттардың салдарынан өледі. Тіпті бірден өлмеген ара да ұяға ұшып келіп, сол жерде өледі", – деді "Тянь-Шань" шаруа қожалығының омарташысы Андрей Пономаренко.
Тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданбай өнімділікті арттыру мүмкін емес, бұл тұрғыда араларды қорғаудың ең сенімді жолы – оларды улы заттардың бүріккіштерінен 7 шақырым қашықтықта тасымалдау және сол аумаққа өңдеуден кейін екі аптадан кейін оралу. Бұл мәселе омарташылардың қалтасына салмақ салады.

news6113.jpg

Екінші мәселе – ауа райының тұрақсыздығы. Құрғақ жаз бен қаһарлы қыс та омарташылардың мазасын қашырады. "Пчелка" шаруа қожалығының өкілі Василий Калининнің сөзінше, ауа райы аса маңызды.
"Алматы облысы құрғақ болғандықтан, ылғалды жерге көшуге мәжбүр болдық. Жазда біз Балқаш өңіріне көшеміз. Сулы жерде өмір бар. Су жоқ жерде өнім жоқ", – дейді Василий Калинин.
news6114.jpg

Калинин шаруа қожалығының меншігінде 500 ара отбасы бар, әр маусым сайын әрқайсысы 15-80 килограмм бал алады. Василийдің сөзінше, ең көп өнім берген жыл – 2016 жыл. Сол уақытта ол 120 кг бал алған.
"Омарташының жұмысы ауа райына тікелей байланысты. Осы жылы қыста ауа райы қатты суық болғандықтан, аралар аш қалды. Үш жыл қатарынан құрғақшылық салдарынан бал да аз алынып жатыр. Омартаны алып ШҚО-ға көшуге мәжбүрміз, аралар да жолдан шаршайды. Семейде біз егіннен бал жинаймыз. Жабайы табиғатта кейде ылғал жетіспейді, өсімдіктер нектар бөлмейді", – дейді омарташы Галина Распопина.
Алайда жабайы табиғаттан эксклюзивті бал алуға болады. Ол үшін ауа райы қолайлы болуы тиіс. Мысалы, түйе тікенегінен бал жинау үшін омарташылар жұмыс істегеннен кейін аралардың шөлдерін басуға өздерімен бірге су әкеледі. Орташа аралар отбасы бір маусымда 30 литр су ішеді. Осы жерде үшінші мәселенің ұшы қылаң береді. Ол – сатушылар арасындағы бәсеке.

news6115.jpg

Бірдей банкідегі бірнеше балдың әртүрлі бағада екенін көрген адамдар әлбетте арзанын сатып алады. Алайда арзан бал – дұрыс бал дегенді білдірмейді. Маңдай термен алынған табиғи бал арзан тұрмауы тиіс. Ал алып сатушылар көбіне балға басқа бір сұйықтық қосып жіберіп, бағаны қолдан арзандатып тастайды.Тіпті табиғи балдың да бағасы құбылып тұрады. Ол балдың сортына байланысты.
"Түркістан облысынан балды шығыс облыстарға қарағанда бірнеше есе аз аламыз. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда күніне 2,5 килограмм бал алсақ, шығыс жақта 15 килограмға дейін бал өндіруге болады. Түйе тікенегі гипоаллергенді өнім болып саналады, ол ас қорыту жүйесіне пайдалы. Шығыс Қазақстаннан алынатын күнбағыс балының пайдасы аса көп емес, ол ең қарапайым сорт болып саналады", – дейді Андрей.
Никольский собордың протоиерейі адал жолдан тайқыған сатушылар туралы былай дейді:
"Бәсекелестер балға сұйықтық қосып, екі есе аз бағада сатады. Кондитерлік өнімдерге де солай, табиғи балды тиімсіз болғандықтан көп ешкім қолдана бермейді, жасанды бал қосады. Алматыда арнайы зертхана бар, онда балдың сапасы анықталады. Тығыздығы, тәттілігі, созылмалығы сияқты қасиеттері арқылы балға баға беріледі", – деді Никольский собордың протоиерейі Игорь Светличный.
Алматылық омарташылар жыл сайын өз өнімдерін осы зертханаға жіберіп отырады. Өйткені Қазақстан аумағында әрі-бері көшу үшін де өнімнің сапасын анықтайтын құжат керек.


Источник -  informburo.kz

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...