Жергілікті билік Лос-Анджелестегі өрттерді өшіріп үлгергенімен, жалын әлі де толық сөнген жоқ. Мамандар АҚШ-тың екінші мегаполисі маңындағы орман алқаптары мен тұрғын аудандарынағы табиғи апат салдарынан болған шығынды есептеуде. Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға ел тарихындағы ең қымбат апаттардың біріне айналды. Өрттің себептері туралы теориялар қылмыстық болжамдардан бастап, қастандық теорияларына дейін жетті.
Әлеуметтік желілерде өрт басталған сәттен-ақ әртүрлі пікірлер тарап жатты. Көпшілігі қайғылы жағдайға қайғырып көңіл айтса, кейбіреулер ашықтан-ашық қуанып, «Сатанистердің ұясы жойылды!» деп жазған. Өртке қуанған өздерін «мейірімді христиан» санайтын бұл адамдар, өздері байқамай, сатанистерге ұқсап кеткендей болды.
Малибу жағажайындағы өрттің салдары
Лос-Анджелестегі өрттер кезінде АҚШ-тың қазіргі кейбір символдарына айналған нысандардың да жойылуы ерекше назар аудартты. Олардың арасында, Дональд Трамптың бәсекелесі болған Камала Харристің үйі, McDonald’s, Bank of New York, Джо Байденнің ұлы жалға алған үй және Голливуд жұлдыздарының элиталық резиденциялары бар.
Сонымен қатар, Ротшильд әулетінің өкілі Уилл Ротшильдтің Голливуд төбесіндегі элиталық үйде қаза тапқаны белгілі болды. БАҚ мәліметінше, өрт сөндірушілер бұл үйді сөндіруге 33 минут жұмсаған.
Өртке дейінгі Мел Гибсонның үйі
Ондаған Голливуд жұлдызы өрт салдарынан үй-жайларынан айырылды. Олардың бірі – әлемге әйгілі актер Мел Гибсон. Актер 14 жылдан астам өмір сүрген Малибудағы үйінен айырылды. Ол өкінішпен: «Бұл Дрезденге ұқсас болды», – деп екінші дүниежүзілік соғыста бомбалау кезінде қираған қаланы еске алды. Гибсондар отбасының жалғыз аман қалған мүліктері – үй тауықтары.
Мел Гибсон үйінің орнында қалған күл
Өрт кезінде Мел Гибсон Техаста сұхбат беріп жатқан. Ол голливудтық сарказммен «енді ешқашан сантехникалық мәселелер мазаламайды» деп әзілдеді.
Гибсон «Сатанистердің ұясы» деп аталатын аймақта өмір сүре отырып, танымал подкаст The Joe Rogan Experience барысында Ватиканға қатысты өткір ойларын ортаға салған болатын. Ол эмоцияға беріліп, Ватиканды «балаларды пайдаланатын педофилдер басқаруда» деп мәлімдеді.
Мел Гибсон Джо Роганның подкастында
Мел Гибсонның айтуынша, «Христос негізін қалаған шіркеу бүгінде өз болмысынан алшақтап кеткен». Актер шіркеудің қазіргі қызметкерлерін «қой терісін жамылған қасқырлар» деп сипаттап, олардың жастарды «аңдып» жүргенін айтты.
Мел Гибсон Голливудты да «педофилдер ұясы» деп бірнеше рет сынға алған болатын. The Joe Rogan Experience подкастындағы сұхбаты актердің шіркеу мен Голливуд сияқты институттарға терең сенімсіздік танытатынын көрсетеді. Гибсонның пікірінше, бұл күштер католицизмнің негізгі мәнін жоюға бағытталған.
«Католик шіркеуінің рухани көшбасшысы болудың орнына, қазіргі уақытта Папа Франциск шіркеу ішінде балаларға зорлық көрсететін ғаламдық желінің сыбайласы ретінде танымал болды. Мәсіхтің негізін қалаған шіркеу қазір өзінің шынайы бейнесінен алшақтап кетті», – деді ол эфирде эмоцияға бой алдырып.
Гибсон Трамп әкімшілігінің балалар саудасымен күресу туралы уәдесін жоғары бағалады.
«Мен – тоғыз баланың әкесімін. Егер олардың біреуін ұрлап кетсе немесе оған зиян келтіруге тырысса, мен біреуді өлтіруге мәжбүр болар едім», – деді ол.
Гибсон демократтардың билігін сынап, оны «жасырын марксизм» деп атады:
«Біз төрт жыл бойы қасіретке толы кезеңді бастан өткердік. Енді бізде төрт жылдық жеңілдік кезеңі бар, бірақ алда көп жұмыс тұр», – деп пікір білдірді актер.
Фото ашық дереккөздерден алынды