Мұғалімдерден техникалық қызметкерлерге дейін
Бастапқыда тренд мұғалімдерге арналған болатын, кейіннен мектептің кез келген қызметкері – вахтердан бастап еден жуушыға дейін осы трендтің қаһарманына айналды. Мысалы, бір видеода оқушылар техникалық қызметкерлерге тәттілер сыйлап, елдің сүйіспеншілігін тудырды. «Vande_camp» қолданушысының видеосы 3 күнде 4 млн-нан астам қаралым жинады.@vande_camp қолданушысының видосы
Танымалдылық Қазақстан аумағынан асты
Бұл жүрек тебірентерлік тренд ел шекарасынан шығып, шетелдік оқушылардың да назарына ілікті. Мысалы, Швеция оқушылары осындай бейне түсіріп, 14 млн-нан астам қаралым жинады.@9 sta pamatsk қолданушысының видеосы
@9.sta қолданушысы ондаған мың пікір жинады, онда адамдар таңданысын білдіріп, осы әрекетті қайталауды жоспарлап жатқанын жазуда:
• «ЕРТЕҢ БІЗ ДЕ ОСЫНЫ ІСТЕЙМІЗ!»
• «Біз де осындай видео түсірдік, арнамыздан көре аласыздар».
• «Бүгін байқап көрдік, бірақ мұғалім түсіруге рұқсат бермеді».
• «Біз де қалыспаймыз, ертең жасаймыз!»
Тренд ЖОО арасында тарауда
Тренд студенттер арасында да кең тарады – олар да өз оқытушыларына тәттілер сыйлап, олардың шынайы әсерлерін камераға түсіруде. Сондай-ақ, TikTok-та кейбір мұғалімдер бұл трендтен шабыт алып, шоколад алуға қарсы емес екендерін астарлап жеткізе бастаған.@amangeldievna_u қолданушысының видеосы
@wearemadd қолданушысының видеосы
Диабетпен ауыратын мұғалімдер де кездесті. Оқушылар бұл туралы білмей, бейнелерді күлкілі форматта өңдеген.
@10_b.class қолданушысының видеосы
Алайда, бұл трендтің мәні тәттілерде емес. Ең бастысы – балалар мен жасөспірімдердің өздерін қоршаған адамдарға алғыс айтып, қамқорлығын білдіруі. Бейнеролик кейіпкерлері мұндай бастамаға шын жүректен әсерленіп, оқушыларына алғыс білдіруде.
Вирусқа айналған трендтің видеоларын #трендсшоколадками хэштегі бойынша табуға болады.
Фото: pexels