Святки кезеңінде бал ашуға бола ма? | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Святки кезеңінде бал ашуға бола ма?

12
4 минуты
Святки кезеңінде бал ашуға бола ма?

Бұл сұраққа Алматы қаласындағы Вознесенский соборының діни қызметкері, митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімі басшысы, протоиерей Александр Суворов жауап берді:

«Святки кезеңінде бал ашу немесе басқа да тылсым дүниелерге жүгіну христиандық сенімге мүлдем сай келмейді. Бұл әрекеттер тіпті әзіл ретінде жасалса да, олардың тамыры пұтқа табынушылық дәстүрлерден шығады. Сол дәстүрлерде адамдар болашақты білуге тырысып, Құдайдың еркін айналып өтуге талпынған. Мұндай әрекеттер Құдайдың еркіне деген сенімді әлсіретіп, адамның жасырын «білім» іздеуіне әкеледі, ал бұл Христос арқылы ашылған жолға қайшы келеді.

Бал ашуды «әзіл» деп қабылдауға болмайды. Әсіресе, рухани салаларда әрбір іс-әрекеттің мәні бар. Нәтижесіне сенбесек те, мұндай қадамдар христиан өміріне қайшы келетін мәдениетке қатысуды білдіреді. Святки кезеңі – Христостың туылуын мадақтайтын, нағыз қуаныш пен тазалық уақыты. Сондықтан бал ашудың орнына, бұл кезеңде шіркеу арнайы дұға оқып, қайырымды істер жасап, құдайға құлшылық етуді ұсынады. Осылайша, жанымызды таза сақтап қана қоймай, осы күндердің мәнін жүрегімізге сіңіреміз.

Яғни, мәселе тек әрекеттің түсіндірмесінде емес, сол әрекеттің табиғатында. Құдай белгілеген шекараны әзілмен болса да бұзу, рухани өмірімізге зиян келтіруі мүмкін. Святки – жарық, қуаныш және сенім нығая түсетін кезең», – деп түсіндірді Александр әкей.

Святкиде немен айналысу керек және неге бұл күндер «Қасиетті күндер» деп аталады? Бұл сұраққа діни қызметкер Андрей Чиженко жауап берді. Оның айтуынша, алғашқы христиандық ғасырларда шіркеуде бір ғана мереке – (Крещение Господне) болған. Бұл мерекеде Құтқарушының жердегі өмірінің екі оқиғасы – Христостың туылуы мен Оның шоқындырылуы қатар еске алынған.

Кейін IV ғасырда бұл екі мереке бір-бірінен бөлінді. Христостың туылуы ескі стиль бойынша 25 желтоқсанға (жаңа стиль бойынша 7 қаңтарға) ауыстырылды, ал Крещение Господне бұрынғысынша ескі стиль бойынша 6 қаңтарда (жаңа стиль бойынша 19 қаңтарда) тойланады. Бірақ, шіркеу санасында бұл екі мереке біртұтас болғандықтан, оларды бөліп тұрған он екі күн үздіксіз мереке деп есептеледі. Христостың қайта тірілуінен кейінгі қырық күн Пасха ретінде саналатыны сияқты, бұл кезең де ерекше мағынаға ие.

Сондықтан Христостың туылуынан Крещениеге дейінгі кезең «святки» деп аталады, бұл «жарық, қасиеттілік» деген сөздерден шыққан.

Мереке жалғасуда... Ол 7 қаңтарда Христостың туылуымен аяқталмайды. 8 қаңтар – Қасиетті Богородица жиналысы (Собор Пресвятой Богородицы), 10 қаңтар – Мәсіхтің туыстарының күні: патша әрі пайғамбар Дәуіт, Әулие Жүсіп Обручник және Әулие Жақып еске алынады. 11 қаңтарда Вифлеемде қырылған 14 мың сәбилерді еске алу күні өтеді. Христостың туылуын еске алу тек 13 қаңтарда аяқталады (жаңа стиль бойынша), ал Крещение мерекесінің алдында (18 қаңтар) қатаң ораза ұстау күні белгіленген. Осылайша, бұл мерекелік кезең Крещение Господне күнінде ғана аяқталады.

«Сондықтан православиелік христиандардың басты міндеті – мерекелеу. Құдай өз Рождествосы арқылы бізге мол рақымын төкті, біз оны (әсіресе Святки кезінде) ары қарай жеткізуіміз керек. Святкидегі басты міндетіміз – Христосты мадақтау: бір-бірімізге қонаққа барып, Рождестволық әндер айту, шіркеу құлшылықтарына жиі қатысу, сондай-ақ қайырымдылық істермен айналысу – аурулар мен қарттарды, жетімдерді, түрмедегілерді барып көріп, жомарттық таныту», – деп атап өтті әкей Андрей Чиженко.


  • Комментарии
Загрузка комментариев...