Алматыда «Орта ғасырлар дәуірінде Орта Азиядағы христиандық» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап авторы – Астана және Қазақстан митрополиті Александр.
Монография Алматы православиелік рухани семинариясы жүзеге асырып отырған ғылыми қызмет аясында жарыққа шықты. Бұл – Қазақстан митрополия округінің баспа бөлімі.
Александр Митрополит
Рухани семинарияның тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский кездесу қатысушыларына кітаптың құрылымы мен ерекшеліктері туралы баяндап өтті:
«Зерттеудің ғылыми деңгейінің жоғарылығын атап өткім келеді, мұнда дереккөздер базасының кең ауқымы қолданылған. Алынған нәтижелер өз маңыздылығы мен мазмұнының қызықтылығымен таң қалдырады».
Иерей Иоанн Ливинский
Монография авторы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр аудиторияға өзінің жұмысы туралы айтып, жүргізілген зерттеудің маңыздылығын ерекше атап өтті:
«Христиандық пен дәстүрлі бейбіт ислам ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін Орталық Азия үшін ұлтаралық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы болып келді және болып қала береді. Христиандық, ислам сияқты, мәдениетті, қоғамдық моральды және жоғары адамгершілік идеалдарды сақтау мен нығайтудың қайнар көзі болып табылады».
Таныстырылым
Владыка Александр христиан дінінің Қазақстан және Орта Азия елдері үшін бөтен дін еместігін атап өтті.
«Бұл фактілердің даусыз дәлелдері бар – археологиялық қазбаларда және жылнамалық дереккөздерде көрсетілгендей, мұнда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланыстары біріктірілген. Бізге бірінші ғасырларда Сириядан рухани ағартушылар келіп, осы жерде шіркеулер тұрғызылып, архиерейлік кафедралар құрылды. Көшпелі тайпалардың өкілдері Үшбірлікті Тәңірге және әлемнің Құтқарушысы – Иисус Христосқа деген сенімдерін ұстанды».
Астана және Қазақстан митрополитінің айтуынша, әртүрлі археологиялық мәліметтер арқылы осы аймақтың тарихы мен мәдениетін тереңірек және толығырақ түсінуге болады:
«Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін Ұлы Дала кеңістігі мұсылмандар мен христиандар үшін халықтар бірлесіп, ортақ үй – игілікті Қазақстанды дамыту жолында еңбек еткен жер болды, олар өзара көмек көрсетіп, бейбітшілік пен бауырластықта өмір сүрді, басқа халықтарға үлгі болды».
Митрополит Александр бұл кітап Орта Азиядағы христиандықтың көне заман тарихын дәлелді түрде қалыптастыруда пайда тигізерінен үмітті екенін жасырмады.
Көрме
Президенттің әңгімеде келтірген зерттеу материалдары митрополиттің монографиясына енді.
Көрмеге келуші адам
Митрополия округінің басшысы тұсаукесер кезінде кітаптың материалдары болашақта түсірілетін деректі фильмнің негізі болатынын хабарлады.
Орта Азиядағы христиандық
«Орта ғасырлар дәуірінде Орта Азиядағы христиандық» кітабында материалдар жеткілікті. Керемет иллюстрацияланған басылым карталар мен ғылыми дереккөздерге сілтемелерді қамтиды. Бұл жұмыс тарихшыларға, дінтанушыларға, археологтарға, сондай-ақ христиандық сенім тарихына қызығушылық танытқандарға қызықты болмақ. Кітап Алматы рухани семинариясының кітапханаларына, жексенбілік мектептерге және Митрополия округінің рухани-мәдени орталықтарына тапсырылатын болады.
Сондай-ақ, Қазақстан Митрополия округінің митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Рухани-мәдени орталығының фойесінде «Орта ғасырлар дәуірінде Орта Азиядағы христиандық» кітабының материалдарына негізделген көрме ашылды.
Көрмеге келушілер
Кітапта адамзат өмірінде «дін», «Құдайға сену» немесе үстем әлем туралы түсініктер, сондай-ақ рухани нормалар мен дәстүрлерге ұмтылу маңызды элементтер екендігі айтылған. Көптеген тұрғыдан, діни идеялар мен ілімдердің арқасында моральдық құндылықтар, құқықтық және әлеуметтік нормалар қалыптасты, ғылым мен білім, мәдениет пен өнер сияқты бағыттар пайда болып, дамыды. Жаңа басылымның мақсаты – христиандықтың шығыс өркениеттерінің тарихындағы рөлі мен ықпалын атап көрсету. Кітап христиандықтың басқа діни ағымдармен қалай өзара әрекеттесетіні, сондай-ақ шіркеу дәстүрлері арқылы Орта Азия халықтарына әсер етуі туралы баяндайды, ол көне заманнан бастап орта ғасырларға дейінгі кезеңді қамтиды.
Алматы рухани семинариясының ректоры міндетін атқарушы протоиерей Евгений Иванов «Орта ғасырлар дәуірінде Орта Азиядағы христиандық» кітабына арнап жазған алғысөзінде автордың христиандықтың тарихын Орта Азия деп аталатын кең тарихи-географиялық аймақта жеңіл әрі қолжетімді түрде ұсынатынын атап өтеді. Бұл басылым ғылыми жұмыстар мен арнайы монографияларды бірнеше соңғы онжылдықта зерттеуге уақыты, мүмкіндігі жоқ оқырмандарға арналған. Митрополит Александр жүргізген зерттеулер жинақтау форматында жазылған. Автор бүгінгі күні белгілі болған Шығыс Шіркеулерінің тарихы бойынша материалдарды іздеу мен жинақтаумен айналысты. Кітапта археология мен тарих саласындағы орыс тілді мамандар ұсынған деректер ғана емес, сонымен қатар осы тақырыпқа қатысты соңғы зерттеулер де пайдаланылған, олар Батыс Еуропа ғалымдарының еңбектері (ағылшын, неміс және француз тілдерінде).
Көрме экспонаттары
Кітап авторының мойындауынша, Орталық Азиядағы христиандықтың тарихын толықтай қайта құру мүмкін емес, себебі тарихи мәліметтер үзік-үзік, толық емес. Сондай-ақ, бұл тақырыпқа тек соңғы уақытта тарихшылар мен әртүрлі сала мамандарының қызығушылығы артып келе жатқанын түсіну қажет. Ғалымдарды осы салада терең зерттеулер мен күрделі жұмыс күтіп тұр.
Орта Азиядағы христиандықтың тарихи тағдырына, сондай-ақ елдер мен халықтар арасында ағартушылық қызмет жүргізген шіркеу қайраткерлерінің еңбектеріне деген қызығушылық пен назардың артуы байқалады. Бұл қызығушылық бүгінгі таңда да артып келеді. Бұл, сонымен қатар, Ресей Православиелік Шіркеуі мен Шығыс Ассирия Шіркеуі арасындағы диалогтың белсенді дамып жатқанына байланысты болып отыр.
Протоиерей Евгений Ивановтың пікірінше, Орта Азиядағы христиандықтың тарихын кешенді зерттеу әлі де қажет:
«Сондықтан бұл тақырып бойынша терең зерттеулер көп томдық көлемде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, кең аудиторияға қызықты болар ғылыми-популярлық басылымдар да қажет. Мұндай кітаптар оқырманға өз туған жері мен өмір сүріп жатқан аймағының тарихына енгенін түсінуге мүмкіндік бере алады. Ал мұндай әдебиет өте сирек кездеседі. Міне, осы кемшілікті Орта Азия аумағындағы христиандықтың орта ғасырлардағы тарихы туралы жалпы шолу ұсына отырып бұл кітап толтырады».
Көрме 30 желтоқсанға дейін жалғасады, келем деушілерге есік ашық.
Автор: Галина Галкина