Алматыдағы 10 балдық жер сілкінісіне селт етпеген ғимараттар | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Алматыдағы 10 балдық жер сілкінісіне селт етпеген ғимараттар

3346
5 минут
Алматыдағы 10 балдық жер сілкінісіне селт етпеген ғимараттар

Айгерим Тарина

Эпицентрдегі максималды күші 9,10 балды құраған. Кіндік тереңдігі 20 шақырым. Ол жылдары қалада шамамен 30 мыңға жуық адам тұрған. Зілзаладан 332 адам көз жұмды.

Жер асты серпілістері күні бойы жалғасқан. Зілзала кезінде саз балшықтан, тастан және кірпіштен салынған 1798 үй толығымен қирап қалды. Ағаштан тұрғызылған үйлер аздап зардап шекті. Бұл апаттан кейін қалада сәулетші Андрей Зенковтың басшылығымен сейсмикалық және метеорологиялық станция ұйымдастырылды. Әрі ғимараттарды салу кезінде сейсмикалық есепке алу жүйесі әзірленді.

Алматы тарихындағы екінші жойқын жер сілкінісі 1910 жылы 22 желтоқсанда тіркелді. Ол күні магнитудасы – 8,2 балды құраған 9 балдық жер сілкінісі болды. Апат салдарынан 44 адам қаза тапқан. Апаттан соң қала ішіндегі көшелер қақ айырылып, адам бойымен бірдей жырықтар пайда болған. Ошақ тереңдігі – 25 шақырым болған.

Осынау жойқын жер сілкіністерінен Андрей Павлович Зенков тұрғызған ғимараттардың көбі дін-аман қалды. Андрей Зенков – жер сілкінісіне төтеп беретін құрылыстардың негізін қалаушы болып саналады. Өйткені алғаш 1887 жылы жойқын жер сілкінісі болғанда қалада көптеген ғимарат құлады, қирады. Осыдан кейін Зенковтың басшылығымен ғимараттар жергілікті тянь-шаньдық шыршадан салынды.

Сәулетшінің сөзінше, ғимараттар екі қабаттан биік болмауы тиіс, негізінен жергілікті табиғатқа бейімделген тянь-шаньдық шыршадан салынуы тиіс. Андрейдің бұл идеясы 1911 жылғы жойқын жер сілкінісінде сынға салынды. Нәтижесінде біраз құрылыс құламай аман қалды.

Соның бірі Вознесендік собор 28 панфиловшы паркінде әлі тұр, ол 100 жылдан аса уақыт бойы жер сілкіністерінде селк етпей келеді.


Сурет: КЖА

Зенковтың өзі 10 балдық жер сілкінісіне төтеп берген әйгілі құрылысы туралы былай деп жазып кеткен:

"Түнде дыбыс естідім, үстелмен бірге еденге құладым. Әйнектер шытынап, қабырға қирай бастады, қабырғадан картиналар жерге түсе бастады, сылақтар сылынып түсіп жатыр! Көшеге жүгіріп шықтым, жер сілкінісі басталып жатқанын түсіндім. Құлай жүгіріп соборға жеттім. Парк аумағына дейін жүгіріп барып, собордың қирамай шыдағанын көрдім де қуаныштан бір жылап, бір күлдім. "Алақай! Жеңіс, жігіттер, алақай!" деп айғайладым. Жанымнан жүгіріп өтіп бара жатқан біреу: "Бейшаралар көбейді, тағы біреу есінен адасты, байғұс" деді"...

Андрей Зенков іргетас құруда ежелгі Орта Азия шеберлерінің тәжірибесін қолданғаны белгілі болды - траншеяларға жақсы тазартылған сазды көп қабатты құйған.

Бүйірлік сейсмикалық соққыларға төтеп беру үшін траншеяларда тастар, құм және қиыршық тастар түрінде жұмсартқыштар ойлап табылды.

Зенков ғимараттың ондаған жылдар бойы бірнеше миллиметрге дейін кішіреюін есептеді, сонымен қатар ол бағаналарды желдету жүйесін ойлап тапты – олардың ішіндегі құбырлар тянь-шань шыршасынан жасалған ғибадатхананың бүкіл ағаш құрылымында жақсы ауа айналымын қамтамасыз етеді.

Алматыдағы жойқын жер сілкіністерінде қирамаған тағы бір ғимарат – бұрынғы "Офицерлер үйі", қазіргі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі ғимараты. Орыс ақыны Юрий Домбровский өз еңбектерінде: "Жойқын жер сілкінісі болды. Жер ойылып ішіне түсті, тіпті таулар көшті. Ал Зенков салған ғимараттар еш қозғалмай, әйнектеріне дейін аман қалған" – деп жазады.


Сурет: КЖА

Музей мәдениет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың ұйымдастыруымен XX ғасырдың 1980 жылы құрылды. Тарихи жәдігердің іші тұнған қазына. Біржан сал, Ықылас, Сейтек, Жамбыл, Дина ойнаған аспаптар осы жерде сақтаулы тұр.

Музей ғимараты өзінің ерекше пішінімен көз тартады. 1908 жылы атақты алматылық сәулетші Андрей Павлович Зенковтың жобасымен тұрғызылған ғимарат "Ропетовский" стиліндегі ағаш сәулет өнерінің ерекше үлгісі.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...