«Жалған Арман» - қазақстандық кино көрерменге жол тартты | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

«Жалған Арман» - қазақстандық кино көрерменге жол тартты

8
6 минут
«Жалған Арман» - қазақстандық кино көрерменге жол тартты

Жақында қазақстандық танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Жалған Арман» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина не туралы?

Кинолентаны Мемлекеттік тәуелсіз киноны қолдау орталығы (ГЦПНК) сарапшылар комиссиясы бағалады. Фильм қазақ тілінде көрсетілді, алайда орыс тілінде субтитр қою жұмыстары жүргізілуде.

Баха мен Құрмаш есімді ағайындылардың өмірі кинокартинаға арқау болған. Олар «Көкпар» сайысында бой көрсететін. Ұлттық ойынның сауда нысанына айналғаны туралы баяндалады.

Ағасы Баха ауылда тұрады, кішісі қалада тұрғысы келеді. Көпжанрлы фильм драма, лирика, комедияны біріктірген. Бір уақытта манифестке айналып, әр қазақстандық үшін маңызды дүниелерді айтады.

Көрсетілімнен кейін ГЦПНК сарапшылар кеңесінің әрбір мүшесі өз пікірін білдірді.

Әлия Бөпежанова – ГЦПНК сарапшылар кеңесінің мүшесі, әдебиет және театр сыншысы, аудармашы, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері:

«Бұл фильм қоғамды біріктіреді. Ал қоғам – үлкен күш. Бізде, біздің қазақ қоғамында болып жатқан құбылыстар анық көрсетілген. Ел басына түскен ауыртпалықтар бейнеленген. Бұл көрсетілім плакаттық емес, органикалық түрде көрсетілген. Фильмнің «Фейковый Арман» – «Жалған арман» деп аталуы бекер емес, ол негізінде алданған арманды білдіреді.

Рүстем Әбдірашев – өз ісінің шебері, режиссер бес жыл бойы кино түсірмеді, басынан сынақтар өтті. Рүстем Жарасқанұлы ойлы режиссер, бәрін қайтадан ой елегінен өткізіп, жоғары деңгейдегі кәсіби фильм шығарды. Кино оқиғасы Қаңтар, пандемия, жалпы біздің басымыздан өткен барлық нәрселерді еске салады. Режиссер сезімдерге қысым жасамайды, экранда болып жатқан барлық нәрсе табиғи және жан тебірентетін әсер қалдырады».

Эксперттік кеңес мүшелерінің пікірінше, фильм әділетсіздік дағды болып кеткен қоғамның диагнозын дөп басқан.
Бажеева Айбарша – ГЦПНК сарапшылар кеңесінің мүшесі, философия докторы (PhD), өнертану/кинотану мамандығы бойынша, AlmaU (Almaty Management University) университетінің Digital filmmakin факультетінің доценті, деректі фильм режиссері, сценарист:
«Біз барлығымыз басымыздан өткерген тарихи контекст фильмнің «Фейковый Арман» атты тарихына өте табиғи үйлеседі. Бұл тарих халықтың әділеттілікке деген үнін білдіреді. Фильмнің соңы ашық – режиссер дұрыс шешім қабылдаған. Мұндай жағдайда сәтті аяқталу мүмкін емес, себебі тарихтың шешімі жоқ. Бірақ, қайғылы аяқталмағаны, үміт сыйлағаны да көңіл көншітеді. Режиссер өзінің ішкі сезімін, орынсыз арманның үмітін айтқысы келген».
Жабық көрсетілімнің қатысушылары фильмнің болашағы зор деп сенеді – ол Қазақстан кино тарихында дәуірдің бейнесі ретінде қалатын болады.
Әбілқайыр Жарасқан – фильмнің музыкалық авторы, композитор, Рүстем Әбдрашеевтің ұлы:
«Әкеммен бірге жұмыс істегенім үшін үлкен бақыттымын. Әкеммен бірге өткен әрбір сәтті, секундты, әрбір сәтті бағалаймын. Басымнан талай сынақ өтті. Ақназар бауырым мен ұлымның құрдасы жол апатынан қайтыс болды. Фильмде ойналатын әуен «Ақназар» деп аталады. Домбыра үні мен ат дүбірі фильмде ойналады. Ана баладан айырылмасын. Адамдар бір-бірінен ажырамасын. Жүйе тағдырға әсер етпеуі тиіс. Бұны қоғамнан, адамдардың жанарынан көреміз. Түсірілім тобының айтқысы келген ойы да – осы. Бұл өзгерістер Құдайдың қалауымен жүзеге асатын болады. Әумин!»
Рүстем Әбдірашевтің өзі сөз алды:
«Біз коронавирус пандемиясын жаңа ғана бастан кешіргендей сезінеміз. Бұл жаһандық трагедия болды: бұл аурудан зардап шекпеген адам жоқ шығар, бірақ әрдайым үміт бар. Кадрда ғашықтар ойнап жүргенде, жапон халық әні «Көктемдегі мұхит» ойнайды. Әуенді Әбілқайырмен бірге флейтада жапон қызы орындады. Ішімізде әрқашан қандай да бір музыка ойнап тұрады, бірақ біз оны толықтай сезінбеуіміз мүмкін».
Фильмнің соңғы титрлерінде Мархаба Сәбидің музыкасы ойнай бастайды, Мархаба бұл әнді бірнеше жыл бұрын жазған. Қаңтар оқиғаларынан кейін режиссер Қазақстанның танымал әншісімен кездесіп, оның композициясын фильмде қолдануға рұқсат сұраған:
«Бұл ән мені сценарий жазуға шабыттандырды, ол өзі манифест сияқты. Біз бәріміз жүйеде өмір сүріп жатырмыз, бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде болып жатқан нәрсе. Жүйе жаһандық – ол бүкіл әлемде басымдыққа ие. Әлемдегі барлық ауытқулар жүйелі, сол пандемия сияқты. Қазір біз бұл ақылға қонымсыз екенін түсінеміз, бірақ сол кезде біз бұлай болуы керек деп ойладық. Қаңтар оқиғалары мен үшін үлкен шок болды, карантиннен коменданттық сағатқа көшкенімізді сезіндім. Ал содан кейін Украина мен Израильде басталды. Өмір тоқтап қалған жоқ».

Фильмнің негізгі фразасында режиссер өзінің жүрегінің жарылысын, әділетсіздікке қарсы күресін көрсетті: «Мәселе осы темірде емес (інісі ұтқан көлікте), мәселе арманында». Полиция Бахаға ескерту жасайды: «Сен өз арманыңмен қиындыққа тап боласың, сен не істеп жүрсің?» Сол кезде ағасы былай деп жауап береді: «Ал сен құл боласың».
Фильм әр көрерменді ойландырады. Соңында үрей мен үміт күреседі. Фильм көрген жанның көкейіне әртүрлі ой орнатқаны анық.

Аударған Мейіргүл Оңғарова

  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также