Ән қоңырау үні секілді: алматылық хор халықаралық фестивальде өнер көрсетті | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Ән қоңырау үні секілді: алматылық хор халықаралық фестивальде өнер көрсетті

41
8 минут
Ән қоңырау үні секілді: алматылық хор халықаралық фестивальде өнер көрсетті

Алматы қаласындағы барлық шіркеулерде Иисус Христостың дүниеге келуіне арналған православие дінін ұстанатын жандардың қасиетті Рождество мерекелерінде діни әндер шырқалды. Бірақ мерекеге дейін де шіркеулердің әншілері стихиралар, тропарьлар және ирмос тәрізді арнайы әндерді орындаған. Белгілі бір әуендер Рождество рәсімінде және мерекеден кейінгі алты күн бойы бірнеше рет қайталанып орындалады.

Шіркеудегі кез келген құлшылық көптеген хор шығармаларымен бірге өтеді – әндер таңғы және кешкі құлшылықтарда орындалады. Әсіресе, литургия кезінде «Патшалығыңда» – Иисус Христос бізге берген өмір ережелері, яғни Бақытты Өсиеттер орындалғанда әншілердің дауысы ерекше салтанатты естіледі. Сонымен қатар үш рет қайталанатын «Аллилуйя» («Саған мадақ, Құдай»), «Херувим әні» айтылады. «Сенім символын» орындау арқылы біз Құдайға, Шіркеуге және мәңгілік өмірге деген сенімімізді дұға арқылы білдіреміз. Сондай-ақ «Әлемнің рақымы» мен «Лайықтысы бар» әндері айтылады – бұл әндерде Құдай Анасы дәріптеледі. Әрине, Иисус Христостың басты дұғасы – «Әке, біздің» де орындалады. Бұл туралы Ивер-Серафим әйелдер монастырь хорының әншілері әңгімелеп берді.

Аталған ұжым 2024 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде өткен III Патриархтық халықаралық рухани музыка фестивалі – «Христостың нұры» байқауында I дәрежелі лауреат атанды. Бұл байқау 2021 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және Ресей, Қазақстан, сондай-ақ Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Франция секілді көптеген елдердің рухани музыка ұжымдарын біріктіреді.

«Христостың нұры» III фестивалі 2024 жылдың 15 ақпанында басталған еді. Жыл бойы қатысушылар кең ауқымды байқау бағдарламасы аясында көптеген әндерді дайындады. Фестивальдің басты мақсаты – орыс шіркеу әнін дамыту. 2024 жылғы «Христостың нұры» фестивалінде үлкен аралас хорлар, шағын аралас хорлар, ансамбльдер, монастырлық, ерлер және жастар хорлары үшін арнайы номинациялар қарастырылған.

2. Ольга Борисовна Усольцева.jpg

Ольга Борисқызы Усольцева

Ивер-Серафим әйелдер монастыры хорының регенті Ольга Борисқызы Усольцева байқау мен оған қазақстандық ұжымның қатысуы туралы айтып берді:

«Байқауға әлемнің бес елінен 57 епархияның 99 хор ұжымы өтінім жіберді. Фестивальдің екінші, финалдық кезеңіне 46 ұжым іріктеліп алынды, олардың 22-сі лауреат, ал он алтысы дипломант атанды. Біздің Ивер-Серафим әйелдер монастыры хоры I дәрежелі лауреат атанды. Біз Мәскеудегі Құтқарушы Христос храмында өткен патриархтық литургияға қатысып, сол күні гала-концертте өнер көрсетіп, салтанатты марапаттау рәсімінде бой көрсеттік».

Ивер-Серафим әйелдер монастырының хор ансамблі тоғыз адамнан тұрады. Ольга Борисқызы Мәскеуге финалдық турға және марапаттау рәсіміне ұжымның толық құрамымен барғандарын айтты:

«Байқаудың екі туры онлайн форматта өтті. Бірінші турға құлшылық рәсімінің видеосын, ал екінші турға концерттік орындаудың видеосын жіберу қажет болды».

Ивер-Серафим әйелдер монастырының ұжымы бірінші турға литургияның жазбасын, ал екінші турға хор орындауындағы тоғыз әнді жіберген. Олардың арасында А.Т. Гречаниновтың (П.Г. Чесноковтың өңдеуі) «Жердің бәрі Құдайды мадақтасын...» шығармасы, игумен Филипп (Моисеев) жазған «Жалғыз Туған Ұл...» композициясы, сондай-ақ «Қоңырау үні...» – мәтіні игумен Филиппке (Моисеев), музыкасы О. Усольцеваға тиесілі, В. Хуторова үйлесімдеген. Сонымен қатар И.А. Валяевтың «Періште үн қатты...» шығармасы, Киев әуенінің П.Г. Чесноков өңдеген op. 44 №8 «Христостың қайта тірілгенін көрдік...» шығармасы және басқа да туындылар орындалды.


3. Репетиция в Софийском.jpg

София соборындағы дайындық

Ольга Борисқызының айтуынша, Ивер-Серафим әйелдер монастырының хор ұжымы тек әйелдерден тұрады:

«Жас ерекшелігі 20-дан 60 жасқа дейін. Кейбір әншілердің шіркеу хорында жұмыс істеу тәжірибесі 35-37 жыл (менің де осындай тәжірибем бар). Барлық әйелдердің музыкалық білімі бар».

Әйелдер монастыры аумағындағы София соборында ән айтатын ұжым ұйымшыл әрі позитивті:

«Біздің әріптестеріміздің көпшілігі музыкалық салада тағы бір жұмысқа ие. Біртектес ұжымымызда барлық партиялар бар: 1, 2 сопрано, 1, 2 альт. Соның арқасында біз аралас хорға арналған өңдеулерді орындай аламыз».

София соборындағы клироста жасөспірімдер құрамасы да бар.

Ольга Борисқызы Усольцева музыкалық училищені скрипка класы бойынша тәмамдаған:

«Дирижерлік білімім жоқ, бәрін тәжірибе арқылы үйрендім. Осы храмда 20 жылдан бері жұмыс істеп келемін, жалпы шіркеудегі тәжірибем – 37 жыл».

4. Ольга Борисовна.jpg

Ольга Борисқызы әрбір шіркеу қызметіне қуана қатысады

Ол өзінің күнделікті тәртібі туралы әңгімелейді:

«Әр таң сайын және әр кеш сайын София соборында ән айтып, хорды басқарамын. Таңғы және кешкі қызметтер арасында музыкамен айналысып, балалармен бірге әр шырқаймыз».

София соборының әншілері ұжымының сүйікті шығармалары көп:

«Оларды толық тізіп шығу мүмкін емес. Бізге П.Г. Чесноковтың шығармалары өте ұнайды. Оның "Иосифты мадақтайық" атты шығармасы бізге ерекше әсер етеді. Біз оны екінші турда жаздық, содан кейін Мәскеуде гала-концертте орындадық. Сонымен қатар Чайковскийдің, Гречаниновтың, Бортнянскийдің, Валяевтің шығармаларын жақсы көреміз. Репертуарымыз өте кең. Оның бәрі – біздің сүйікті шығармаларымыз».

Мәскеуде Ивер-Серафим әйелдер монастыры хорының финалдық концертінде мына шығармалар орындалды: Я.А. Шевцовтың «Христостың айқышы» (сольо – София Гооф), П.Г. Чесноковтың «Иосифты мадақтайық», А. Копыловтың «Сенің рақымыңа» және игумен Ф. Моисеевтің сөзі мен О. Усольцеваның музыкасына жазылған «Қоңырау үні».

5. София Гооф.jpg
София Гооф

Ивер-Серафим әйелдер монастырының хоры III Патриархтық халықаралық рухани музыка фестивалі «Христостың нұры» – 2024 байқауына қатысу үшін Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың, сондай-ақ Алматы қаласындағы Ивер-Серафим әйелдер монастырының настоятельница игумениясы Любовь (Якушкина) ханымның батасын алды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан митрополия округі хорының регенті, орыс шіркеу әнін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі Олег Николаевич Овчинниковтың қолдауын да алды.

6. В Москве.jpg

Мәскеуде

Осындай қолдаудың арқасында Мәскеуде бәрі «майдай жұмсақ» өтті, дейді Ольга Усольцева:

«Уайымдадық, бірақ қашықтықта болса да, біз қолдауды сезіндік. Бұл бізге күш беріп, шабыттандырды. Сондықтан бәрі жеңіл, бір тыныспен өтті. Біздің хордың жеңіске жетуі Құдайдың көмегімен және, әрине, әрбір қатысушының жоғары кәсібилігінің арқасында екенін білеміз».


7. Участницы хора в Москве.jpg

Хор мүшелері Мәскеуде

Ольга Борисқызы Усольцева Ивер-Серафим әйелдер монастыры хорының атынан барлық қазақстандықтарды Жаңа жыл және Рождество мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

8. Ольга Борисовна Усольцева.jpg

Ольга Борисқызы Усольцева I дәрежелі лауреат дипломымен. III Патриархтық халықаралық рухани музыка фестивалі «Христостың нұры» – 2024

«Сіздерге алдағы жылда Құдайдың батасын тілейміз. Әрбір күн қуаныш сыйлап, Құдайдың рақымы жүректеріңізді толтырсын!»

Сурет КЖА және Ольга Усольцева ханымның жеке мұрағатынан алынған.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...