Алматыда Eurasian Film Market халықаралық кино нарығы басталды | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Алматыда Eurasian Film Market халықаралық кино нарығы басталды

20
4 минуты
Алматыда Eurasian Film Market халықаралық кино нарығы басталды

Киноорталық жаңа жобаларын таныстырды.

Шараға киноконтент өндірушілер, продюсерлер, дистрибьюторлық компаниялар, сейлс-агенттер, кино желілері, стримингтік платформалар, халықаралық кинофестиваль бағдарламашылары, Еуропа және ТМД елдеріндегі кино саласында қызмет көрсететін компаниялар қатысты.

Екі жүзден астам қатысушы осылайша бір алаңда тоғысты.

«Бұл Орталық Азия мен басқа аймақтардың кинематографистері мен продюсерлері үшін кездесу, ынтымақтастық және серіктестік қатынастарды дамытуға арналған бірегей мүмкіндік», – деп атап өтті кинонарық директоры Елена Ларионова.

Алматыда бұл шара алғаш рет былтыр өтті. Бұрын осындай ауқымдағы кино шаралары Ресейде өтетін, ал бүгінде Қазақстан осындай кездесулер үшін мүмкіндік беретін алаңға айналған.

Шараның негізгі бағдарламасына кинотеатрлар үшін кино құрал-жабдықтарын өндіру және сатумен айналысатын жетекші компаниялардың презентациялары, киноиндустрия мен постпродакшнді дамытуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялардың таныстырылымдары енді.

Сонымен қатар шара аясында Орталық Азия мен Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдени мұраға арналған ЮНЕСКО-ның фотокөрмесі ұсынылды.

«Кино нарығының басты назары – бұл контент, Орталық Азияның фильмдері мен сериалдары», - деп бөлісті Елена Ларионова.

«Мен мақтанышпен айта аламын, Eurasian Film Market кино нарығы – бұл әлемдегі Орталық Азияның соңғы бір жарым-екі жылда өндірілген барлық жаңа контентімен танысуға мүмкіндік беретін жалғыз орын, өйткені біз каталог жасаймыз», – деді фестивальдің негізін қалаушы.

Бағдарламаның кураторы Күнжан Орманбетова қазақстандық кинолар да сатып алушыларға арналған бағдарламаға кіретінін айтты.

«Бірақ мұнда «Іздеу» бағдарламасынан айырмашылығы, біз продюсерлерге, құқық иелеріне және режиссерлерге өз жобаларын таныстырып, материалдар ұсынуға мүмкіндік береміз», – деді ол.

Кино нарығының қонақтары — Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясының Саха Республикасы (Якутия), Capella Film, «Пионер», «Экспонента фильм», «Русский Репортаж», «Про:взгляд» дистрибьюторлық компанияларының маркетинг және кино прокаты бөлімдерінің басшылары, Ресей және ТМД-дағы онлайн-сервистер мен стримингтік платформалардың сатып алу және лицензиялау мамандары.

Сондай-ақ, биылғы басты қатысушылар арасында Германия, Франция және Италия өкілдері де бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл елдер Орталық Азиямен мықты серіктестік қатынастар орнатуға ұмтылуда.

Биыл Франция елшілігінің және CNC қолдауымен Канн кино нарығында Орталық Азия елдерінен жаңа жобалардың питчингі ұйымдастырылды. Питчингке қатысу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 53 жоба ұсынылды. Франция және басқа елдермен бірлесіп өндіруге арналған ашық сценарийлер қаралды.

CNC іріктеу комиссиясы француз продюсерлеріне таныстырылу үшін Канн елінде 8 жобаны таңдап, осы жобалардың өкілдерін шақырды. Таныстырылымдардан кейін ынтымақтастық шарттарын талқылауға арналған жеке кездесулер ұйымдастырылды. Шараға сондай-ақ халықаралық қорлар, продюсерлер мен кинофестивальдер өкілдері шақырылды.

Форумның алғашқы күні дәстүрлі француз кинофестивалінің ашылып, «Безумные съемки» фильмі көрсетілді.

Фильм режиссері Седрик Канның бұл комедиялық драмасы Венеция кинофестивалінің жеңімпазы болып табылады. Фильмді Цезарь және Lumiere Awards сыйлықтарына ұсынылған актер Стефан Крепон таныстырды.

«Біз бүгінгі фестивальге Францияда үлкен табысқа жеткен 5 премьера фильмдерін алып келдік. Дистрибьюторлар бұл фильмдерді Қазақстанда көрсету үшін таңдады. Францияда қазақстандық кино танымал, біз өз көрермендерімізді өз фильмдерімізбен таныстырғымыз келеді. Егер олар өз орындарын осы нарықта тапса, біз оларды үлкен экранда көрсеткіміз келеді», – деді Эммануэль Фосийон, аймақтық аудиовизуалдық ынтымақтастық атташесі.

Кино нарық Алматыда 14-17 қазан аралығында өтеді. Кешкі көрсетілімдерге билеттерді «Арман» кинотеатрынан сатып алуға болады.

Фото: Facebook

  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также