«Құлшылық» фильміне рецензия | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

«Құлшылық» фильміне рецензия

945
2 минуты
«Құлшылық» фильміне рецензия

Автор: Аңсар Бақыт

«Құлшылық» фильмі қызғалдақпен көмкерілген кең даланың көрінісінен, кең далада табиғатқа тамсанып жан рахатын тапқан дін қызметкерінің бейнесінен басталады.

Дін қызметкерінің көркем бейнесін барынша ашуға тырысқан деректі фильмде оның қилы тағдыры, бала кезден бастап Құдай жолына бет бұрғаны көрсетіледі.

Бала кезден Митрополит Александр православие туралы толық танып-біліп өскен. Оның әжесі діндар адам болып, бала Александрдың құлағына христиан дінінің құндылықтарын құйып өсірді.

Митрополит Александрдың Қазақстандағы православиені дамытуға қосып жатқан үлесі де фильмде бой көрсетеді.

Қуғын-сүргін жылдары кезінде зардап шеккен православие дін қызметкерлерінің бейнесі көрерменді бей-жай қалдырған жоқ.

Одан бөлек, Қазақстандағы ислам мен православиенің бірге қарыштап дамып жатқаны айтылды.

Біздің елімізде дінге зорлық жоқ. Ешкім ешкімді қинамайды. Әркім өзінің жүрек қалауынша Құдайын табады. Қандай дін болса да, тек жақсылыққа, жасампаздыққа үндейді. Зиян әдеттен бойын аулақ ұстатып, тақуа болуға шақырады.

«Құлшылық» фильмінде қиын-қыстау заманда қазақтардың орыстарға пана болғаны, әсіресе, тастың орнына құрт лақтырып Отанға опасыздық жасады делінген азаматтардың жарларын аман сақтап қалғаны айқын көрсетілген.

Көк байрақтың астында 100-ден астам ұлт тату-тәтті тірлік кешіп жатқан елімізде әртүрлі дін өкілдері бейбіт күн кешуде.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Митрополит Александрды жеке қабылдап, оған құрмет көрсеткені де фильмде көрсетілді.

Бас имам мен мұсылман дінінің өкілдері де православиеге құрметпен қарайды.

Фильмдегі режиссердің жеткізейін деген ойы, операторлық жұмыс, сцераний жоғары деңгейге орындалған.

Әсіресе жақсылық жасау, жоқ-жітікке көмектесіп, жетімге қамқор болу дін мен ұлт талғамайтыны айтылған.

Қазақ пен орыстың татулығы, Қазақстанның бейбіт ел екені, жақсылыққа шақыру, қорғансызға сүйеу болуға үндеу, Митрополит Александр мырзаның тұлғалық келбеті анық ашылған.

 

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...