Қазақстандағы аумағы бойынша ең үлкен діни орындар | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстандағы аумағы бойынша ең үлкен діни орындар

10840
4 минуты
Қазақстандағы аумағы бойынша ең үлкен діни орындар

Шымкентте Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіт ашылды. Мешіт қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік аумағында орналасқан. 

2.jpg

Жер аумағы: 12 гектар, көлемі 47 000 м².
Жер сілкінісіне төтеп беру күші: 7-9 балл.
Минарет биіктігі – 63 метр,
Негізгі купол: ішінен биіктігі 56 метр, диаметрі 45 метр.
Қаптамасы: ақ мәрмәр-67000 м2, гранит-54000 м2.

3.jpg

Мешітке 12 мың адам сыяды, кіре беріс аумағы 10 мың адамға дейін қамти алады. Қолайсыз ауа райына 20 метрлік зонт шатыр қорған болады. Мешіт классикалық ислам стилінде қазақ ою-өрнектерімен көмкерілген.Помещения и залы

5.jpg

Мешітте ерлер мен әйелдер бөлмесі, ислам тарихы туралы музей, әйелдерге арналған білім беру орталығы, медресе, оқу залы бар кітапхана сияқты т.б. бөлмелер бар. Сондай-ақ телеорталық, фитнес-орталық, асхана мен ғимарат әкімшілігі бар. 736 орынға арналған жер асты паркингі, лифттер, эскалаторлар бар. Мешіт айналасында жасыл бақша мен парк аллеясы орналасқан, 4 гектар жер көгалдандырылған.

«Қалада символдар көп. Біз Шымкент қаласы үшін тағы бір маңызды мекен жасауды жөн көрдік. Бұл орын достық, қонақжайлық, тұрғындардың тазалығы, мейірімділігі мен рухани бай әлемінен хабар береді», - дейді «САУТС-ОЙЛ» Серікжан компаниясының басшысы Серікжан Сейітжанов.

6.jpg

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіт Серікжан Сейітжановтың әкесінің атын иеленген.
Сейітжан Есжанұлы Құртаев – танымал педагог, математика мұғалімі, Ұлы Отан соғысы ардагері, Орталық азиялық мемлекеттік университеттің алғашқы түлектерінің бірі. Өмір бойы мұғалім болған, кейін мектеп директоры қызметін атқарған. Қазіргі таңда Отырар ауданындағы мектеп Сейітжан Есжанұлы атында.

Сейітжан Құртаев жұбайы Бибіхадиша Сүлеевппен бірге 11 бала тәрбиелеген, қазіргі таңда балалары еліміздің дамуына үлес қосып, дәлірек айтқанда білім саласында еңбек етіп жүр.

Осы орайда еліміздегі ең үлкен діни орындарды атап өтуді жөн көрдік.

Астана қаласындағы Успен кафедралды соборы 


Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағындағы ең ірі православ храмы ретінде белгілі Успен кафедралы соборы Иса Мәсіхтің анасы Мәриям өмірден өткен күн, христиандардың қасиетті мейрамы – орысша айтсақ, «Успение Пресвятой Богородицы» құрметіне салынған. Собордың орталығындағы крестің биіктігі 68 метрді құрайды. Успен соборы астананың православ тұрғындары үшін діни орда болса, қала қонақтары үшін сәулеті салтанатты ерекше рухани орын.

Астана қаласында Успен кафедралы соборын салу бойынша шешім 2004 жылы қабылданып, алғашқы кірпіші 2006 жылы қаланған. Бүгінде сәулетті православ храмы бір уақытта 4000-ға жуық адамды қабылдай алады.

Қарағандыдағы Әулие Фатима Мариямның католиктер шіркеуі


Қарағандыдағы Әулие Фатима Мариямның шіркеуі – Орталық Азиядағы ең үлкен католиктер шіркеуі.

Епископ Ян Павел Ленга Қарағандыда католиктерге жаңа кафедралды собор керектігін айтып, Қарағанды епархиясы Қарағанды қаласының әкімшілігіне жүгінген. 2003 жылдың 13 мамырында билік бұл ұсынысқа үн қатып, жер аумағын бөлді.

Болашақ собор Германиядағы Кельн соборының негізінде жасалатыны туралы шешім қабылданды. Қазақстандық ауа райына жобаны лайықтаған – сәулетші В.Г.Сергеев.

2012 жылдың 9 қыркүйегінде собордың салтанатты ашылу рәсімі өтті, оны Кардиналдар коллегиясының деканы Анджело Содан, Рим Папасы легаты Бенедикт XVI жасады.

 Скачивайте мобильное приложение АПН и читайте наши новости в своем смартфоне!

Доступно в Google Play

Фото: muftyat.kz

  • Комментарии
Загрузка комментариев...