Араққа құмарлықтан қалай арылуға болады? | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Араққа құмарлықтан қалай арылуға болады?

4009
5 минут
Араққа құмарлықтан қалай арылуға болады?

Арақ – атадан қалған ас емес, десек те араққұмарлық түрлі қылмыстың алғашқы баспалдағы екені ащы ақиқат.

Алкоголизм мәселесі әлі күнге өзекті. Ащы су ауру мен ажалға әкеп соқтыратын апан екені анық, арақ ішетін адамның алға басқан қадамы кері кетеді.

XIX ғасырда тұрғындардың әл-ауқаты артқан сайын алкоголизм мәселесі өрши түсті. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы алкоголизм дертіне шалдығу жиілігі төмендемегенін, керісінше өсе түскенін айтты. 2000 жылы әлем бойынша 140 миллион адам араққа тәуелділігін мойындаса, 2010 жылы 208 миллион адамның ащы суға құмарлығы анықталды. Бұндай статистикамен 2050 жылға қарай алкоголизмге шалдыққан адам саны 9,5 миллиардтың ішінен 500 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Алкоголизмнің ауру екеніне қазіргі таңда ешкімнің күмәні жоқ.

Книга

Өйткені 1952 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы алкоголизмді ауру ретінде тіркелді.

1939 жылы «Анонимді алкоголиктер» атты кітап жарыққа шықты. Бұл кітап әлем бойынша миллиондаған жандардың өмірін өзгертті. Кітапта есірткі мен араққа тәуелділіктен арылтатын 12 қадам туралы айтылды, бұл аталған дертті емдеу саласында төңкеріс ретінде мойындалды.

Кітап 90 тілде, әлемнің 170 елінде таралды.

Анонимді алкоголиктер тобымен қоса олардың туыстары мен жақындарына арналған топтар да құрылды. Өйткені аталған дерт тек науқастың өзіне ғана зардап келтірмейді. Алкоголик адамдардың туыстары мен достары да көмекке зәру.

АА-ның 12 қадамының мәні неде?

Бұл – ащы суға тәуелділерге арналған рухани бағдарлама. Өз тәуелділігін мойындау арқылы еркіндікке қадам жасайды, әрі қарай рухани тәжірибелерге жүгінеді.

Әдетте, бағдарламаның кезеңдерін түсіндіру үшін әр қадамның принциптерін айта алатын, білім мен тәжірибе бере отырып, осы жолда көмектесе алатын тәжірибелі тәлімгер қажет.

Бағдарлама негізінде Миннесота деп аталатын емдеу моделі құрылды, модель бойынша кәсіби психотерапевт маман емге қатысуы тиіс.

Яғни өздігінен емделіп шығу мүмкін емес, бағдарлама науқасқа көмек қолын ұсынады.

Бағдарлама нарколог пен психотерапия тағайындай алатын дәрі-дәрмекпен емдеуді жоққа шығармайды. Мұның бәрі кешенді түрде өз жемісін береді. Адамзат тәуелділікті жеңудің басқа жолдарын әлі ойлап тапқан жоқ. Халық арасында тараған рецепттердің де пайдасы аз.

Сондай-ақ, ешкім ешқашан науқасты емдеуге және жұмысқа мәжбүрлемейтінін түсіну маңызды.


Қазақстанның Православиелік дәрігерлер қоғамының төрағасы, "Сауығу" қоғамының рухани мүшесі, "Есірткісіз Қазақстан" қоғамдық қорының басшысы, протоиерей Анатолий Измеров тәуелділікпен күрес туралы айтты.

- Арақтан қалай арылуға болады? Бұл сұрақты «Тәуелділіктен қалай құтылуға болады» деп қойған дұрыс. Алкоголизм, есірткіге тәуелділік, ойынқұмарлық, басқа да дүниелер – бір сөзбен айтқанда «тәуелділік». Тек біздің заманның мәселесі емес. Қазіргі таңда бұл нәрсенің ауру, дерт екенін түсіндік.

Алкоголизм халықаралық аурулар классификациясында психикалық бұзылулар қатарына жатады. Зерттеулер нәтижесінде дерт – адам ағзасындағы нақты биохимиялық үрдістің бұзылуы екені анықталды.

Адам бір стақан арақ ішкенде немесе бір рет есірткі тұтынғанда наркоман болып кетпейді. Сол секілді ойынды бір рет ойнағаннан ойынқұмар атанбайды.

Жыл өткен сайын дерт дендейді. Егер шара қолданбаса, арты ажалға апарып соғады.

Қазіргі таңда менің ойымша ең тиімді бағдарлама – «Анонимді қауымдастық» деп аталатын 12 қадам. Бағдарлама Қазақстанда да бар, оған онлайн түрде қатысуға болады.

Созылмалы аурудан сауығу адамның бақытты, қалыпты өмір сүруі үшін қажет. Күн сайын, үздіксіз қайтадан ішімдікке тәуелді болмас үшін белгілі бір әрекетті қайталап отыру керек.

«Есірткісіз Қазақстан» қоғамдық қоры да бар, ол жақтан тегін кеңес алуға болады, - деді ол.

Қазақстанда алкоголизм мәселесіне тегін көмектесетін желілер:

1. Ұлттық сенім телефоны желісі: 150, + 8 (708) 106-08-10.

2. Алматы психикалық денсаулық орталығы – тәулік бойы. Телефондар: + 7 (727) 376-56-60, +7 (708) 983-28-63.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...