Зоомектеп 9-16 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Жоба 4 қазанда басталып, 25 мамырда аяқталады. Барлық сабақтары мен шаралары тегін.
Мектепте балаларға теориялық сабақтар мен мерекелер ұйымдастырылады. Бірақ, балаларды қызықтыратын ең басты мәселе – жануарлармен қарым-қатынас. Осы орайда, теориялық сабақтан кейін олар жануарларды тәжірибеде бақылауға шығады. Балалар питонды ұстап көріп, қауіпті емес жәндіктерді, пілдерді, бегемоттар мен жирафтарды тамақтандыра алады.
Қарашадан бастап балаларға зообақ қызметкерінің басшылығымен өз жобасын жазуға мүмкіндік беріледі. Олар ақ аю сияқты қауіпті жыртқыштардың қалай қолға үйретілетінен бақылай алады.
«Қызметкерлер жануарларға табандарын, ауыздарын көрсетуді, витаминдерді қабылдауды және уколдарға шыдауды үйретеді», – деді зообақтың баспасөз қызметі.
Одан кейін оқушыларды жұптарға бөліп, жоба тақырыбын ұсынады. Сондай-ақ, олар өз тақырыптарын ұсынуға мүмкіндік алады. Жобалардың мақсаты – ешкі, бұғы, теңіз шошқасы сияқты қауіпті емес жануарды үйрету жүйесін әзірлеу. Балалар теориялық бөлімді жазады, оны тәжірибеде сынайды және мамыр айының соңында жобаны қорғауда нәтижелерімен бөліседі.
Күзгі демалыс мерекелері
Зоомектептің жұмысы жануарлармен қарым-қатынаспен шектелмейді. Теориялық сабақтар бағдарламасы Жердегі тіршіліктің пайда болуынан бастап, ірі сүтқоректілердің эволюциясына дейінгі кезеңді қамтиды.Сабақтардан бөлек, балаларға кино күндері ұйымдастырылады. Мәселен, олардың бірі динозаврларға арналады: оқушылар мұғаліммен бірге осы керемет жануарлар туралы деректі фильмді көріп, талқылайды.
Мұғалімдермен бірге балалар мерекелерді де атап өтеді. Хэллоуинге ойын мен шай ішу жоспарланған. Балалардан зообаққа қорқынышты костюмдер киіп келу талап етіледі.
Зоомектепте театрлар мен мұражайларға да экскурсиялар ұйымдастырылады. Себебі зоомектепке әртүрлі жастағы және әртүрлі мектептерден келген балалар қатысады, мұндай «сапарлар» әдетте демалыс кезінде, мектеп кестесіне тәуелді болмағанда ұйымдастырылады.
Сонымен бірге, балалардан қатаң тәртіп талап етіледі: үш сабақтан ескертусіз қалу немесе қорытынды тапсырмаларды орындамау оларды қалпына келтіру мүмкіндігінсіз шығаруға әкеледі.
Зоомектепке жазылу үшін almatyzoo.lector@mail.ru электронды поштасына «Мен жазды жануарлармен қалай өткіздім» тақырыбында шығарма жіберу керек. Хатқа баланың аты-жөні, жасы, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні мен байланыс нөмірін көрсету қажет. Сабақтар аптасына екі рет өтеді.
Фото: pixabay.com, Алматы зообағының баспасөз қызметі