Православие діни қызметкерлерінің киімдері | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Православие діни қызметкерлерінің киімдері

13298
5 минут
Православие діни қызметкерлерінің киімдері

Шіркеуге келген әрбір адам священниктердің әртүрлі түсте киінетінін байқаған шығар. Бұл түстердің мағынасы қандай? Бұл туралы Алматы Вознесендік соборының клиригі, иеромонах Роман Чистяковтан сұрап көрдік.

Иеромонах Роман (Чистяков)Иеромонах Роман (Чистяков)

Ол өз сөзін Пасха мерекесінен бастады. Иеромонахтың сөзінше, бұл мерекеде священниктер ақ киім киеді.

Пасха. Вознесендік соборПасха. Вознесендік собор

«Діни қызметкерлердің шапандарындағы ақ түс жеңімпаздықтың белгісі. Ол айқышқа шегеленуді, айқыштағы өлімді қабылдады, содан кейін құдай күшімен табыттан көтерілді – Құдайдың даңқы осылай көрінді».

Иеромонах Романның өз цехы бар, ол жақта қазақстандық священниктерге арнап киім тігіледі. Цех Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының аумағында орналасқан, монахинялар тұратын кішкентай екі бөлменің ішінде.

ШеберханаШеберхана

Иеромонах Романның сөзінше, священниктер қызыл киім киетін сәт те болады.

"Ғибадаттағы қызыл түс шейіт болуды білдіреді. Біз әрқашан шейіт болғандарды еске алу үшін қызыл киеміз. Бірақ Пасха мерекесі Голгофадан басталады. Сондықтан шейіт түсі қызыл. Сонымен қатар мерекелік, салтанатты түс. Магдалена Мәриям Рим императорына Христостың қайта тірілуі туралы хабармен келіп, оған өмірдің символы ретінде жұмыртқа сыйлаған.

Император оған жұмыртқа ақ түстен қызылға айнала алмайтыны сияқты адам да қайта тіріле алмайтынын айтқан. Сол сәтте жұмыртқа қызылға айналды. Осыны ескере отырып, біз жұмыртқаны қызыл түске, сондай-ақ басқа да түстерге бояймыз".

Иеромонах Роман православиедегі маңызды түстердің бірі көк түс туралы да айтып өтті.

Тургень. ИконостасТүрген. Икона

«Аспан түстес көк түс тазалықтың белгісі. Біз бұл түсті богородичтік мерекелерде киеміз. Көк түс – физикалық, рухани, басқа да тазалықтың белгісі».

Иеромонах Романның пікірінше, қара және күлгін түстер де тамаша.

Митрополит Александр қара киімдеМитрополит Александр қара киімде

«Қара – қайғы мен мойынсұну түсті. Священниктер Пасха мерекелерінде қара және күлгін түсті киім киеді».

Иеромонах Романға барлық түс бірдей ұнайды, біреуін бөліп айта алмады.

«Жасыл түсті киім тіккенде осы менің сүйікті түсім деп ойлаймын, қызыл тіккенде қандай тамаша түс шықты деп қуанамын», - дейді ол.

Шіркеуге келетін жандар қандай киім киюі тиіс?

«Кез келген отбасы үшін бұл рухани мереке. Шіркеуге таза киім киіп келген дұрыс. Лесковтан оқығаным бар еді, бір отбасы шіркеуге келе жатады. Олар тек шіркеуге ғана киіп келетін киімдері бар еді. Тек шіркеуге киетін салтанатты, сәнді киім болатын. Сәнді киінген адамдарды шіркеуден көрсем, қуанамын».

Иисус қандай түсті киім киген деген сұраққа ол былай деп жауа берді.

Христос ТірілдіХристос Тірілді

«Иисус Христке Пресвятая Богородица тігіп берген киімдері болды. Ол кезде үлкен өндіріс болған жоқ, матаға химиялық қоспалар қосылмайтын. Бәрі беж (бежвый) түсті киім киген, сондай-ақ мақта түстес те киімдері болған. байлар боялған киімдер киген. Император түсі қызыл, порфир еді, бұндай түсті тек қана императорлар киген, басқа ешкім кимеген».

Пасха Вознесендік соборПасха Вознесендік собор

Өздеріңіз білетіндей, Пасхадан кейінгі бүкіл кезең ұзақ Пасха, Пасхадан кейінгі ғибадат кезеңі, ол 30 күнге созылады. Шіркеуде Пасха әндері айтылады және барлық діни қызметкерлер салтанатты қызыл киім киеді. Бұл түсі мен әсері бойынша шіркеу қызметінің ең жарқын сәті. Иеромонах Роман өзі үшін әсерлі сәтті еске алды.

Алматыдағы Вознесендік соборАлматыдағы Вознесендік собор

«Бала кезімнен мені қасиетті сенбіде ғибадат ету таң қалдырды. Сіз шіркеуге келгенде иконалардағы қара орамалды, қара киім киген әжелерді көресіз. Қызметтің белгілі бір сәтінде олардың барлығы қара киімдерін шешеді, ішінде ақ түсті киім бар. Бүкіл ғибадатханада барлығы қара түстен ақ түске ауысады. Ғибадатхана жарқырайды. Бала кезімде бұл мені таң қалдырғаны есімде. Осы уақытқа дейін мен пасха қуаныштарының басы болып саналатын қасиетті сенбіні жүрегім дүрсілдей отырып күтемін».

  • Комментарии
Загрузка комментариев...