Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді

14
2 минуты
Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді

Қаржы алаяқтығының деңгейін төмендету мақсатында Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді, оның аясында әр азамат өз атына кредит ресімдеуге тыйым сала алады. «Стоп кредит» қызметі egov.kz сайты арқылы және E-gov mobile қосымшасында қолжетімді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады КЖА. 

Шектеуді компьютер арқылы енгізу үшін төмендегі нұсқаулықты орындаңыз:

  • kz сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз;
  • әрі қарай «Қызметтер» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметіне онлайн тапсырыс беру;
  • одан кейін барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қою қажет;
  • өтінім нәтижесімен жеке кабинетіңіздегі «Қызметтер тарихы» тарауынан таныса аласыз.

Аталған қызметті ұялы телефон  арқылы алу үшін:

  • E-gov mobile қосымшасына кіріңіз;
  • «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Салықтар және қаржы» бөлімін таңдаңыз;
  • мәзірде «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» бөлімін таңдау қажет;
  • ЭЦҚ-кілт арқылы қызметті ресімдеуге келісім беріп, қол қойыңыз.

"Осыдан кейін кредиттік тарихыңызда несие алудан уақытша бас тартқаныңыз туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйым несие бюроларынан деректерді сұрай отырып, мұндай шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке кредит бермеу туралы шешім қабылдайды. Егер адамның атына кредиттер ресімдеуге дербес тыйым салынғаннан кейін оның атына қарыз ресімделсе, онда берешек автоматты түрде жойылады", –  делінген хабарламада. 

Ведомство қызметті кез келген уақытта өшіруге болатынын мәлімдеді. Шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихына баға бермейтін басқа ұйымдарға қолданылмайды.

Сурет: pxhere

  • Комментарии
Загрузка комментариев...