
Осы орайда, туристер арасында ең танымал бес демалыс өңірін назарларыңызға ұсынамыз:
5-орын: Балқаш курорттық өңірі
Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі 2024 жылдың 9 айында 120 948 туристті қабылдаған.
4-орын: Алакөл курорттық өңірі
Былтырғы 9 ай ішінде Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі
Орманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір аталған мерзімде 275 295 саяхатшыны қабылдаған.
2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі
Маңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.
1-орын: Алматы тау кластері
Еліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. 2024 жылғы 9 айда бұл өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырды.
Фото: pixabay