Суворов: «Еркіндіктің алтын кілті – білімде» | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Суворов: «Еркіндіктің алтын кілті – білімде»

27276
6 минут
Суворов: «Еркіндіктің алтын кілті – білімде»

Қазақстандық священник протоиерей Вознесендік собордың ключары Александр Суворов делегация құрамында АҚШ-тың Вашингтон және Финикс (Аризона штаты) қалаларында өткен халықаралық діни еркіндікке бағытталған дөңгелек үстелге қатысты. Шараны америкалық үкіметтік емес Love Your Neighbor Community (LYNC) «Өз көршіңді жақсы көр» қауымдастығы ұйымдастырды.

протоиерей Александр Суворов

Протоиерей Александр Суворов бұл сапардан біраз әсер алған. Ол америкалықтардың жаңа технология пайдаланудағы тәжірибесін атап өтті.

- Олардың шіркеулерінде арнайы қосымша бар, сол арқылы адамдар құлшылық туралы барлық ақпаратты ала алады. АҚШ шіркеуінің қаржы жүйесі мықты. Біз, православиелік діни қызметкерлер, үнемі ақша іздеуіміз керек немесе қандай да бір жолмен адамдарды ғибадатханаларға қайырымдылық жасауға итермелеуіміз керек. Америкалық шіркеу үшін библиялық ондық негіз болып табылады, олардың шіркеулерінің экономикасы осыған негізделген. Осының негізінде олар қайырымдылықпен айналысуға әбден үйренген.

- Америкалықтардың ерекшелігі неде?

- Америкалықтар шетелде болып жатқан оқиғаларға бас қатыра бермейтінін байқадым. Әлемдік мәселелердің географиялық тұрғыда қай жерде болып жатқанын да білмейді. Бізде болса халықаралық оқиғалар туралы бәрі талқылап жатады ғой. Тіпті балаларымыз да әлемдік мәселелер туралы әңгімелеседі. АҚШ-та қарапайым америкалықтың өмірі өз қаласының, штатының маңында шектеледі.

Аэропорт в США

- АҚШ-тан оралған соң әріптестеріңіз, достарыңыз сізден не туралы сұрады?

- Нашақор, ЛГБТ өкілдерін, барлық жыныс өкілдеріне арналған дәретханаларды көрдіңіз бе дейсіз ғой? Нашақорларды көрдім, олар көшеде емін-еркін шөптерін шегіп тұрды. Топ-топ болып қоқыс жанында отырады екен. Америкалықтар еркін қоғамда өмір сүретіндіктен, оларға аса мән бермейді. Адам өз өмірін өзі таңдады деген түсінікте. Барлық жыныс өкіліне арналған дәретхана көрген жоқпын, алайда итке арналған дәретхана мені таңғалдырды. Тағы не көрдім десеңіз, x-size өлшемінен көп өлшемдегі киім киетін адамның көптігін байқадым. Адамдар фастфуд жейді. Бұл тамақ өздігінен аса зиян да емес болар, алайда олар пепси мен коланы көп қолданады.

Бытовые подробности

- АҚШ – көпдінді мемлекет. Америкалықтардың діни нанымдары туралы не айтасыз?

- Америкалықтар айтқандай жақсы адамдар мен жаман адамдар барлық жерде бар. Өзім сөйлескен жандар өте ашық екен. Пастер Боб Робертс, Дитмар Имам әртүрлі дін өкілдерінің арасында маңызды көпір салуға расымен көп күш жұмайды. Бұл прозелитизмді білдірмейді, яғни имамдарды немесе ислам жамағатының өкілдерін шоқындыру рәсімінен өткізуге деген ұмтылыс жоқ, керісінше олар бізді исламға кіргізуге тырыспайды. Мұндай әңгіме мүлдем жүргізілмейді. Алайда біз үшін де маңызды жақсы, жайлы, тату қарым-қатынас құруға ұмтылады. Мен бұл тәжірибе бізге жетіспейтінін мойындаймын. Мұнда біз шынымен де басқа конфессияларға жабықпыз, олар бізге жабық.

Казахстанцы в США

- Бұл сапардан алған басты тәжірибеңіз қандай?

- Балалар туралы, соның ішінде өз балаларым туралы ойлай отырып мынаны айтар едім: білім алу үшін кез келген мүмкіндік іздеңіздер. Білім – сіздің еркіндігіңіз, еркіндіктің алтын кілті білімде. Тіл үйреніңіздер, тіл білмей ешқайда бара алмайсыз. Ағылшын тілін тәп-тәуір білсем де, өзімді ыңғайсыз сезіндім. Білімнің жеткіліксіздігі өзіңнің әдемі өзеніңде отырғанмен тең, алайда ол өзен шектеулі. Осы сәтте ұлы мұхитты көреміз, бірақ оған жүзіп бара алмаймыз! Instagram-да мүлдем ақылсыз, пайдасыз ақпарат, фаст-фуд туралы ақпарат алудың орнына білім алудың кез келген мүмкіндігін іздеңіз. Міне, сіз оны кеше көрдіңіз, ал таңертең ол жерде не болғаны есіңізде де болмайды. Алтын уақытыңызды құр жоғалтасыз.

Білімнің қажеттілігін түсіну - бұл менің алыс Америкаға, ұлы елге сапарымның таңғажайып квинтэссенциясы.

Гранд Каньон США

- Әлемдегі ең жабық ел Ирандағы әріптестеріңізге де жақында барып келдіңіз. Бұл жабықтық дінге деген көзқарастың салдары ма?

- Осы екі ел арасындағы байланыс туралы ойлағанда Тегеран-Вашингтон желісінің философиялық мағынасын еске алдым. Шын мәнінде бұл екі әлем бір-бірімен тікелей байланысты: қос ел арасында ұлы экзистенциалды байланыс бар. Біреуі кілт болса, біреуі құлып. Өйткені, Иран – бүкіл Таяу Шығыстың кілті. Қазір осы аймақта болып жатқан күрделі мәселелер Иранмен де, АҚШ - тың әл-ауқатымен де парадоксалды түрде байланысты. Бірақ бұл тақырып өте терең, бұл тақырыпқа бойлау үшін білімім мен тәжірибем жеткіліксіз.

Общение с коллегами

-Әлеуметтік желілерде таласты тақырыптар көп. Адамдар кейде дінаралық, ұлтаралық алауыздыққа барып жатады. Діни қызметкерлердің бұл мәселеге көзқарасы қандай?

- Міне, дәл осы себептен біз бірлескен дөңгелек үстелдерге қатысамыз, болашақта ислам, протестантизм сияқты басқа да конфессияларымызбен бірге ұйымдастыру ойда бар. Осындай бетпе-бет кездесулер бұндай жанжалдарды ауыздықтай алады. Ұлтаралық мәселе дінге байланысты болмаса, оған бас сұғудың қажеті жоқ. Ал діни дұрғыда халықаралық негізде адамдар ар-намысқа тисе, әлбетте, кірісу керек.

Суворов

  • Комментарии
Загрузка комментариев...