«Курьер де, зат та жоғалып кетті!» Бұндай жағдайда не істеу керек | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

«Курьер де, зат та жоғалып кетті!» Бұндай жағдайда не істеу керек

77
8 минут
«Курьер де, зат та жоғалып кетті!» Бұндай жағдайда не істеу керек

Қазіргі таңда жеткізу қызметін пайдаланбайтын адам кемде-кем. Өйткені жеткізу қызметі ыңғайлы әрі уақытты тамаша үнемдейді. Біз тіпті ең қымбат заттарды да жеткізу қызметіне сеніп тапсырамыз. Алайда жеткізу қызметі жүйесінен мін шықты...

Бұл – жетер жеріне жетпеген сәлемдеме туралы оқиға. Сәлемдемесін жіберген әйел біраз уақыттан соң дабыл қаға бастаған. Өйткені жүк жоғалып кеткен. Тек бес күннен кейін ғана сәлемдеме қызмет мамандары арқылы табылып, тапсырыс берушінің қолына тиді. Барлығы сәтті аяқталғанымен, осы бес күн тараптар үшін оңай болмағаны анық.

Фото 1 Эльвира Сабитова.jpg

Басынан бастап баяндайық. Эльвира Шавхатқызы Сәбитова – қолөнер шебері, бал саусағынан шыққан бұйымдар Алматы қаласындағы Панфилов көшесінде өтетін көрменің сәні. Ол әртүрлі ивенттерде шеберлік сыныптарын өткізеді. Оны мектептер, үкіметтік емес ұйымдар, ірі сауда орталықтары шақырады.

Жақында ірі компаниялардың бірі Эльвира Сәбитованы қызметкерлерге арнап шеберлік сыныбын өткізуге шақырған. Хэндмэйд шебері дәл осы фирмамен жұмыс істеуді көптен көздеп жүргенін жасырмады.

Шеберлік сыныбы барысында қатысушылар әртүрлі әшекейлерді, аксессуарларды жасап шыққан. Негізі бұндай шеберлік сыныптарынан кейін әдетте Эльвира барлық әшекейді жинап алады, өйткені бұйым толық дайын болуы үшін студияға әкеліп толықтыру керек. Соңына дейін жасап шыққан соң ғана аксессуарларды тапсырыс берушіге жолдауға болады. Эльвира солай жұмыс істейді. Сөйтіп ұялы телефонындағы қосымша арқылы «Яндекс Go Қазақстан» курьерін шақырған Эльвира жеткізу қызметіне әшекейді орап тапсырады.

вещи2.jpg

Ол бизнес орталықтың адресін, қабатын, телефонын, фирманың атын, алушы адамның телефоны мен есімін толық жазып, курьер адасып кетпес үшін қабылдаушы тарапқа скриншот та жіберген. Қолөнер шебері алушы тараптан «алдым» деген хабарлама күтіп отырған.

Біраз уақыттан соң сәлемдеме иесіне жеткені туралы хабарлама алады. Алайда тапсырыс беруші өзіне ешкім келмегенін, ешқандай сәлемдеме алмағанын хабарлайды. Сәлемдемені ресепшннан күтіп тұрған, өйткені «сізге зат келді» деген хабарлама келген. Алайда курьер де, әшекейлер де ұшты-күйлі жоқ!

Әйел адам дабыл қағып тапсырыс жетпегені туралы кеңсеге қоңырау шалады. Кеңсе қызметкері де, Эльвира Сәбитова да курьерге хабарласады. «Яндекс» курьері қоңырауды алып, көлік кептелісінде қалып қойғанын айтады. Біраздан соң Эльвира мен кеңсе қызметкерлері тағы да курьерге хабарласады. Алайда курьер әшекейлермен бірге жоқ болып кеткен.

Эльвира Сәбитова:

«Курьер қайта шығаруға келмейтін бірегей әшекейлермен бірге жоғалып кетті. Оның үстіне бұйымдардың әрқайсысы төленіп қойған. Адамдар өздерінің тапсырыстарын күтіп отыр», - деп күйінеді.

Ол осы оқиға туралы қызына және әлеуметтік желідегі достарына айтады:

«Осындай жағымсыз жайт басымнан өтті. Мәселемен бетпе-бет жалғыз қаласың, осы өкінішті. «Яндекс Go Қазақстан» қызметкерлері болған оқиғаға бей-жай қарайтын сияқты. Әлбетте, олар ештеңе жоғалтқан жоқ қой», - деп жазады ол.

Әлеуметтік желідегі достары тыс қалмай өз пікірлерін білдірген.

Anara Idrissova – компания директоры:

«Полицияға хабарласу керек. «Яндекс» ештеңе істемейді. Каспи дүкен арқылы экспресс-сәлемдемелер жібереміз, үш рет тауарымыз ұрланды, ал «Яндекс» ештеңе жасамай үнсіз қалады. Тауарлардың бағасы 5000-8000 теңге аралығында. Жағымсыз жайт, алайда өмір бітіп қалмас. Қолөнер бұйымдары бұдан қымбат тұрады».

Динара Тұрсынова – журналист, телерадио жүргізушісі, жобалар авторы, сценарист, режиссер:

«Бірнеше рет мейрамханадан алынған, ақшасы төленген тамақтар жоғалды. Із-түссіз. Шығынды орнына келтіру үшін қанша күш салмасақ та, бәрі өзгеріссіз қалды. Ақшамыз, уақытымыз бен жеткізу қызметі жоқ болды».

Ксения Воронина – сандық контент авторы:

«Курьер код айтпайынша тапсырысты бермейді».

Александра Шиклеева-Көбекова компаниядағы public relations:

«Бірнеше ай бұрын курьер сатушы берген бірнеше тауардың ішінен біреуін алушыға жеткізбеді. Бұл – мысыққа арналған бу тарағы болатын, бағасы 5 мың теңге. Оны не істейді десеңізші? Мен де, сатушы да жаздық, хабарластық. Бірақ ештеңе шықпады. 2-3 жыл бұрын курьер арқылы жолдасым үйде қалдырып кеткен ноутбукты жібердім. Ол ноутбукты 4 сағаттан артық уақыт алып жүрді, картадан адасып, қоңырауымызға жауап бермеді. «Яндекс» арқылы курьерге полицияға барамын деп айтқанымда ол қайта пайда болды».

вещи3.jpg

Жәбірленуші Эльвира Сәбитова мен оның қызы «Яндекс Go Қазақстанға» құнды бұйым жоғалғаны туралы жазған.

Әлеуметтік желіде «Яндекс Go Қазақстан» боты үн қатқан:

«Осындай жағдайға тап болғаныңыз үшін қатты өкінеміз. Жағдайды реттеу үшін детальдар керек. Қолдау қызметіне шешілмеген жағдай туралы ақпарат жазыңыз немесе біздің жекемізге хабарласыңыз».

Эльвира Сәбитова профиль шапкасында тұрған телефондарға қоңырау шалған:

 «Сөйлесу мүмкін емес. Біреу тұтқаны алған жағдайда екі рет қойып тастайды».

Бірақ Эльвира қайтпаған. Таңертең қызына айтқан. Виктория ФБ желісіне пост жазып, жағдайды толық баяндаған. Пост астына бірнеше пікір жазылған соң барып Әмір Омаров деген бот байланысқа шығып, шара қолданатынын айтты.

Эльвира Сәбитова сәлемдеме «Яндекс Go Қазақстанның» бас кеңсесі орналасқан Мәскеуден хабарласқан соң ғана ізделе бастағанын айтты. Алексей есімді әлдекім жоғалып кеткен затты іздеу жұмыстарын бастаған. Эльвираның айтуымен видеокамераларды да қараған. Затты іздеп бизнес орталықтың 11 қабатын шарлап шыққан.

Курьер мәскеулік қызметкерлермен де, Эльвирамен де сөйлеспеген. Ол немесе туысқаны (дауыстар әр кезде әртүрлі болған) қоңырауға: «Кетші бар!» деп жауап берген. Кейін оның аккаунты бұғатталды, бұл – курьер жұмысынан айырылды деген сөз. Содан кейін барып курьердің атынан біреу хабарласып, сәлемдемені өзге блоктағы ресепшнге қалдырғанын айтқан.

Курьер бейне бақылау камерасынан скриншот жіберіп, сәлемдеменің қай жерде тұрғанын айтқан. Ең бастысы – бұйымдар табылған. Бұйымдар орнына қайту үшін де бір күн керек болған. Соңында зат керек жерге жеткізілді! Бұл кезде Эльвира Сәбитова қатты ашулы еді!

Әкелі-балалы курьерлер көрсетілген мекенжайға келген. Осылайша сәлемдеме хэндмейд шеберінің қолына жеткен. Алайда курьерлер әйелден кешірім сұрамаған.

Тек мәскеулік бас кеңсе өкілдері ғана «сәлемдеме жетті ме?» деп сұраған. Одан бөлек «Яндекс Go Қазақстан» Эльвира Сәбитоваға тигізілген моралдық шығынды төлеп, 1000 теңге жеңілдігі бар 17 бонус ұсынған.

«Қызмет тарапы жүйкемнің күшін жоғалтқаным үшін кешірімді осылай сұрады».

Эльвираның сөзінше, курьердің ешқандай арам ойы болмаған, тек затты өзге блокқа апарып тастаған.

 «Қызметкерлерін оқытып, жеткізу нүктесін дұрыс оқулары үшін курьерлерге арналған бастапқы нұсқаулықтары берілу керек», - деп есептейді әйел.

Эльвираның ойынша, ФБ-дағы пост астына пікір жазушы адам «Яндекс Go Қазақстан» қызметкерін белгілеп, осының нәтижесінде жағдай оң шешімін тапқан.

Алайда іздеу жұмыстарына бес күн кеткен, соңында тапсырыс табылды! Эльвира Сәбитова бірнеше хабарламаға жауап беріп, өзі де бірнеше хат жазуға мәжбүр болған. Соңында Эльвира мен оның қызы Виктория «Яндекс Go Қазақстанға» кеңес беріп, көмектескендері үшін алғыстарын айтты.

Суреттер: Эльвира Сәбитованың жеке мұрағатынан және ашық дереккөздерден

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...