Еріктілер деменциясы бар қарттармен қалай жұмыс істейді? | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Еріктілер деменциясы бар қарттармен қалай жұмыс істейді?

769
4 минуты
Еріктілер деменциясы бар қарттармен қалай жұмыс істейді?

Жақында «Радонеж» қайырымдылық қоры жанындағы қарттар мен мүгедектер үйінде «Миссия добро» халықаралық волонтерлік бағдарламасының шеберлік сыныптары өтті. Ресейден келген жаттықтырушылар ҚР-дағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен деменциясы бар қарт адамдарға күтім жасауды ұйымдастыру туралы айтып, осы мақсаттар үшін түрлі құралдарды таныстырып, қатысушыларға оларды қалай пайдалану керектігін үйретті.

Қарттарға қамқорлық жасау, соның ішінде психологиялық аспектілер және эмоционалды шаршаудың алдын алуды қолдауға ерекше назар аударылды.

АПН тілшісі оқу бағдарламасының екі қатысушысымен сөйлесіп, олардың осындай күрделі салаға қалай келгендерін білді.

Наталья, косметолог-бет әрлеуші:

– Мен бұл салаға 2017 жылы келдім. Танысым мені «Радонеж» қайырымдылық корпоративтік қорының жанынан бауырластыққа мүше болуға шақырды. Біз онымен бірге Израильде қажылық сапарында болдық, содан кейін Алматыда кездестік. Мен онымен бірге қалалық хосписке көмектесуге бардым.


Қазір мен зейнетке шықтым, бұрын косметолог-бет әрлеуші болып жұмыс істедім. Ащыбұлаққа көшіп келген соң, қарттар үйінде көмек көрсете бастады. Ол жерге аптасына бір рет, екі-төрт сағатқа барамын. Көбінесе әжелерді шомылуға көмектесемін, кейде шаш қиямын. Менің тұрақты қамқорлығымдағы адам бар. Ол жас әйел, төсектен мүлдем тұрмайды, онымен аса ешкім жұмыс істемейді.

Тәлімгерім айтқандай, қарттар үйіндегі жұмыс жүректі жұмсартады. Әжелерге көмектескенде шыдамдылық танытасыз, оларды жақсы көріп, құшақтайсыз.
Отбасым менің уақытымды осында өткізгеніме сабырмен қарайды. Балалар бұл жайтты қалыпты қабылдады. Күйеуім шіркеуге барады, менің бұл жұмысқа келгеніме қатты қуанды, өзі де мұнда аталарды жуындыруға көмектесті.


Гүлжамиға Сыптанова, қарттар және мүгедектер үйінің әлеуметтік қызметкері:

– Мен балалар медбикесімін, реанимацияда жұмыс істедім, ал қазір зейнетке шығып, қарттар мен мүгедектер үйіне әлеуметтік қызметкер ретінде жұмысқа тұрдым. Бұл жұмысқа кездейсоқ келдім. Зейнетке шыққан соң, балабақшада істегем, ал пандемияда ол жабылып қалды. Содан кейін тағы да ауылдан жұмыс іздедім, әңгімелесуге бардым, қайтар жолда қарттар үйінің жанынан өттім. Бұрын оның бар екенін де білмеппін. Оларға медбикелер мен санитарлар қажет екендігі туралы хабарландыруды көрдім. Содан осында жұмыс істеп жүргеніме бесінші жыл болды.

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, мен үшін бағдарламада жаңа ештеңе болған жоқ – мейірбике ретінде күтімнің барлық әдістерін бұрынан білетінмін. Алайда, деменциямен ауыратын науқастармен қарым-қатынас құру жолдары мен үшін жаңалық болды. Бұл диагнозы бар адамдарда қазіргі уақытқа және болашаққа жауап беретін ми аймақтары өледі екен. Бұл процесті баяулатуға болады, бірақ толығымен емдеу мүмкін емес.


Қарттар және мүгедектер үйінің басшысы Татьяна Кравцова да «Миссия добро» бағдарламасынан алған әсерімен бөлісті.

«Әрине, оқыту пәні – бұл бағдарлама тыңдаушыларының күнделікті жұмысы. Олар ресми терминологияны білмей-ақ жаттықтырушылардың айтқанын автоматты түрде қолданады. Қатысушылар бағдарламаның арқасында кәсіби көкжиектерін кеңейткендерін атап өтті», – дейді Татьяна Николаевна.

Ол сондай-ақ бүгінде қарттар мен мүгедектер үйінде 64 адам тұратынын айтты. Олардың ең кішісі – 25, ең үлкені – 93 жаста. Жартысына жуығында деменцияның қандай да бір түрі бар.


Дәрігерлер мен медбикелер орындайтын медициналық тағайындаулардан бөлек, мекеме қарттар мен мүгедектердің бос уақытын және оңалуын барынша қамтамасыз етуге тырысады.

«Бізде гарденотерапия жеке бағдарламасы бар. Бақшамен айналысуға дағдыланған әжелер гүлдерге, жемісті бұталарға күтім жасай алады, жемістер егеді. Біз тек бұл жұмыстың режимін бақылаймыз: шамамен қамқорлығымыздағы барлық адамдардың гипертониясы бар, оларға ұзақ уақыт күннің астында жүруге болмайды», – деді Кравцова.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...