Екпе мен дін: Ата-аналар екпеден неге бас тартады? | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Екпе мен дін: Ата-аналар екпеден неге бас тартады?

827
4 минуты
Екпе мен дін: Ата-аналар екпеден неге бас тартады?
Мейіргүл Оңғарова

Вакцина мәселесі қоғамды қақ бөлді. Бірі екпе дұрыс десе, екіншісі «екпе зиян» деп дабыл қағуда.

Түбіріне үңілсек, алғашқы екпе XIX ғасырдың басында шешекке қарсы пайда болғанын аңғарамыз. Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 31 414 ата-ана екпеден бас тартқан. Көбіне ата-аналар діни наным-сеніміне сүйене отырып, екпеден бас тартады.

Талдап көрейік. Ислам, православие басқа да діндер екпе туралы не дейді?

Екпе туралы алғашқы ақпараттар 700-800 жылдары персид және үнді мәтіндерінде пайда болған. Екпе вариоляция әдісі арқылы жүрген: дені сау адамның терісіне шешекпен ауыратын адамнан алынған материалдың бір бөлігін енгізген. Осылайша қорғаныш пайда болып, аурудың жеңіл өтуіне жағдай жасалған. Вариоляцияны ислам ғалымы Әбу Бәкір Ар-Рази жүргізді.

Қазақстан аумағында өмір сүрген дәрігер әрі ботаник Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы қазақтар 15 ғасырда балаларын қалай еккенін былай деп сипаттайды: балаға сауығып келе жатқан адамның көйлегін кигізген, көйлек арқылы баланың ағзасына аурудың қалдықтары өткен. Осылайша балада иммунитет пайда болған.

Қазақ емшілері бұл жұмысты ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер 1796 жылы екпені ашқанға дейін 300 жыл бұрын ашты.


Ислам дініндегі екпе

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының есептеуінше, ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс. Ислам екпеге түбегейлі қарсы емес. Шейх Әбд әл-Азиз ибн Бааздың пәтуасына сүйенсек, осындай қорытынды шығаруға болады. Бұқарадан келген хадисте былай делінген:

«Кімде кім таң атысымен ажуаның 7 данасын жесе, сол күні оны ешбір у не сиқыр ала алмайды».

Ислам діні тазалыққа, денені таза ұстауға шақырады. Бес уақыт намазда бес рет адам жуынып, намазға таза күйінде тұрады.

Шейх Әбд әл-Азиз ибн Бааздың айтуынша, екпенің қосымша эффектісі өлімге әкелер ауруларға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Мысалы, баланы сүндеттеу туралы айтар болсақ, бұл үрдіс те болашақ ер жігіттің таза жүруі үшін жасалады. Алайда екінші тараптың пікірін де жоққа шығара алмаймыз. Екпенің құрамында нәжіс бар, ол «харам» деген пікір бар. Сол үшін де дінді ұстанатын жандар балаларына екпе салдыруға түбегейлі қарсы.

Ислам діні балық желатинін, балдырдан жасалған агар-агарды, жемістегі пектинді мойындайды. Жануарлардан алынатын желатинге келсек, екпеде ол тазартылып беріледі. ҚМДБ бұған байланысты бөлек пәтуа айтады. «Егер баламасы болмаса, құрамында тыйым салынған заттар бар екпені қолдануға рұқсат етіледі» — делінген. Егер препараттың зияны пайдасынан көп екені анықталса, ондай адамдарға екпе салынбайды.


Православие не дейді?

Ал православие бойынша екпе – аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алатын мықты құрал. Коронавирус уақытында екпе мәселесі бүкіл дін өкілінің арасында үлкен мәселеге айналды. «Екпе еккенде QR-код бірге егіледі екен» деген пікір тарады. Бұл пікірдің тарауы бекер емес. Иоанна Богословтың «Апокалипсисінде» ақыр заман туралы айтылған. Ал дін қызметшісі Виктор Никишовтың сөзінше, екпенің ақырзаманға ешқандай қатысы жоқ.

Православие адамның еркіндігін насихаттайды. Сондықтан да Христің сөзін арқау етіп, балаға екпе салмау – адасқанның ісі.
Никольский собордың протоиерейі Валерий Захаровтың сөзінше, денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығына сүйену керек.

2020 жылы «ауру геномның хромосомасы» бар препарат туралы видео тарады. Бұл да жалған ақпарат.
Статистика бойынша, ұрпақтар жасушасынан жасалған екпе 11 миллион адамның өмірін арашалап, 4,5 миллиард аурудың алдын алған.


Басқа діндер екпе туралы

Иудаизм дінінде адам өміріне қауіп төніп тұрғанда ештеңеге қарамау керек делінеді. Көптеген буддист екпені пайдалануға рұқсат береді.

Өзге елдердегідей Қазақстанда да ата-аналар екпеден негізсіз бас тартуда. Ешқандай дінде «екпеге рұқсат жоқ» деп нақты жазылмаған.


Источник -  globalnews.kz
  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также